138
«БАСТАУ БИЗНЕС»
ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК
НЕГІЗДЕРІН
ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап
мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу сәтіне дейін – облыстың (республика-
лық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары айқындаған
өткізу мерзімдеріне сәйкес жүзеге
асырылады;
- ветеринарлық паспорттан үзінді көшерме беру – 30 (отыз) минут;
- сырға (сырғалар) жоғалған, бүлінген кезде (жеке нөмірін айқындау мүмкін емес)
қайталама мемлекеттік көрсетілетін қызмет малға жаңа жеке нөмір бере оты-
рып, көрсетілетін қызметті берушіге сырғалар келіп түскен күннен бастап 2 (екі)
жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
- ірі қара малдың сырғаларының біреуі жоғалған немесе бүлінген жағдайда көр-
сетілетін қызметті берушіге аспалы сырға телнұсқасы келіп түскен күннен бастап
2 (екі) жұмыс күні ішінде.
Чиптеуден басқа мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көр-
сетіледі.
Ауыл шаруашылығы малын бірдейлендіру қағидалары
Ауыл шаруашылығы малын бірдейлендіру қағидалары
Қазақстан Республи-
касы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №7-1/68 бұй-
рығымен бекітілді. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы
22 мамырда №11127 тіркелді.
Бірдейлендіруге Қазақстан Республикасы аумағындағы ауылшаруашылығы жа-
нуарлары жатады.
Достарыңызбен бөлісу: