162
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
8.3. БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ БӨЛІМІ
Жаңадан іс бастаған кәсіпкерлердің көбі алғашқы айларда пайда таппайды.
Өткізуден (сатудан) қаражат түскенше біршама уақыт өтеді. Осы кезеңде бизнес
өте осал, сондықтан қаржылық жағдайды мұқият бақылау керек.
Жаңа іс бастап жатқан кезде екі шартты сақтау өте маңызды:
• сіз пайдалы жұмыс істеуіңіз керек;
• сіз қаражатсыз қалмауыңыз керек (кассалық жетіспеушілік болмауы тиіс).
Біраз уақыт шығынмен жұмыс істеуіңіз мүмкін, өйткені алғашында жұмсалған
шығыстарды жабу үшін бастапқы капиталдан айналым қаражатын пайдалана ала-
сыз, бірақ бастапқы капиталды пайдаланған соң өткізу (сату) көлемі шығыстардан
артуы тиіс, олай болмағанда сіз қаражатсыз қаласыз да банкротқа ұшырайсыз.
Бизнесіңізді бастар алдында пайда және қолма-қол ақша жиынының қозғалы-
сы бойынша жоспар құруыңыз керек. Бәрі жоспардағыдай болу үшін өткізу (сату)
көлемі мен шығыстарды, сонымен қатар ақша қаражатының қозғалысын мұқият
бақылау қажет. Егер ісіңіз жоспардағыдай болмай жатса, туындаған мәселені шешу
үшін шұғыл түрде әрекет ету керек.
Қаржылық жағдайды жоспарлау және бақылау үшін:
1. Табыстар және шығыстар жоспарын құру;
2. Ақша қаражаты қозғалысының жоспарын құру;
3. Ай сайынғы есеп бойынша жазбаларды екі жоспардың әрқайсысымен салыс-
тырып отыру;
4. Егер бастаған ісіңіз ойдағыдай болмай жатса, әрекет ету қажет.
Достарыңызбен бөлісу: