«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік



Pdf көрінісі
бет137/196
Дата12.12.2022
өлшемі9,76 Mb.
#56604
түріБағдарламасы
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   196
Байланысты:
edu kk

Параметр
Мәні
Өнім бірлігінің параметрі
Тауардың өзіндік құны, теңге
35
Тауардың бағасы, теңге
75
Тұрақты шығыстарды есептеу
Тұрақты шығыстар, теңге
7500
Қызметкер
2500
Жалға алу 
4000
Жарнамаға кететін шығыстар
1000
Залалсыздық нүктесін есептеу
Сату көлемі, дана
188
Сату көлемі, теңге
14100
Формулаға қолда бар деректерді қойып, өндірістің көлемін нақты көріністе = 
7500 / (75-35) = 188 бірлікке тең екенін көреміз. Шыққан мәнді бағасына көбейт-
сек, біз түсім аламыз, демек жобамыз шығынсыз болады. 
Бизнес-жобаның негізгі қаржылық есептеулерін жүргізгеннен соң, салық режимін 
таңдау мен салық тәртібін сақтау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керек. Бұл 
туралы келесі «Салық режимдерінің ерекшеліктері» 9-модулінде танысуға болады.


172
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
9-МОДУЛЬ. САЛЫҚ РЕЖИМДЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
9.1. ЖК ретінде мемлекеттік тіркелу 
9.2. Салық міндеттемесі, салық түрлері мен бюджетке төленетін басқа да 
төлемдер түрлері, салық режимдері 
9.3. Шағын бизнес үшін арнаулы салық режимін қолдану ерекшеліктері 
9.4. Шаруа немесе фермер қожалықтары және ауыл шаруашылығы өнімін 
өндірушілер үшін арнаулы салық режимін қолдану ерекшеліктері
9.5. ЖК үшін жалпыға бірдей салық режиміні қолдану ерекшеліктері
9.6. ЖК қызметін уақытша тоқтату және қайта жалғастыру
9.1. ЖК РЕТІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕЛУ
Жеке кәсіпкер ретінде (бұдан әрі – ЖК) тіркелу үшін жеке тұлға e-license пор-
талы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі 
– Корпорация) арқылы электронды түрде ЖК қызметінің басталғандығы туралы 
хабарламаны тұрғылықты мекенжайы бойынша мемлекеттік кірістер органына 
ұсынады.
ЖК қызметінің басталғанын растайтын хабарламада берілген деректер өзгер-
ген жағдайда, міндетті түрде уәкілетті органға хабарлама жіберіледі. 
Мемлекеттiк органдардың келiсiмi бойынша мемлекеттiк тiркеу фактiсiн 
растайтын құжат 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап берiлмейді.
Жеке кәсіпкер ретінде тіркелгендігін Қазақстан Республикасының Қаржы ми-
нистрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің kgd.gov.kz ресми сайтында «Салық төлеу-
шілерді іздеу» бөліміндегі «Электрондық сервис» қосымшасынан немесе Салық 
төлеушілер кабинетінен көруге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет