«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік



Pdf көрінісі
бет132/196
Дата12.12.2022
өлшемі9,76 Mb.
#56604
түріБағдарламасы
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   196
Өтелімділік мерзімі деп жобаның бастапқы сәтінен өтелген сәтіне дейінгі ке-
зеңнің ұзақтығын атаймыз. Ол таза ақша ағынын жинақтау арқылы алғашқы ин-
вестицияларды қайтару үшін қажетті кезең, яғни жиналған таза ақша ағынының 
шамасы оң болғандағы кезең болып белгіленеді. 
Таза ақша ағыны – (басқа атаулары – таза табыс (ТТ), Net Cash Flow, NCF) ка-
питалдың түсімі мен шығысына байланысты төлемдерден басқа (яғни меншікті 
капитал мен қарыз қаражатын есепке алмағанда), жобаның барлық төлемдерінің 
айырмашылығы ретінде есептеледі. 
Өтелімділік мерзімі деп жобаның бастапқы сәтінен өтелген сәтіне дейінгі ке-
зеңнің ұзақтығын атаймыз. Ол таза ақша ағынын жинақтау арқылы бастапқы ин-
вестицияларды қайтару үшін қажетті кезең, яғни жиналған таза ақша ағынының 
шамасы оң болғандағы кезең. 
Жоба тиімділігінің маңызды көрсеткіші 
таза дисконтталған табыс (басқа атау-
лары – таза дисконтталған табыс (ТДТ), интегралдық әсер, Net Present Cash Flow, 
NPV) болып табылады – есепті кезеңде жинақталған дисконтталған әсер ретінде 
анықталады. Дисконттаудың экономикалық мәні ақша қаражатының уақыттағы әр-
келкі құнында. Мысалы, бүгін өнімді жасауға жұмсалған мыңдаған теңге бір немесе 
екі жылдан кейін осы мыңдаған теңгеге тең келмейді. 
Осы көрсеткішті есептеу бастапқы инвестицияның шамасын (IC) болжанатын 
кезеңдегі ақша қаражаты түсімінің (пайданың) жалпы сомасымен салыстырумен 
негізделген. Ақша құны жыл сайын инфляция әсерінен түсіп жатқандықтан, түскен 
ақша қаражатын (пайданы) r мөлшерлемесі көмегімен дисконттау қажет. 
Осы дисконттау мөлшерлемесін инвестор өзі белгілейді. Бұның негізіне банктің 
депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемесін алуға болады.
Келтірілген таза әсерді келесі формула бойынша есептеу қажет: 
Мұнда:
Pn – жылдар бойынша алынатын ақша қаражаты (пайда); 
n – болжанатын кезеңдер;
r – дисконттау мөлшерлемесі;
IC – бастапқы инвестициялар.
NPV өлшемінің қисыны мынадай: 
егер NPV < 0, онда кәсіпкер шығынға ұшырайды; 
егер NPV = 0, онда инвестициялық жоба пайда да әкелмейді, залал да келтір-
мейді;
егер NPV > 0, онда инвестициялық жоба пайда әкеледі.


166
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Мысал: 
Мынадай сипаттамалары бар инвестициялық жобаны талдаңыз: бастапқы ин-
вестициялар – 150 млн. теңге. Пайда ретіндегі жыл сайынғы ақша түсімдері: бірін-
ші жылы – 50 млн. теңге; екінші жылы – 70 млн. теңге; үшінші жылы – 70 млн. теңге. 
Дисконттау мөлшерлемесі 10% деңгейінде белгіленген. 
Шешімі:
Формуланы (1) қолданайық:
NPV>0, демек, инвестициялық жоба тиімді болып табылады.
Оны жүзеге асырған кезде алынатын таза табыс 5,93 млн. теңгені құрайды. 
Табыстылықтың ішкі нормасы 
(Internal Rate of Return – IRR)
Инвестиция табыстылығының ішкі нормасы дегеніміз r дисконттау мөлшер-
лемесінің мәнін түсінеді, мұнда жоба NPV-сі нөлге тең. Басқаша айтқанда, егер 
IC=CF0 деп белгілесек, онда IRR теңдеуден табылады:
Табыстылықтың ішкі нормасын есептеудің маңызы мынада: IRR жобаның бол-
жалды табыстылығын көрсетеді. Егер жоба несие арқылы қаржыландырылып жат-
са, онда IRR мағынасы ең жоғары ұйғарынды банктің пайыздық мөлшерлемесін 
көрсетеді, оның артуы жобаны шығынды етеді.
Инвестициялар өтелімділігінің мерзімі 
(Payback Period – PP).
Өтелімділік мерзімі инвестиция алынған таза табыспен жабылған жылдар са-
нын тікелей санаумен есептеледі. 
РР өлшемінің қисыны мынада: бұл инвестициялардың толығымен өтелетін ке-
зеңдер санын көрсетеді. 
Мысалы:
Мынадай сипаттамалары бар инвестициялық жоба өтелімділігінің мерзімін 
анықтаңыз: бастапқы инвестициялар – 100 млн. теңге. Пайда ретіндегі жыл сай-
ынғы ақша түсімдері: бірінші жылы – 50 млн. теңге; екінші жылы – 50 млн. теңге; 
үшінші жылы – 70 млн. теңге. 
Шешімі:
түскен табыстар бастапқы инвестициялардан артпай тұрып, бұлардың қосын-
дысынан өтелімділік мерзімін табамыз. Сөйтіп 100 млн. теңгені біз 2 жылда қай-
тарамыз (50+50). PP = 2 жыл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет