«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік



Pdf көрінісі
бет116/196
Дата12.12.2022
өлшемі9,76 Mb.
#56604
түріБағдарламасы
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   196
Байланысты:
edu kk

Жеке нөмір беру
Жеке нөмірді беру ауыл шаруашылығы жануарларының түріне байланысты ке-
лесі тәсілдердің бірімен жүргізіледі:
1) 
сырғалау (тоғыз айлыққа дейін сойылмаған, ауыл шаруашылығы кәсіпорын-
дарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіліп-бағылатын және өнер-
кәсіптік өсіруге арналған ірі қара мал, ұсақ мал, түйелер, шошқалар және торайлар 
үшін);
2) 
таңба басу немесе чип салу (жылқылар үшін);
3) 
татуировка (тоғыз айлыққа дейін сойылмаған, ауыл шаруашылығы кәсіпо-
рындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіліп-бағылатын және өнер-
кәсіптік өсіруге арналған торайлар үшін).
Ауыл шаруашылығы жануарларына осы тармақта көрсетілген тәсілдермен жеке 
нөмір беруді жануарлардың иесі жүзеге асырады.
Ауыл шаруашылығы жануарларына ветеринарлық паспорт беру тәртібі
Ветеринарлық ұйымдардың ветеринар дәрігері ауыл шаруашылығы жануары-
на жеке нөмір берген сәттен бастап үш жұмыс күнінің ішінде жануардың иесіне 
ветеринарлық паспорт береді.
Ветеринарлық паспорт ауыл шаруашылығы жануарларына ұсақ малдарды, 
шош қаны қоспағанда жеке беріледі.
Паспорт нөмірі ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөміріне сәйкес ке-
леді.
Ветеринарлық паспортқа деректерді ветеринарлық ұйымның ветеринарлық 
дәрігерінің қолы қойылып, мөрмен бекітіледі.
Бұл ретте ауыл шаруашылығы жануарына жүргізілген ветеринариялық өңдеу-
лер және диагностикалық зерттеулер және ауыл шаруашылығы жануары туралы 
басқа да мәліметтер (ауыл шаруашылығы жануарларының жынысы, түсі, жасы, қо-
сымша белгілері) дерек қорға енгізіледі.
Ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңында (сою бойынша алаң), сою пун-
ктінде және етті қайта өндіру кәсіпорнында сойғаннан кейін сою алаңының (сою 
бойынша алаң), сою пунктері мен етті өңдеу кәсіпорындарының ветеринар дәрі-
герлері, ветеринарлық паспорттар мен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдей-


140
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
лендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) тиісті әкімшілік-аумақтың 
бірліктің жергілікті атқарушы органдары құрған ветеринарлық ұйымдарға тізімде-
ме бойынша береді, ал жеке тұтынуға арналған ауыл шаруашылығы жануарларын 
сойған кезде иелері тапсырады.
Ветеринарлық паспорттың үзінді көшірмесін алу керек болған жағдайда вете-
ринарлық ұйымның кеңсесі немесе www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порта-
лы арқылы және осы Қағидада көрсетілген 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 
ветеринарлық паспорттың үзінді көшірмесін алуға өтініш қабылданып, тиісті үзінді 
көшірме беріледі. 
Берілген модуль агробіліктілік саласында білімімізді жоғарылатуға мүмкіндік 
береді және болашақта материалдарды мал шаруашылығы мен өсімдік шаруа-
шылығымен айналысатындарға бизнес-жоспар әзірлеуде қолдануға болады. Келесі 
7-модульде бизнес-жоспарлау негіздерін қарастырамыз. 


141
7-МОДУЛЬ. БИЗНЕС-ЖОСПАРЛАУ НЕГІЗДЕРІ
7.1. Бизнес-жоспар туралы түсінік және оның түрлері
7.2. Бизнес-жоспардың құрылымы
7.3. Бизнес-жоспардың бөлімдері (маркетингілік, ұйымдастырушылық, 
өндірістік, қаржылық) 
7.1. БИЗНЕС-ЖОСПАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Еркін кәсіпкерлік бизнес-жоспардан баста-
лады.
Әрбір кәсіпкер өз қызметін бастай отырып, 
келешектегі қаржылық, материалдық, еңбек 
және зияткерлік ресурстарға қажеттілікті анық 
білуі керек, оларды алу көздерін, сонымен қа-
тар фирманың жұмысы барысында ресурстарды 
пайдалану тиімділігін дәл есептей білуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет