Бастауыш мектеп балаларының шығармашылық іс-әрекетін дамыту ерекшеліктері


Білім беруде дамыта оқыту технологиясын ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық мәселелері



бет9/26
Дата07.01.2022
өлшемі186,44 Kb.
#19758
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
Білім беруде дамыта оқыту технологиясын ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық мәселелері.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына арналған жолдауында «Жаңа тезнологиялық толқын жалына жармасып, теңдессіз инновациялар жасау барлық елдің қолынан келе бермейді. Біз осыны жете түсінуге тиіспіз», «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады. Олар балаларының экономика жағдайында жұмыс істеуге, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеруге, бейбіт, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» - деп көрсетілгендей-ақ, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш пен білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы – бүгінгі мектеп балалары. Бәріне бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап оқыту бүгінгі күннің өзекті мәселесі. [13]

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойып отырған басты міндеттемелердің бірі оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіру.

Еліміздегі тәуелсіздіктің әсері қоғам дамуының барлық салаларын қамтып, әлемдегі жаңа мазмұнды озық тәжірибелерге негізделген оқу-тәрбие үрдісінің қалыптасуына ықпал етті.

Әрбір өсіп келе жатқан ұрпаққа тәлім-тәрбие беру, олардың рухани жаңарып жандануына тірек те, тетік те болатын мектеп екендігі бәрімізге белгілі.

Сол себепті да балалардың ой-өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен сана-сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыруда тәрбие жүйесіндегі инновациялық іс-әрекеттердің ендірілуі үлкен жетістіктерге жетелеуде.

Бүгінгі ғылыми-техникалық прогрестің қарқындап дамуы кезінде өндірісті автоматтандыру, компьютерлендіру мәселесімен тығыз байланысты өркендетіп отырған өтпелі кезеңде мектеп балаларына ғылым негіздерін меңгеруде білімді әлемдік стандартқа жақындату, оқытудың мазмұны мен әдістерін жаңарту арқылы білім сапасын көтеру мемлекеттік мәселе болып отыр. Бұл мәселелерді ойдағыдай шешу мектептің материалдық базасына, оқу-әдістемелік құралдардың ғылыми-әдістемелік негізде жасалуына педагогдердің мұғалімдық еңбекті жаңа технологиялық тұрғыда ұйымдастыруына, сонымен бірге мектеп басшыларының педагогикалық бірлігіне, оқу-тәрбие үрдісінің бүгінгі күн талабына сай ұйымдастыра білуімізге байланысты болмақ. [2]

Қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде білім салаларында жүріп жатқан демократияландыру мектебі қазіргі кезеңдегі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты. Бастауыш мектеп балалары үшін «Әдеп әліппесі», «Елтану», «Экология элементтері», т.б. жаңа пәндердің оқытылып жатқаны жас ұрпақтың дүниетанымын қалыптастырып, білім мазмұнын жетілдіруде. Білім беру неғұрлым тереңдеген сайын оқу жоспарларын, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық прогресстің талаптарын, балалардың жас ерекшеліктерімен сәйкестендіру, яғни түбегейлі жақсарту міндеттері қойылды. Қазақ тілі ғылым саласының қай түрі болсын, терең бойлап, қанатын жая бастады. Халыққа білім беру оның ішінде, бастауыш және орта мектептегі оқу-тәрбие үрдісіне қойылатын талаптар күрделенді. [13]

Бастауыш сынып балаларының тілін дамыту күн тәртібінен еш уақытта түсіп көрген емес. Қазіргі таңдағы әлеуметтік жағдайларды ескере отырып, жеке тұлғаны қалыптастыруда білім мен тәрбие ұштасқан тұста ғана оқу үрдісі нәтижелі болады. Жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеуде ұлттық санасын оятып, тілін дамытып және білім беруді тиімді әдістеме мен жандандыра түсіп, дамыта оқыту керектігі туындап отыр. Балалардың тілін дамыту қазіргі оқу-тәрбие ісіндегі басты мәселе. Ол үшін педагог шығармашылықпен тілдік материалдарды дұрыс таңдай біліп, оны тиімді әдіспен беру жағын қарастыру қажет. Тіл дамыту жұмыстары тек ана тілі, қазақ тілі пәндері бойынша жүргізіліп қоймай барлық оқу пәндері бойынша да жан жақты ойластырылуы керек екендігі айтылып та, жазылып та жатыр. Тіл дамыту тіл дамытудың бір саласы түрінде өз алдына жеке сабақ түрінде өткізілуде. Бірақ арнайы пән енген жоқ. Бұл сабақтың мақсаты баланың тілін ұштау, сөйлеу мәдениетін және жазба тілін дамытумен қатар ой өрісін, дүниетанымын қалыптастыру. [14]

Ұлтын сүйген, бойында қазақы қаны бар, «Мен қазақпын» деген азамат тіліміздің қолданыс аясының кеңеюіне күш салып, қайтсек ана тілінің қуаттылығын арттырамыз деген сауалмен күй кешуде. Ол үшін мұғалім қауымы кейінгі жас толқынның бойына ұлтжандылықты сіңіріп, жерін, ұлтын, тілін сүюге тәрбиелеп, тер төгуі керек.

Бала дүниетанымының қалыптасуына адам, қоғам табиғат тірек болады. Ежелден тәрбие беретін би, шешен сөзін, халқымыздың даналық сөзін жаттап өскен жас ұрпақтың таным үрдісі дамиды. Халық шығармасын оқып, қабылдау нәтижесінде сана-сезімі оянады.

Бастауыш мектеп бағдарламасында жас балалардың ерекшелігіне байланысты тапсырмалар жаттығу жұмыстары берілген. Сол сияқты тіл дамыту жұмыстары мәтіндері оқу, оны мазмұндап айту, сұрақтарға жауап беру және шығарма, мазмұндама жаздыру арқылы жүзеге асырылады.

Тіл дамыту жұмыстары мынадай бағытта жүргізілсе:



  1. Педагог сабақты түсіндіру барысында баламен қарым-қатынас жасағанда әсерлі сөйлеп тыңдаушысын өзіне қаратып, баурап алуы, яғни тіл мәдинетінің өте жоғары болуы шарт.

  2. Баланың тілін дамыту үшін өзі қажет деген әдісті пайдаланса;

  3. Өтілетін мәтіндерді, орындалатын жаттығу жұмыстары, иллюстративтік материалдар қазақ баласының халықтық ұғымына таныс және жеңіл болуы;

  4. тіл дамытуда мақал-мәтелдер, мысалдар, өлең-жыр, қызықты әңгімелер, шешендік сөздер іріктеліп алынуы керек;

  5. Лексикалық жұмыстарды жиі жүргізу;

  6. Сөздік жұмысын жүргізу, жаңа сөздерді үйрете отырып, оны іс жүзінде қолдана білу;

  7. Фразеологизмдердің жеңіл түрімен сөйлемдер құрату және ауыз екі сөзде қолдана білу;

  8. Баланы әдеби тіліне ауызша сөйлетуге және жазбаша сауатты жазуға үйрету;

  9. Сауатты және түсініп оқуға үйрету;

Сонымен, қазақ тілі, ана тілі сабақтары бойынша жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарында жоғарыда айтылған ұсыныстары ескерілсе, бастауыш сынып балалары сауатты және түсініп оқуға дағдыланады.[15]

«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады», деген Абай сөзін ұмытпай, әр кез жадымызда сақтағанымыз дұрыс.

Жас ұрпақты өзінің ана тілінде еркін, мүдірмей сөйлетіп үйрету үшін оқыту әдістемесін жетілдіре түсу бүгінгі күннің аса маңызды мәселесі. Бүгінгі күннің тілек талабы тұрғысынан білім мазмұнын жаңарту, өмір талабына орай дамыта оқыту, оқытудың жаңаша әдіс тәсілдерін қолданып заман ағымына жауап беру педагогдерге жауапты істер жүктейді. Осындай мәнімен маңызды зор өзекті мәселелердің бірі бастауыш сынып балаларын сауатты және түсініп оқуға үйрету. Оқыту күрделі жаңа мазмұнды жүргізілсе, балалар ана тілінің қыр-сырын, ауызша сөйлеу тілін игерсе, тілі дамиды.

Балаға әдеби сөйлесу дағдыларын меңгертуде өлең мен әндер жаттату, мәтіндерді, диалогтарды тыңдату, сөз шеберлері, атақты сахна шеберлерінің орындалуында үн таспаға жазылған поэтикалық шығармаларды, көркем сөзді тыңдаудың ерекше мәні бар. Нақышына келтіріп, аса шеберлікпен оқылған поэзия мен көркем сөздің баурап алатын күші ерекше.[16]

Қазақстан Республикасы Гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында: «білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам жай зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен шығармашылықпен таным субъектісі, құдіретті мәдениет үлгілерін дүниеге әкелген әрі өзінің шығармашылыққа деген құлшынысымен балаларды баурап әкететін субъект ретінде», делінген. [17] Бұл айтылғандар оқытудың басты мақсаты балаларға дүние заңдылықтарын, фактілерін таныту дегенді аңғартады. Сабақ үрдісінде баланың шығармашылық белсенділігін арттыру жағын ойластыру керек. Халық даналығында әдеп, нақыл сөздер өте көп. Мысалы, «Бұлақ көрсең көзін аш», «Оқу өрге тартады, надандық жерге тартады», «Тіл ақылдың өлшемі», «Тілі жеткенше сөйлеген шешен, қолы жеткенше нұсқаған көсем» деген этикалық ережеге айналған даналық сөздердің тәрбиелік мәнін аша отырып оқыту бастауыш сынып балаларына тілге, ғылымға құрметпен қарауға үйретеді.

Бала тілін дамытатын өзінің қоршаған ортасы. Атап айтсақ, айналасындағы түрлі оқиғалар, жанұясы, оқыған кітабы, көрген спектакльдері мен кинолары баланың ойлау әрекетін дамытады және қорытынды жасай білуге бейімдейді. Ой дамыту тіл дамытумен ұштасады.

Баланың ойын жүйелі айта білуге, бір-бірімен тікелей қарым-қатынас жасауға дағдыландыруға ана тілі, қазақ тілі пәндерінің ролі айрықша. Баланың ауызша көбірек сөйлейтін сабақтары да осы аталған пәндер. Баланың сөйлеген сөзі, берген жауаптары бұл сабақтарда байқалып отырады. Бала тілін дамытып, қалыптастыруда өз ұлтымыздың ауыз екі шығармашылығының тигізер ықпалы зор. Халқымыздың ертегі, аңыз әңгімелері, мақал-мәтелдері, жұмбақ, жаңылтпаштары ойнақы, жеңіл тілмен беріледі. Тіл сабақтарында өтілетін тақырыпқа орай халықтық шығармалардағы (жұмбақ, өтірік өлең, аңыз әңгімелер т.б.) сөз өрнектері шәкірттер түсінігіне лайықты, тілге орамды жаттауға жеңіл болып келеді. Халықтық шығармалардың сан алуан түрлерін төменгі сынып балаларының жас ерекшеліктеріне сәйкес сұрыптап пайдалану, мән мағынасын түсіндіріп жатқа айтқызу баланың тіл әлеміне деген қызығушылығын артырады.

Сол себепті балаларға жас кезінен бастап халқымыздың ауыз әдебиетіндегі қызықты сюжетке құрылған ертегілерді, аңыздарды, т.б. мәнерлеп оқытып, өздеріне мазмұнын айтқызса, ойы да, тілі де дамиды.

Балаға жаңылтпаш үйретіп, оны айтқызу сөзді дұрыс сөйлеуге әдеттендіреді. Кейбір тілі келмей бұзып айтатын дыбыстарды анық айтуға жаттықтырады. Ал жұмбақ айтқызу баланы тапқырлыққа үйретіп, ойлау қабілетімен тілін ұштайды. [18]

Тіл дамытудың тиімді құралдарының бірі жаңылтпаш, жұмбақ айтқызып, оның шешімін тапқызу.

Балалардың ауыз екі сөйлеуі мен жауаптарындағы кемшіліктерін байқап, болдырмау жолдары үздіксіз жұмыс нәтижесінде жүзеге асады. Оқыған әдеби кітаптары мен көрген киноларын, тағы басқа оқиғаны өз сөзімен айтуға дағдыландыру тіл тәсілдерінің бірі. Тіл дамытуда мақал-мәтел мен фразеологиялық сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құрату тілге көрік береді. Халықтың қанатты сөздерін оқыту оның мағынасын түсіндіру жақсы әдетке үйретіп, жаман қылықтардан жирендіреді.

Атадан қалған асыл мұра біздің рухани байлығымыз. Соны игілігімізге жарата білсек болғаны.



Ана тілі сабағында тақырыпқа байланысты «Туған жер», «Білім», «Тіл» туралы даналық сөздерді кірістіріп, сөйлем құрастыру, өлең оқыту игілікті іс. Мысалы, «Ғылым ақылдың шамы», «Ана тілім дана тілім», «Тілі жеткенше сөйлеген шешен, қолы жеткенше нұсқаған көсем», «Тіл ақылдың өлшемі», т.б.

Мақал мәтелдерді пайдаланудың әдіс тәсілдері көп. Оларды сыныпта, сыныптан тыс оқуда белгілі бір тақырыпты оқыту мен бірге сөйкестендіріп алған ыңғайлы. [19]



Педагог осы іспетті жұмыс түрлері баланьщ ойын көрікті етіп айта білуге үйретіп мақал-мәтелдердің көркемдік ерекшелігін "Сөздің көркі мақал" екендігін танытады.

Шешендік сөздерді оқыту тілді дамыту. Шешендік өнер өткен өмірден сыр шертіп, тарих тынысын, сөз зергерлерінің өрнекті де өткір тілін үйретеді.

Орта ғасырларда өмір сүрген ғалым Жүсіп Баласағұн былай деген екен:

"... қалар мұра сөз кісіден кісіге,

Сөзді мұра тұтсаң, пайда ісіне,

(кісіден Мирас ата сөзі ғой,

Ата сөзі ұқсаң құттың көзі ғой)"

Тауып айтылған сөз. Ата-бабадан құт боп қалған тіліміздің тынысы тарылмай қанат жайса, бұл елдігіміздің белгісі.

Шешендік сөз жастарды оқуға, өнерге парасаттылыққа жөне сөз құдыретін қадірлеу білуге үндейді. Педагог шешендік сөзді оқытуда туған тілден сұлу сөзді теру үлгісін көрсетеді. Би шешендердің өмірін, шешендік өнерін оқыту көркем сөздің қасиетін тану. Бұл тіл мәдениетінің өсуіне, ұлттық сананың оянуына септігін тигізеді. Ұлттық сананы ояту және тілін дамытудың кілті, асыл қазынамыз халық даналығында. Шешендік сөздерде халқымыздың ұлылығы, сөз саптауы, тұрмысы мен салты бейнеленген. Мысалы, Төле бидің Түлкі есімді жігіттің сұрақтарына берген жауаптарынан аталы сөздің асқар таудай айбынын танисың. Бөлтірік Шешен мен Шақпақ Жәнібектің шешендік сөздерінен сылдырап аққан сұлу сөзді сүзіп ал да, жас ұрпақтың құлағына құйып, көкірегіне ұялат. Абайдың шешендігі өзінің атақты «Сегіз аяқ» атты өлеңінде тіл өнерін «Толауы тоқсан тоты құсқа», «Білгенге маржан» деп інжу-маржанға теңейді. Інжу-маржан судан оңайлықпен сүзілмейді. Өнегелі сөзді өмір бойы ыждаһаттылықпен үйренуді меңзейді. Сонымен, тілді үйретуші мұғалім асыл сөзді сөз сайысына түскен шешендерден, сөз зергерлері ақындардан іздеуі керек.

Күміс көмей, жез таңдай шешендердің билік айтып, бітістірген сөздерін оқытып, оны бала зердесіне тоқытып, тілдің сиқырлы сырына үңілту арқылы тіл тағылымын үйретуге болады.

Ұлттық сана мен дүниетаным, тәрбиенің тылсым күші ұлылар айтқан ұлағатты сөздерде. Ұлттық сана тілі шыққан сәбидің ана тілінде алғаш «Ата», «Әже», «Ана» сынды сөздерінен бастау алады.

Сонымен бастауыш мектептің ана тілі пәндерінің сабақ жоспарына шешендік сөздерді енгізіп, оқытсақ және оған кеңірек орын сағат берілсе, тіл мәдениеті мен тілдің дамуына сауатты және түсініп оқуға үйретудің ықпалы тиер еді.

Өткен ғасырларда қазақтың кең сахарасының қонағы болған поляк публицисі А.Янушкевич қазақ көшпенділерін «Дала демосфендері» деп айтқан болатын. Бұл сөз текке айтылмаған. Аталарымыз тоқтап тарих сахнасынан көрінген.

Бүгінгі мұғалім қауымы да тіл дамытудың әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, шәкірттеріне тіл маржанын тергізеді. Әлі-ақ XXI ғасырдың Демосфені, Цицерондары қанатын қатайтып, биікке самғайды. Сонда біздің тіліміз төрткүл дүниеге танылар. Ол үшін тіл дамыту сабақтарын шығармашылықпен жүргізіп туған тілден сырлы сазды табайық. Тілді дамытып оқытуды өне бойы өмір серік етіп алғанымыз жөн.[20]

Ана тілінің дамуы, алға басуы оның мектебі, әсіресе, оқу пәні. Ресми мекемелер мен ғылым саласының қазақ тілінде сөйлеуі.

Халықтың эссе саз өрнектері тілге орамды келеді. Халықтық шығармалардың түрлері балалардың жас ерекшеліктеріне қарай іріктеліп пайдаланылса, баланың тілді үйренуі, оған қызығуы артады. Жасөспірімдердің тілінің дамуына отбасының ықпалы да көп тиеді. Сол себепті балаға шыр етіп жерге түскен сәтінен бастап бесік жырын айтып, ән тыңдату, яғни ана әлдиін құлағына сіңіру, өсе келе жаңылтпаш, жұмбақ, шағын өлеңдерді жатқа айтқызып, сөз ұйқастарын танытып, үнемі осы сияқты игі істерді отбасынан бастап құлағына құйып отырса, оның ойы да, тілі де дамиды. [29]

Тілді дамытуда сауатты және түсініп оқуға ертегілердің атқаратын ролі өте зор. Ертегі тілінің көркемдігі жөне оқиғаларының қызғылықты баяндалуы баланы еріксіз өзіне тартып, баурап алады. Ертігілерді баланың оқуы не тыңдауы, мазмұнын қайталап айтып беруі сөздік қорын молайтады, байланыстырып сөйлеу тілін дамытып, қиялдауға мүмкіндіктер туғызады. Ертегі сюжетіне қатысты түрлі-түсті суреттерді пайдалану арқылы әңгімелесе баланың эстетикалық талғамы мен танымдылық өрекетіне қозғалыс алады.

Тілді үйретіп, дамытуға қатысты Ахмет Байтұрсынұлы төмендегідей тиімді тәсілдер мен қағидаларды ұсынған:

1. Балаға арналған материалдар аса түсінікті болуы шарт.

2. Мәтін, көрнекілік, иллюстративтік материалдар қазақ баласының ұғымына таныс және жақын болуы керек.

3. Тілді оқытуда мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, мысалдар, өлең - жырлар, қызық әңгімелер маңызды орын алуы қажет.

4. Тілді оқытуда тіл ұстартуға, көркем сөзге де ден қойғаны дұрыс.

Ахмет Байтұрсынұлы тілді дамытуда тиімді деген әдіс-тәсілдердің әр түрін ұсынған. Әдіскер - ғалым Ахмет Байтұрсынұлының қағидаларымен тиімді тәсілдерін кәдеге жаратып, жас ұрпаққа тіл нақыштары мен сөйлеу мәнерін үйрете білсек, ойы озық болып, тілі дамиды, сөздік қоры байи түседі. [22]

Өмір сүру үшін дүние-мүлік жинағанша білімді меңгерудің анағұрлым маңызды екендігі жайында ғұлама бабаларымыз Әл-Фараби, Қ.А.Иассауи, М.Дулати,Ж.Баласағұни т.б. өнегелі өсиет қалдырғаны аян. Ұлы ойшылдар, ағартушы-педагогтар Я.А.Каменский, И.Г.Песталоцций, Ж.Ж.Руссо, А.Дистерберг, Ы.Алтынсарин, К.Д.Ушинский т.б. оқыту арқылы балалардың ақыл-ой қабілеттерін, дербестігін дамытуға көңіл бөлу керектігін айтқан болса, оқыту үрдісінің ерекшеліктері мен ұстанымдары, оқыту әдістері мен құралдары туралы М.А.Данилов, Б.Н.Есипов, М.Н.Скаткин, Ю.К.Бабанский, В.Оконь, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов кейінгі жылдары Т.Сабыров, Ж.Қоянбаев өз еңбектерінде талқылаған. Психолог А.С.Выготский "Мектепте оқуға даярлау балалардың алған білім, дағды, біліктерін ауқымынан зор, ақыл-ой үрдісінің сапасына көбірек тәуелді болады. Мұндай сапаға қол жеткізудің аса маңызды жақтарының бірі – балалардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыру".

Оқыту процесі терең, берік және дәл білім алу таным жолындағы балалардың қимылына байланысты. Оқыту процесі бұл педагог мен балалардың мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуінің барысында шәкірттерге білім беру міндеттерін шешу. Оқыту процесі тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі.

Оқыту процесінде балалардың ақыл-ойы дамиды, танымы, белсенділігі практикалық іскерлігі және дағдысы қалыптасады. Оқыту процесін басқару үшін оның жүйесін, құрылымын, бөліктерін және заңдылықтарын, олардың өзара байланысын жете білу керек. Оқыту процесі жүйе ретінде қарастырылады, ол өзінің белгілі құрылымы жөне бөліктермен сипатталады. Олар:


  1. Ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі
    (білім беру мазмұны);

  2. Педагог оның өмірге, ғылымға көзқарасы және
    балалармен қарым - қатынасы (сабақ беру);

  3. Балалар, сынып ұжымы (оқу іс - әрекеті);

  4. Оқыту әдістері;

  5. Оқытудың материалдық құралдары: дидактикалық және оқытудың техникалық құралдары;

  6. Оқыту нәтижелері (сауатты және түсініп оқуға үйрету).

Білім адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне айналдыру үшін, оның ойлау операциясы талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу және жинақтау арқылы терең ұғыну қажет. Бала ойлау операциясына сүйене отырып, өз білімін шындыққа айналдырады. Бұл дамытып оқытудың негізгі ережесі, яғни балалардың белсенділік іс-әрекетін дамыту, оларды өз бетімен ізденуге, зерттей білуге және жаңа білімді еркін игеруге үйрету.

Іскерлік алған білім негізінде балалардың практикалық әрекеті іске асырылады. Білімсіз қандай болса да іскерлік мүмкін емес. Мысалы, сауатты, түсініп оқуға үйрету үшін грамматикалық ережелерді білу керек. Өлшеу сызғышын, секундомерді пайдалану үшін физика біліміне сүйену қажет. [20]

Дағды бұл қайта-қайта орындалатын практикалық әрекетке машық-тандыру мысалы тез оқу дағдысы жүйелі түрде жаттығу нәтижесі.

Сонымен, оқу процесінде білімнің, іекерліктің және дағдының өзара байланысы, бірлігі балалардың шығармашылық қабілетінің (зейін, байқағыштық, ес,қиял, ойлау) дамуына мүмкіндік туғызады. Оқу екі жақты процесс, онда педагог мен балалардың ынтымақтастық іс-әрекеттерімен тәсілдеріне үйретеді. Бұл сабақ беру процесі. Балалар сабақта түрлі іс-әрекеттерінің барысында дамиды, олардың ғылыми көзқарастары қалыптасады. Бұл оқу процесі. Оқу - бұл балалар іс-өрекеттерінің яғни обьективтік әлемді танудың ерекше формасы.[21]

Оқыту процесінің қозғаушы күштері оқытудың барысында қойылатын танымдық белсенділік және іс-әрекет практикалық міндеттермен балалардың нақты мен іскерлік дәрежесі және ақыл-ой дамуының арасындағы қайшылық. Егер қойылған міндеттерді балалардың шешуге шамасы келмесе, онда қайшылық оқытудың және дамудың қозғаушы күштері бола алмайды. Қайшылық қозғаушы күштері ретінде пайда болу үшін қажетті шарт, ол балалардың ықтимал мүмкіндіктеріне сөйкес келуі қажет.

Оқыту процесінің өзіне тән функциялары бар. Олар оқытудың білім беру, оқытудың тәрбиелік, оқытудың дамыту функциялары.

Оқытудың тәрбиелік функциясы оқытудың тәрбиелік ықпалы жайындағы идея Я.А.Каменскийдің И.Ф.Гербарттың, Ф.А.Дистервегтің, Н.И.Пироговтың, К.Д.Ушинскиийдің еңбектерінде мазмұндалған.

И.Ф.Гербарт оқыту адамгершілік тәрбиеліксіз, мақсатсыз құрал деп тұжырымдады. Н.И.Пирогов пен К.Д.Ушинский алғаш рет педагогика тарихында оқытудың тәрбиелік сипатын, оның ғылыми мазмұнына тәуелді деді.

К.Д.Ушинскийдің педагогикалық теориясында оқыту және оқу төрбиенің құдіретті құралы деп айтылған. Тәрбиелей отырып, Ушинскийдің айтуы бойынша, дамытып оқыту, яғни адамның байқағыштығын, ақыл, есін, қиялын дамытып, оны әлеуметтік және еңбек іс-әрекетіне дайындау.

Тәрбиелей отырып оқыту, ғылыми теориялармен ережелермен балалардың дүниетанымын мен сеніміне айналуын сипаттайды, моральдық нормаларды, мінез-құлықты игеруін қамтамасыз етуге әсер етеді. Оқу білім алуға тәрбиелейді, ақыл-ой қабілетін дамытады, адамгершілік қасиетін қалыптастырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет