«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік


Бизнес-жоспар бірқатар талаптарға жауап беруі тиіс



Pdf көрінісі
бет119/196
Дата12.12.2022
өлшемі9,76 Mb.
#56604
түріБағдарламасы
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   196
Байланысты:
edu kk

Бизнес-жоспар бірқатар талаптарға жауап беруі тиіс:
• қысқа және нақты сөз тіркестерін пайдалана отырып, қарапайым және түсінік-
ті тілмен жазылуы тиіс;
• көлемі 20-25 машиналық беттен аспауы тиіс; 
• барлығын қамтитын, яғни жоба бойынша инвесторды қызықтыратын барлық 
ақпараттан тұруы керек;
• нақты деректерге және негізді ұсыныстарға сүйенуі тиіс;
• аяқталған сипатта болу, яғни алға қойылған мақсатқа қол жеткізу стратегия-
сынан тұруы керек;
• барлығы қамтылуы керек, яғни өндірістік, маркетингілік, ұйымдастырушылық, 
қаржылық қамтылуы;
• келешегі бар сипатта болуы керек, яғни даму динамикасын сақтай отырып, 
бизнес-жоспар негізінде әрі қарайғы жоспарларды әзірлеу мүмкіндігін қамтама-
сыз етуі керек;
• әзірленген бағдарламаларға түзетулер енгізу мүмкін болу үшін «икемді» бо-
луы керек;
• жұмыс кестесінің, бақылау мерзімдері мен көрсеткіштерінің нақты сипатта-
масымен байланысты бақылаушы сипаты болуы керек.


144
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
7.2. БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ 
Бизнес-жоспардың құрылымы мен мазмұны осы құжаттың жасалу мақсатына 
және қолдану саласына (өндірістік, сервистік, сауда және басқа компаниялар) қа-
рай икемделуі мүмкін. Қазіргі уақытта оны жасау стандарттарының бірнеше топ-
тары бар.
Солардың арасында ең кең таралған стандарттар:
• Тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы экономикалық реформалардың про-
цестерін жеделдетуге ықпал ететін бағдарламалар аясындағы Еуропалық 
Одақтың (TACIS);
• өнеркәсіптік даму бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының (UNIDO);
• аудиторлық, салық және кеңес беру қызметтерін көрсететін фирмалардың 
халықаралық желілерінің (KMPG);
• Еуропа Қайта құру және даму банкінің (ЕБРР) стандарттары.
UNIDO стандарты бойынша бизнес-жоспардың құрылымы мен мазмұны


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет