«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік


Қарыздың мақсатты пайдаланылуы



Pdf көрінісі
бет122/196
Дата12.12.2022
өлшемі9,76 Mb.
#56604
түріБағдарламасы
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   196
Қарыздың мақсатты пайдаланылуы
Атауы
Саны
Бағасы, тг
Сома, тг
Сатып алатын ұрғашы сиырлардың 
саны
12
250 000
3 000 000
Сатып алатын бұқа саны
0
0
-
Жем-шөп және айналым құралдарын 
сатып алу
1
750 000
750 000
Барлығы
3 750 000
2. Өнімді сипаттау
Бұл бөлімде кәсіпорын ұсынып отырған өнімнің тұтынушылық қасиетіне қысқа-
ша сипаттама, сондай-ақ нарықтағы баламаларымен салыстырылған талдаудың 
нәтижелерін беру керек. 
Өнімді сипаттауға мыналар кіреді:
• Өнімнің атауы және оның ерекшеліктері;
• Функционалдық тағайындалуы және қолданылатын саласы (өнім қандай 
тұтынушыларға арналған);
• Өнімнің негізгі техникалық, эстетикалық және басқа да сипаттамасы;
• Өнімнің технологиялығы мен әмбебаптығының көрсеткіштері;
• Стандарттар мен нормативтерге сәйкестігі;
• Құндық сипаттамасы;
Соның ішінде патентті-лицензиялық қорғанысы, сауда белгісі, авторлық 
құқықтары мен өнімге қатысты зияткерлік меншік нысаны туралы басқа да ақпа-
рат қоса беріледі. Соңғы 5-10 жылдағы өндірілетін өнім туралы деректерді заттай 
және құндық көрсеткіштер түрінде, құрылымын кесте түрінде беру керек. Көр-
некілік үшін өніміңіздің суреттері не сызбалары қоса беріледі.
Мысалы, бизнес-жобадағы біздің мысал бойынша орындаушы қырдың қызыл сиы-
рының тұқымын сатып алады.
Қырдың қызыл сиыры саны жағынан Қазақстанда екінші орын алады. Негізі-
нен, Көкшетау, Қостанай және Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында өсіріледі. 
Сүт өнімділігі – 2000 кг-нан 4500 кг дейін, майлылығы 3,6-3,8%.
3. Маркетингілік жоспар
Бизнес-жоспар құрылымында маркетингілік жоспар ерекше орын алады, мұнда 
нарықты талдау, құн құру, тауарды ілгерілету, жарнама, тауардың әзірлеуден бастап 
оны іске асырғанға дейінгі барлық кезеңінің стратегиясы сипатталады. Бұл бөлімде 
кәсіпорынның нарықтық мүмкіндіктеріне баға беріледі. 
Маркетингілік жоспарда мыналар көрсетілуі керек:


148
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
1. Саланың сипаттамасы
2. Өнім нарығының сипаттамасы
3. Кәсіпорынның SWOT-талдауы
4. Шикізат, материалдар және өндірістің басқа да факторларын зерттеу және 
талдау 
5. Өнімді тұтынушылардың сипаттамасы
6. Өнімді өткізу бағдарламасы
7. Кәсіпорынның бәсекеге қабылеттілігі
Нарықты зерттеу нәтижелері ұзақмерзімді стратегияны және кәсіпорынның 
ағымдағы саясатын әзірлеу үшін база болып табылады және оның материалдық, 
адам және ақшалай ресурстарға қажеттілігін анықтайды. 
Бірінші бөлімі нарықтағы болып жатқан жағдайды сипаттауды көздейді: 
• Нарықтың құрылымы, 
• бәсекелестік, 
• басқа сол сияқты өнімді немесе оны алмастыратын өнімді жеткізушілер
• баға бойынша сұраныстың икемділігі, 
• нарықтың әлеуметтік-экономикалық үдерістерге реакциясы,
• өнімді бөлу каналдарының сипаттамасы, 
• тұтынудың өсу қарқыны және т.б.
Нарықтың негізгі сандық сипаттамасы нарықтың сыйымдылығы және кәсіпо-
рынның өніміне сұраныс болып табылады. Сұранысты анықтауға ағымдағы сұра-
ныстың көлемін және құрылымын бағалау және оның келешекте өзгеруі кіреді. 
Ағымдағы сұраныс белгілі бір нарықта қандай да бір уақыт аралығында (әдетте, 
3-5 жыл) белгілі бір баға бойынша сатылған өнімнің жалпы санымен айқындала-
ды. Ақпарат ағымдағы сұраныстың көлемі мен құрылымын, сондай-ақ түпкі көр-
сеткіштер бойынша нарықтың негізгі сегменттері, тұтынушылардың географиялық 
бөлінісі мен санаттары бойынша бағалауға мүмкіндік беруі керек. 
Кәсіпорын өнімін өткізудің болжанған нарығын сипаттағанда мыналарды көр-
сету керек:
• нарықта жұмыс істейтін негізгі кәсіпорындар;
• бәсекелестердің өнімі;
• болжанған нарықтар мен нарықтар сегменттерінің ерекшеленетін сипатта-
малары (өнімге деген қажетті сұраныс және демографиялық факторлар, геогра-
фиялық орналасуы, маусымдық тенденциялар ескерілген тұтынушылықты қанағат-
тандыру деңгейі);
• болжанған нарық көлемі: 
- сатып алушылардың жалпы саны, 
- өнімдер мен қызметтерді сатудың жылдық көлемі, 
- нарықтың күтілетін өсімінің көлемі;
• нарыққа ену (нарықтың үлесі, қамтылатын аумақ, енудің ауқымын негіздеу);
• негізгі көзделген нарықтардағы маңызды тенденциялар мен күтілетін 
өзгерістер;
• қосымша нарықтар және олардың негізгі сипаттамасы;
• әлеуетті сатып алушылармен байланыс орнату, олардың өнімді бағаның әр 
түрлі деңгейінде алуға дайындығы, сатып алушыларға ақпарат беру;


149
• әлеуетті клиенттердің өнімді сатып алу циклы, шешімді бағалау процесі, 
соңғы шешімді таңдау жауапкершілігі мен құқығы; 
• әкімшілер, сауда агенттері, инженерлер және т.б.;
• тапсырысты орналастыру сәті мен өнімді жеткізу сәтінің арасындағы уақыт 
(бастапқы тапсырыстар, қайталама тапсырыстар, өнімнің үлкен партиясын сатып 
алу).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет