«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік


Шаруа және фермер шаруашылықтары үшін АСР



Pdf көрінісі
бет145/196
Дата12.12.2022
өлшемі9,76 Mb.
#56604
түріБағдарламасы
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   196
Шаруа және фермер шаруашылықтары үшін АСР
• Бұл режим шаруа немесе фермерлік шаруашылықтарды (бұдан әрі – ферма 
немесе фермер қожалықтары) қолдануға құқылы, сонымен бірге бір мезгіл-
де келесі шарттарға сәйкес болғанда: осы АСР қамтитын қызметтің түрлерін 
ғана жүзеге асырады;
ҚҚС төлеуші емес
• Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің жиынтық ауданы ҚР СК 702-бабы 
2-тармағында көзделген шектен аспайды.
• Шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтар үшін АСР қолданатын 
салық төлеушілер бірыңғай жер салығын төлейді. Бірыңғай жер салығын 
есептеу үшін салық салу объектісі жер учаскесінің бағаланған құны болып 
табылады. Салық жер учаскелерінің жалпы аумағының негізінде Қазақстан 
Республикасы Салық кодексінің 704-бабында белгіленген мөлшерлемелер 
бойынша есептеледі.
Бірыңғай жер салығы
Жер учаскелерінің ауданы (гектар)
Салық мөлшерлемесі
1. 500-ге дейін
0,15%
2. 501-ден 1 000 қоса алғанда 
500 гектардан бағалау құнының 0,15% + 
500 гектардан асатын жер алаңынан бағалау 
құнының 0,3%
3. 1 001-ден 1 500 қоса алғанда
1000 гектардан бағалау құнының 0,3% 
+ 1000 гектардан асатын жер алаңынан 
бағалау құнының 0,45% 
4. 1 501-ден 3 000 қоса алғанда 
1500 гектардан бағалау құнының 0,45% 
+ 1500 гектардан асатын жер алаңынан 
бағалау құнының 0,6% 
5. 3 000-нан жоғары
3000 гектардан бағалау құнының 0,6% 
+ 3000 гектардан асатын жер алаңынан 
бағалау құнының 0,75% 
Шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтар үшін АСР қолданатын 
салық төлеушілер жеке табыс салығынан, әлеуметтік салықтан, қоршаған ортаға 
эмиссия үшін төлемнен, жер салығынан, көлікке салынатын салықтан, мүлікке са-
лынатын салықтан босатылады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Бірыңғай жер салығын төлеушілер 2018 жылдан бастап 
әлеуметтік салықтан босатылды. 2018 жылға дейін әлеуметтік салық сомасы әр 
қызметкер үшін, сондай-ақ шаруа немесе фермер шаруашылығының басшысы 
үшін 1 АЕК-тен 20% аударылып келді.


187
Бірыңғай жер салығы мен жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны 
үшін төлем төленеді: 1 қаңтардан бастап 1 қазанға дейін – осы жылдың 10 қара-
шасына дейін есептелген сомалар; 1 қазаннан бастап 31 желтоқсанға дейін – ке-
лесі жылдың 10 сәуіріне дейін есептелген сомалар. Өзге салықтар мен әлеуметтік 
аударымдар жалпыға белгіленген режимде төленеді (ҚР СК 705-бап 2-тармақ).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет