63
Бірінші Р-product – өнім деп аталады.
Оны біз тауар қасиеті деп айтамыз.
Екінші Р-price – баға деп аталады. Біз енді тек баға туралы әнгімелеп қоймай,
өнімнің
сапасына, құнына сәйкестігі туралы айтатын боламыз.
Үшінші Р – promotion – маркетингілік коммуникация. Маркетологтер және
жарнамашылар әрқайсысы өзінше талдайды. Осының салдарынан оқулықтарда да
солай жазылады. Маркетологтің көзқарасы бойынша маркетинг коммуникациясы
4-ке бөлінеді:
- жарнама;
- өткізуді
ынталандыру;
- паблик-рилейшенз (қоғаммен қарым-қатынас);
- мерчендайзинг.
Жарнама сұранысты қалыптастырумен айналысады және әлеуетті тұтынушымен
жұмыс жасайды. Әлеуетті және белсенді тұтынушы
дегенді кейінірек талқылай-
мыз. Өткізуді ынталандыру белсенді тұтынушылармен жұмыс жасап, сұраныстың
ауқымын кеңейтумен айналысады. Олар әртүрлі конкурстар, сыйлықтар, жеңілдік-
тер және т.б. Демек аттың алдына арба қоюға болмайды – сұранысты қалыптас-
тырмай, өткізуді ынталандыруға болмайды, өйткені сатылатын заттың құндылығы
анықталған жоқ. «Бізге келіңіздер, бізде арзан!» десек те, сатып алушылар келмей-
ді, өйткені сіз әлі ештеңе дәлелдеген жоқсыз, арзан деген сапасыз, нашар дегенді
білдіруі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: