Бастауыш мектеп балаларының шығармашылық іс-әрекетін дамыту ерекшеліктері



бет2/26
Дата07.01.2022
өлшемі186,44 Kb.
#19758
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасындағы туындап жатқан әлеуметтік экономикалық өзгерістер еліміздің әлемдік білім деңгейіне енуі жағдайында жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес білім беру жүйесі мазмұны мен оқытудың әдістемелік жүйесін қайта қарау мәселесін талап еткен еді. Қазіргі таңдабілім беру жүйесінде білім мазмұнын жаңарту, жетілдіру мәселелері өзекті мәселелердің бірі болып саналады.

Білім мазмұнын жаңарту оқу материалының теориялық негіздерін жан-жақты терең қарастыруды талап етеді. Кезінде бастауыш білім жүйесінің өзгеріске ұшырауына Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, С.М.Языков, А.А.Люблинская т.б. ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесі себеп болған.

Дамыту кезінде балаларды біліммен қаруландыру, дағдыны меңгерту, білімге құштарлықты қатар жүргізу керек. Білім жоқ бала ойлай да алмайды. Дамыта оқыту барысында білім көлемі де күрделенуге, кеңеюге тиіс деп есептелген. Еліміздің егемендік алып қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мектепті қазіргі кездегі дағдарыстан шығатын қуатты талпыныстарға жол ашты. Білімнің айрықша басымдылық алуы қазіргі қоғамдық прогрестік заңдылықтарынан туындайды. Жаңаша білім құрылымы, негізгі әдістері, формалары, оқу құралдары дамыта оқытудың әдістемелік жүйелері сияқты маңызды мәселелер білім беру орталықтарының құнды құралы. Ғасырлар тоғысында өзінің жаңа даму жолы мен болмысын айқындап алған Қазақстан Республикасы ХХІ ғасырда болашақ буын ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің жаңа парадигмаларын қалыптастыруды алдыңғы кезектегі міндет етіп қойып отыр. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруге педагогдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Ал ғылым мен техниканың жедел дамыған мәліметтер ағыны күшейген ХХІ ғасырда жан-жақты дамыған шығармашылық жеке тұлғаны қалыптастыру оқытушының басты міндеті болып саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет