Бастауыш мектеп балаларының шығармашылық іс-әрекетін дамыту ерекшеліктері


Бастауыш мектеп балаларына білім беруде дамыта оқыту технологиясының теориялық негіздері



бет8/26
Дата07.01.2022
өлшемі186,44 Kb.
#19758
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
Байланысты:
диплом жұмысы № 4

Бастауыш мектеп балаларына білім беруде дамыта оқыту технологиясының теориялық негіздері.
Баланың физикалық дамуы генетикалық бағдарлама бойынша қаңқасының, бұлшықет көлемінің өсуі арқылы нақты, көрнекті жағдайда өтіп жатады.

Ал оның психикасының, жекелігінің дамуы ше? Сананың дамуы оқытудан ба, әлде әлеуметтік жағдайлардан ба? Не табиғи есеюден бе? Бұл сұрақтарға жауап адамның ішкі мүмкіндіктерінің шекарасын, сыртқы педагогикалық әсерлердің мақсат міндеттерін анықтайды.

Педагогика тарихында екі түрлі қарама-қайшы пікір орын алып келеді. Бірі жаратушының күштілігін, тұқым қуалаушылықты қуаттаса, екіншісі керісінше барлық нәтижені ортаның әсеріне жатқызады.

Қазіргі күнгі ғылым психикалық даму қоршаған ортаның санада сәулеленуіне, яғни танымдық тәжірибені және әрекетті меңгеруіне, меншіктенуіне байланысты деп қарайды. Бұл оқу, білім алу деген сөз.

Оқу адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.

«Даму ұғымы философиялық сөздікте»... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы», деп түсіндіріледі. Терістеу дамудың қозғаушы күші. Терістеу белгілі бір зат пен құылыстың қайшылықтарын ашу, олардың шешу жолдарын анықтау, жаңа сапаның болуына мүмкіндік туғызу. [8]

«Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы жаңару процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны білдіреді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Ғалымдардың зерттеулері баланың даму процесіне 3 түрлі күш пен 3 түрлі фактордың қатынасатындығын дәлелдейді. Олар:


  1. Биологиялық фактор.

Бұл ата-анадан ауысқан, туа бітті және өмір сүру барысында қабылданған дененің барлық мүшелерінің, оның барлық жүйесі құбылысының ерекшелігін білдіретін, бала организмінің ортамен қарым-қатынасының нәтижесі.

  1. Әлеуметтік фактор.

Бұл бала өмір сүретін орта, ең алдымен адамдардың ортасы. Бұл сондай-ақ баламен қарым-қатынас жасайтын адамдардың сипаттары, мінез-құлық және ақыл-ой бейнелері, олардың мүдделері мен пікірлері, істері мен сөздері, талаптары мен дағдылары, ұмтылыстары яғни бала өсіп дамитын рухани орта.

  1. Баланың өз белсенділігі.

Даму процесіне әсер ететін бұл үшінші күш болып саналады. Оқитын пән қандай да жаңа, бағалы болмасын, педагогтың шеберлігі қаншама жоғары болмасын, егер педагог баланың өз белсенділігін туғыза алмаса, оған ұсынылған іс пен еңбекте баланың әрекетке қатынасуы әрекет күткен нәтиже бермейді. Баланың организм ретінде дамуы мен жеке бас ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. [9]

Баланың даму процесі, оның қоғамның белсенді де пайдалы мүшесі, азамат ретінде қалыптасуы осы үш фактордың қалыптасуымен қамтамасыз етіледі. Ең бастысы осы факторлардың бірде-бірі, қандайда бір кемеліне келген болса да басқа екеуінен ерекшеленіп, жеке әсер ете алмайды. Барлық іс осы үш басты күштің өзара әрекет етуінде.

Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылымы жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С.Выготский болған. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.[4]


  1. Бала дамуының жақын аймағы баланың үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.

  2. Оқушы дамуының қол жеткен аймағы баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.

Бұл теория шеңберінде оқудың бала дамуындағы жетекші рөлі жөніндегі ереже өмірге келді.

«Педагогика бала дамуының кешегі емес, ертеңгі күніне бағытталуы керек... Білім беру тек дамудың алдында болғанда ғана пайдалы болмақ» - дейді Л.С.Выготский.

Оқыта отырып дамыту проблемасы Я.А.Коменский еңбектерінен бастау алады. Ол өзінің еңбектерінде баланың табиғи ерекшеліктері мен санасу керек екенін атап өтеді. Ол баланың жас ерекшелік кезеңдеріне сәйкес білім берудің әртүрлі басқыштарын белгілеген.

Бұл идея К.Д.Ушинский еңбектерінде тереңірек көрінеді. Ол психологиялық мәліметтер негізінде көптеген педагогикалық ережелер құрастырып, бастауыш сыныпта ана тілін оқыту әдісін жасап, оқулықтар жазды. Аталған теориялық негіздер нәтижесінде Л.В.Занковтың басшылығымен 1960-1990 жылдар арасында зерттеулер жүргізіліп, дамыта оқытудың тұжырымдамасы жасалды. Бұл тұжырымдама «екіліксіз қалай оқытуға болады», білімге деген қызығушылықты арттыру, баланы өз бетінше ізденуге үйрету сияқты педагогдерді толғандырып жүрген сұрақтарға жауап береді.

А.С.Макаренко баланың мінез-құлқы 5-жасқа дейін қалыптасады деп есептейді. Ал американдық психолог-ғалым Блюм 7-8 жасқа дейін өсіп келе жатқан баланың жеке қасиеттерінің 70 пайызға дейіні қалыптасып бітеді дейді. Міне, осы кез баланың білім алатын, білім алу арқылы дамитын кезеңі.

С.Л.Рубинштейн, Е.Н.Кабанова, Меллер өз зерттеулерінде оқыту дамудың негізі, алғы шарты екенін дәлелдейді.

И.Я.Лернер «даму» деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді.

Осы мәселе төңірегінде еңбектер жазған әртүрлі авторлар баланың дамуының белгілерін атап көрсетеді. Д.Н.Богоявленский және Н.А.Менчинская оқи алуды, яғни қысқа мерзімде жоғары үлгерімге жетуді, Н.Д.Левитов оқу материалын жылдам меңгеру, өз бетінше жаңа мысалдар құрастыру, негізгіні және көмекшіні анықтай білу, оқиға, құбылысқа дұрыс баға беру дағдысын жатқызады.

Л.В.Занков ақыл-ой дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай қорытындылай алу дағдысын есептейді.

Барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынады.

Дамыта оқыту идеясының ұзақ тарихы бар. Ерте кезден бастап-ақ, ойшылдар білім мен ақыл-ой тәрбиесінің ара қатынасын, олардың бала дамуына әсерін зерттей бастаған. Бізге белгілі алғашқы дидактиктардың бірі Квинтилиан мектеп алдына баланың қабілеттеріне, ақылының қасиеттеріне, мінез-құлық ерекшелктеріне сүйене отырып, оның ойының және тілінің дамуын қамтамасыз етуді қойған. [3]

И.Т.Песталоцци баланың ақыл-ойын, барлық қабілет-қасиеттерін дамыту идеясы мен арқауланған бастауышта оқыту әдістемесін жасауға әрекет етеді.

Дамыта оқыту ұлы неміс педагогы А.Дистервегтің әйгілі «Неміс педагогдерінің білім беру ісіне басшылық» (Руководство к образованию немецких учителей) атты еңбегінің де негізі болып табылады. «Дамыта оқыту деп ол баланың білім алуға әрекет етуін ұйымдастыратын оқытуды атаған. «Жаман» педагог ақиқатты өзі айтып береді, жақсы педагог баланың өзін ізденуге жетелейді» - деген.

«Дамыта оқыту» деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әр түрлі деңгейін, типтерін (Л.В.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн) және басқа да психиканың функциясын зерттеген (Б.Г.Ананьев, Г.С.Костюк, А.А.Люблинская, Н.А.Менчинская) және т.б., іс-әрекет теориясының психологиясын жасаған (А.Н.Леонтьев, П.Я.Галперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, ал екіншісін Л.В.Занков басқарған.

Жүйенің басты мақсаттарының бірі баланы оқыта отырып, жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.

Оқыта отырып дамыту мәселесіне арналған зерттеулер дәстүрлі оқытуға өзгерістер енгізуге ықпалын тигізеді. Қазір бұл жүйе дәстүрлі оқытумен қатар пайдаланылып келеді. Екі авторлар тобы да өз жүйелері бойынша оқу бағдарламарын, әдістемелік құралдар дайындап шығарды. Осылайша дамыта оқыту ғылыми теориядан практикалық іс-тәжірибеге батыл ене бастады.

Дамыта оқыту-дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр бала өзін-өзі өзгеруші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді.

Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайда түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей үш құрамдас бөліктерден тұратын болады:



  1. Оқу мақсаттарының қойылуы;

  2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру;

  3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу;

Бұл үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Бала алдына оқу жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Бала алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылай, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады.[11]

П.Жаманқұлова бастауыш мектептің негізгі мақсаты жалпы дамыту деді. Ал, жалпы даму деп байқампаздығын, ойлауын дамыту және практикалық іс-әрекетті меңгеруі қабылданады. Сондай-ақ ақыл, ерік-жігері, сезімдірінің дамуы алынады. Осы тұста мұндай көзқарасты ұлы Абай да уағыздап кеткендігіне тоқталған жөн. Қошаған ортаның шыңдығын мойындай отырып, Абай ақыл мен сана еңбек барысында қалыптасатындығын айтады. Ол адамның ішкі сезімді қуаттарын біртұтас етіп алады. Оның 17-ші сөзіндегі қайрат, ақыл, жүректің сөз таластыруында тек бірлесіп, ынтымақтасқан жағдайда ғана күш алатын түрлі жан құбылысын әдеби-публицистикалық тұрғыдан көрсеткенін байқаймыз. Бұдан бұл мәселенің ұлттық психологиямыз бен философиямызда да ежелден көтеріліп келе жатқандығын көруге болады.

Дамыта оқыту жүйесінің қағидаларын дұрыс түсініп, жүрегімен қабылдаған әрбір педагог өз сабақтарының дамытушылық функциясын өз бетінше-ақ арттыра алары сөзсіз деп есептейміз. [12]



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет