156
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК
НЕГІЗДЕРІН
ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Тәуекелдерді талдау
№
Тәуекел түрі
Тәуекелдерді жою жолдары
1
Ірі қара мал аурулары
Уақытынан
бұрын вакцинациялау
2
Сатудың (өткізудің) азаюы
Сатып алушымен алдын ала шарт немесе мәміле
жасасу
3
Экономикалық дағдарыс
Жобаны диверсификациялау, сақтандыру
Қосымша
Бизнес-жоспардың қорытынды бөлімінде оны дайындау кезінде пайдала-
нылған құжаттар мен сілтеме жасалған дереккөздер келтірілген.
Әңгіме клиент-
терден және серіктестерден алынған хаттар, шарттар мен келісімшарттардың
көшірмелері, әртүрлі прейскуранттар, статистикалық шолулар, анықтамалар, зерт-
теу нәтижелері және т.б. туралы болып отыр.
Бұл модуль бизнес-жоспарды жазу әдістемесін, мұның құрылымын, негізгі бөлім-
дерін түсінуге мүмкіндік берді. Келесі «Қаржылық жоспарлау» 8-модулінде болашақ
жоба тиімділігінің қаржылық көрсеткіштері көрсетілген, қаржылық жоспарды жа-
сауды үйретуге тырысамыз.
157
8-МОДУЛЬ.
ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ
8.1. Қаржылық сауаттылық
8.2. Бизнес-жоспардың қаржылық моделінің негізгі ұғымдары
8.3. Бизнес-жоспардың
қаржылық бөлімі
8.4. Түсімдер жоспары, ақша қаражатының қозғалысының болжамы
8.5. Залалсыздық нүктесі және жоба табыстылығы
8.1.
ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ
Бизнестегі ең маңызды сөздер – ақша ағыны. Бай адамдардың бай болуы ақша
ағынын бақылауда ұстайтындығы, ал кедей адамдар осыны істей алмағандықтан,
кедей болады.
Қаржылық мәселелердің көбі ақша ағынын жеке
бақылай алмаушылықтан туындаған.
Роберт Кийосаки
Достарыңызбен бөлісу: