Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Көркем еңбек» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы


-тарау. «Көркем еңбек» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері



бет2/5
Дата10.03.2023
өлшемі93,35 Kb.
#73221
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
2-тарау. «Көркем еңбек» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері



  1. «Көркем еңбек» пәнінің маңыздылығы: шынайы болмысты эстетикалық қабылдауды және еңбекқорлыққа тәрбиелеуді, адамның қоршаған әлеммен өзара байланысы жайлы білімді қалыптастырудың бірден-бір құралы болып табылады.

  2. «Көркем еңбек» пәні елестету мен бақылау қабілетін, кеңістіктік және және көру елесі қабілетін қамтамасыз ететін, әртүрлі шығармашылық әрекет барысында, көркем-технологиялық білімдерді, қабілеттер және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.Түрлі материалдармен жұмыс істеу оқушылардың технологиялық ойлауын, көркем-эстетикалық талғамын, шығармашылық, есте сақтау қабілеттерін, кеңістіктік қиялын, фантазиясы мен қол моторикасын дамытуға, көзбен нақты мөлшерлеу қабілетін жетілдіруге мүмкіндік береді.

  3. «Көркем еңбек» пәні оқу бағдарламасының мақсаты – жеке тұлғаның қалыптасуы және өз ойын білдіруінің негізі ретінде, рухани-адамгершілік мәдениетін дамыту, шығармашылық, кеңістіктік - образдық ойлауын, көркем-технологиялық білімнің негізін қалыптастыру.

  4. «Көркем еңбек» пәнінің міндеттері:

1) әртүрлі кіріктіру іс-әрекеттері арқылы, пәндік білімдерді, дығдыларды және қабілеттерді дамыту;
2) ұлттық және әлемдік материалдық мәдениет пен өнер шығармаларымен таныстыру арқылы құндылық бағыттарын қалыптастыру; 
3) оқушылардың визуалды және эстетикалық қабылдауын, сыни ойлауын дамытуға, терминдер мен түсініктерді меңгеріп өнердің түрлері мен жанрлары туралы білімді қолдану;
4) бақылау, жүргізу және көрсетілім жасау арқылы зерттеу дағдыларын дамыту;
5) әр түрлі материалдар мен құралдарды қолдану арқылы шығармашылықпен жұмыс жасау дағдыларын меңгеру;
6) өзін-өзі бағалауды жоғарылату және жағымды көзқарасты қалыптастыру;
7) коммуникацияның бір тілі ретінде ұлттық және әлемдік мәдениет мұраларының мағынасын, сонымен қатар, көркем еңбектің рөлін түсіну;
8) өз жұмысын жасау үшін, әртүрлі ақпарат түрлерін (іздеу, жинау, сұрыптау) бағдарлау қабілетін дамытуға ықпал жасайтын,әртүрлі танымдық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық және адамгершілік сипаттағы міндеттерді өздігінен шешу тәжірибелерін қалыптастыру;
9) ұжымдық, топтық және жеке жұмыстарды орындау процесінде қолдың моторикасын, сенсорикалық, қиялдауы мен шығармашылығын, елестетуін және қабылдауын дамыту.

  1. Оқу процесінде оқушылар:

1) ұлттық және әлемдік мәдениет шығармаларын,олар арқылы берілген идеялар мен құндылықтарды зерделейді және талдайды;
2) шығармашылық жұмысты жасау үшін материалдар мен құралдарды өз бетімен және сенімді қолданады, материал қасиеті мен жұмыс нәтижесінің ерекшелігі арасындағы байланысты түсіндіреді; 
3) өз идеясын түсіндіреді және тұжырымдайды, сонымен қатар, бұйымды жақсарту үшін конструктивті шешім қабылдауды ұсынады;
4) жазық және көлемді шығармашылық жұмыстарды жасау үшін, әртүрлі іс-әрекет түрлерінен жинақтаған білімі мен дағдысын қолданады;
5) әртүрлі ресурстарды пайдаланып, оның ішінде АКТ-ны қолдана отырып, танымдық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық және адамгершілік сипаттағы міндеттерге байланысты шешімдерді өздігінен қабылдау;
6) қажетті құралдар және материалдарды айқындап және тауып, өзінің әрекетін ұйымдастырады; 
7) өзінің және басқалардың жұмыс нәтижелерін салыстырады және бағалайды;
8) әртүрлі материалдар мен құралдарды қолданудағы техникалық қауіпсіздік ережесін сақтаудың маңыздылығын түсінеді және сезінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет