Бастауыш мектеп балаларының шығармашылық іс-әрекетін дамыту ерекшеліктері


БАСТАУЫШ МЕКТЕП БАЛАЛАРЫНА БІЛІМ БЕРУДЕ ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ



бет14/26
Дата07.01.2022
өлшемі186,44 Kb.
#19758
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26
Байланысты:
диплом жұмысы № 4

БАСТАУЫШ МЕКТЕП БАЛАЛАРЫНА БІЛІМ БЕРУДЕ ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Бастауыш мектеп оқу процесінде дамыта оқытуды жүзеге асырудың жолдары.
Бастауыш мектеп баласының жеке тұлғасын қалыптастыру, оның рухани әлемін байыту, сабаққа ынта-жігерін арттыру, жеке дағдылығын дамыту бүгінгі таңдағы негізгі мәселелердің бірі.

Өйткені, қазіргі кезеңдегі қоғамның жедел дамуы ғылым мен техниканың дамуымен байланысты болса, ал болашақта ғылым мен техниканы, өндірісті дамытатын бүгінгі мектеп балалары. Сол себепті мектеп балалары үлкен жауапкершілік пен білімдарлықты қажет етеді. Балалардың өз-өзіне сенімін арттыру, олардың шығармашылығын дамыту, олардың шығармашылығын дамыту, өтілетін сабақтың оқу-материалын терең ұғына білуге баулу педагогің педагогикалық шеберлігіне де байланысты.

Педагогтың әрбір өтілетін сабағы қазіргі кездегі оқыту талаптарына сай болып келуі қажет. Бұл айтылған талаптармен бірге педагогтың күнделікті өтілетін әрбір сабағы ғылыми түрде негізделіп, оның тәлім-тәрбиелік мәні жан-жақты ашылуы тиіс. [41]

Осы талаптардың орынды атқарылуында ғана балада шығармашылық қабілет дами түсіп, баланың оқуға білімге деген құштарлығы дамып отырады. Бала құлшынысын ұдайы дамытып әрбір өтетін сабағын жаңаша ұйымдастыра біліп, оқытудың озық әдіс-тәсілдерін қолдана білгенде ғана бастауыш сынып балаларының шығармашылық қабілеттері дами түседі.

Пән педагогдері бұл айтылған талаптарды іске асыра алуы үшін оның ізденімпаз болуы шарт. Демек, педагог мен баланың арасындағы оқыту үрдісінің іс-әрекеттері арқылы балада шығармашылық қабілеттер дами түседі.

Бұндай кездерде өтілетін жаңа негізгі үш мақсаты (білімділік, тәрбиелік, дамытушылық) толық шешімін таба білгенде ғана іске асырылып отырылады. Осы жағдайда педагог балалардың сабаққа деген беленділігін арттырумен бірге, сабаққа қызығушылығын арттыра білуі керек. Педагог Өзінің сабағын шығармашылықпен ұйымдастырып, өтілетін сабақтары балаларды шығармашылққа ұмтылуын тудыратындай сұрақтар қамтылып өтілуі тиіс. Педагог өтілетін сабақтың тақырыбына сәйкес алдын-ала жоспарланған сұрақтармен бала ынтасын, зейінін, ой-қиялын дамытуға септігін тигізетіндей болуы керек. Олай болса, өтілетін сабақтарда тапсырмалардың жауабын табуда, орындауда, қойылған сұрақтарға жауабын беруде «Ой таласын» жасау, танымдық ойындар ұйымдастыру т.б. ұтымды оқытудың жаңа технология түрлерімен іске асырылып отырған жағдайда сабақ тартымды өтілетіні белгілі.

Кез келген бала санасына асыл қасиеттерді сіңіру үшін білім нәрімен сусындатуымыз қажет. Біліммен бірге шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін оқу-тәрбие үрдісінде басым бағыттарды ұстанғанымыз абзал.

Бірлескен жұмыс түрлеріне шығармашылық, білімді демократияландыру және ізгілендіру, оқыту сапасын арттыру, басқару тиімділігін жетілдіру, балалардың дамуына бақылау жасау жатады.

Бала шығармашашылығы үнемі сынып ұжымы, ата-аналар тарапынан қолдау тауып отыруы керек. Педагогтың ең үлкен міндеті шығармашылық бағыт-бағдар беріп отыруы. Шығармашылықпен айналысуы үшін жеке дара бала емес, сыныптың, мектептің бүкіл балалары ойласу үшін мүмкіндік туғызу, өзара шығармашылық ахуал орнату қажет.

Педагог бала үшін тек мұғалім ғана емес, сенімді досы болмағы ләзім. Егер педагог шығармашылықпен айналысатын болса, балалармен пікір алмасатыны заңды. Шығармашалықты тежейтін үш нәрсе бар: біріншісі «сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан еш нәрсе келмейді» - өзіне-өзі тым риза болмаушылық сезімі, үшіншісі жалқаулық.[42]

Баланың шығармашылқпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай туғызу керек. Шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, саналы түрде қалыптастырып отыруға тиіспіз. Баланы шығармашылыққа баулу үшін педагог көркемдік өлшемдер мен өзі де қарулануы керек. Кез келген жұмыстың механизмін түсінбейтін педагог баланы үйретіп баулымақ түгілі бала жасаған дүниеге нақты, әділ бағасын беріп, көркемдік дәрежесін тани да алмайды.

Баланың пәнге қызығуын арттыру мақсатында сабақта мәселелік жағдай туғызып отыру да маңызды. Мәселенің шешімін табу арқылы баланың ойлау қабілеті нығайып, кез келген мәселені шешуге үйренеді.

Ұлы неміс педагогі А.Дистервергтің «Жаман педагог ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы педагог баланың өзін ізденуге жетелейді, ойға үйретеді» дегені мәлім. Сол себепті да ойлауға үйрететін сабақты дамыта оқыту сабақтары деп білеміз. Бұл педагог пен бала арасындағы қарым-қатынас. Педагог бұл жағдайларда танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйтқысы болатындықтан, баланың шығармашылығын артырады. [33]

Сабақта жақсы оқитын балалармен ғана белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылса, әр баланың оқуға деген қызығуы артатыны даусыз. [43]

Әр баланың табиғаты әртүрлі, бірінің есте сақтау қабілеті зор болса, екіншісінің ойлау, ал үшіншісінің елестету қабілеті дамыған. Дамыта оқыту жүйесінде оқытудың барлық кешенді мақсаттары мен шешімдері бала дамуына бағытталады. Соның нәтижесінде барлық бала ойлауға, ізденуге, қорытындылауға мүмкіндік алып, өз деңгейінде нәтижелерге жетеді.

Тапсырма алған балалар ізденуді бастайды. Бірі таблицадан тыс жолмен көбейтеді, екіншілері бірліктерінен бастап көбейтеді, ал үшіншілері қосу амалы арқылы табуға тырысады. Міне, нағыз шығармашылық, содан соң педагогтың басшылығымен қай жол жеңіл, ыңғайлы екенін дәлелдеп, жұмыс қорытындыланады.

Дәстүрлі сабақ беру әдісімізде сұрақ-жауап әдісі көп қолданылады. Көп жағдайда қойылған сұрақгар өте жеңіл болып жатады. Мысалы: Мына дыбыс дауысты ма? Дауыссыз ба? Немесе әңгіменің кейіпкері не істеді? Қайда барды? Қайдан келді? Сияқгы болып келеді. Бұл сұрақгар баланы ойландырмайды, тек естеріне түсіруді талап етеді. Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақгарда сұрақ қоюға үлкен мән беріледі. Әрбір окушы ақылын, ойын дамытуға лайықталып беріледі. Мысалы: "Мына дыбыс туралы не білесіңдер?", "Оқыған әңгімедегі оқиға туралы өз ойларыңды айтыңдар", т.б. Окушы жауап бергенде де "Менің ойымша", "Мен мынаны қосқым келеді", "Мен келіспеймін" деп жауап беруі керек, солай талап еткен дұрыс. Бұл балаларды бірін-бірі толықтыруға, сыйлауға, түзетуге үйретеді. Күнделікті сабағымызда, сыныптан тыс жұмыстарда, топсеруендер кезінде баланың ішкі сезімдеріне әсер ету, көру арқылы байқағыштық қабілетін дамытуға көңіл бөле бермейміз.



Байқау  қоршаған ортамен байланысу деген сөз. Ал, ортаны білу, тану көп жағдайда үстірт болып жатады. Мысалы: табиғат туралы оның тек бала өзі көріп, біліп жүрген тек сыртқы белгілерін ғана сөз етеміз, құстар туралы да тек олардың суреттерін көрсетіп, аттарын атаумен шектеліп келдік. Осындай мысалдарды көптеп келтіруге болады.

Бағдарламадан тыс ешнәрсе айтуға болмайтын еді. Бұл баланың жүгін ауырлату деп есептелінді.

Бірақ бүгінгі күні біздің алдымызда отырған баланы осыдан 10 тіпті 5 жылғы баламен салыстыруға болмайды. Бүгінгі бала өмірдің өзінен көп білім алып келеді, радио, теледидар басқа да ақпарат құралдары кеңінен жұмыс істеп мағлұматтар нөпірі ағылуда. Осындай кезеңде біз сабағымызды қарапайым, жеңіл-желпі біліммен шектелсе, баланың рухани күші төмендеп, даму саябырлайды. Ендеше баланың ішкі мүмкіндіктерін ескере отырьш, оның ойлау қабілетін арттырып, адамгершілік, көркемдік сезімдерін, басқа да қасиеттерін, байқағыштығын дамытуға бағытталған тапсырмалар ұйымдастыру педагогнен үлкен шығармашылықты талап етеді.

Байқағыштық деген не? Затты (суретті), көріністі қарауда негізгі нәрсе-қабылдау. Сол себепті көрген нәрсенің әрбір ерекшелігін байқауға үйрету керек. Өмірде қарап тұрып, ешнәрсе көрмейтін адамдар бар.

Мұндай кемшілік олардың рухани дүниесінің кедейленуіне әкеп соғады, көп жағдайда ұгылыста қалдырады. Ақын мен ғалым суреткерлердің байқағыштық қабілетінің жоғары болуы тектен тек емес. Чарльз Дарвин өз өмірбаянында "Мен ойжүректігіммен, ұшқырлықпен емес кейбір адамдар байқамай қалатын, назардан тыс қалатын нәрселерді көріп, талдай алуыммен ерекшеленемін деп ойлаймын" деп жазған екен. Ал байқамаудан жіберілетін қате қаншама. Математика сабағында көп қате ұқыпсыздықган, жеке назар аудармаудан кетіп жатса, тіл сабағында грамматикалық ережелерді қолдану үшін, сөзді сөз елегінен өткізуге тура келетін кездер өте көп. Еңбек, бейнелеу өнері, дүниетану сабақгарынан да көптеп мысалдар келтіруге болады. Демек, бастауыш сынып окушыларының байқағыштық қабілетін дамыту көрнекілікпен жұмыс істеу кезінде басты назарда болғаны дұрыс. Тіпті арнайы жұмыстар жүргізуге болады. Мысалы, оқушылар алдында оларға белгісіз құстың тұлыбын, өсімдіктің кептірілген гербарийін қойып, ұқыптылықпен қарап, суреттеуге тапсыруға болады. Алдын ала тапсырмалар берілмеуі шарт. Осылай ғана олардың байқауының қандай дәрежеде екенін анықтауға болады.[44]

Қоршаған ортаны тануды, жаңа ұғымдар беруде көрнекі құралдардың маңызы зор. Әсіресе бірінші, екінші сыныпта баланың сабаққа қызығушылығын арттыру үшін көрнекіліктің мол, көркем, ашық болғаны дұрыс.

Бірақ көп жағдайда көрнекілік атын кез келген сапасы төмен, білімдік, танымдық жағынан берері аз дүниелер жамылып жатады. Бірақ сабақга бірнеше сурет, альбом, диафильм т.б. көптеген нәрселер бірінен соң бірі баланың көз алдында зуылдап ағылып жатады. Олармен жасалған жұмыстар да қарапайым ат үсті дәрежеде.

Оның орнына қажетіне қарай орынды, сабақ мақсатына сәйкес, әсіресе дамулық мақсат көздейтін көрнекіліктер қолданудың жөні басқаша. Өзін көре алмайтын, қолымен ұстай алмайтын заттардың көрнекілік ретінде сабақтан орын алғаны дұрыс. Көрнекілікпен жұмыс істегенде де педагог барлық мәліметтерді өзі айтып бермей, балалардан сұрап, көзін жеткізіп, дәлелдетіп отыруға дағдыландыру керек. Осылай жұмыс істету арқылы олардың шығармашылық қабілетін дамытуға, белсенділігін арттыруға болады.



Дамыта оқыту жүйесі дидактикалық принциптерінің ішінде "Оқытудың тәрбиелік мәнінің болуы" жайлы епшәрсе айтылмайды. Өйткені окушылардың адамгершілік қасиеттерін, құлықгылығын қалыптастыру арнайы жарияланбағанымен тұтас жүйе, оның құрамдас бөліктері, әдістері арқылы іске асып жатуы ойластырылған.

Дамыта оқыту жүйесінде арнайы, жаңадан ойлап табылған әдіс-тәсіл жоқ. Өзіміз қолданып жүрген әдістер жаңа жағдайға бейімдей пайдаланылады. Сондай-ақ жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың мәні зор. Мысалы: дөстүрлі сабақгардағы сұрақ-жауап, әңгімелесу әдістері балалардан таныс нәрсені сүрап білуте негізделеді. Ана тілі сабақтарында тақырыптық мазмұны бойынша, қазақ тілі, математикада материалдарды түсінгенін немесе түсінбегенін анықтау мақсатында сұрақ қойылып, жауап алынып жатады. Бір ғана жауабы бар сұраққа жауап та, тек бір сөзді қосып қайта айтып беруйен қайтарылады. Мысалы: - Балалар қайда барады? Балалар мектепке барады.

Дамыта оқыту жүйесіндегі қойылатын сұрақгар проблемалы, ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей етіп беріледі. Окушы да ондай сұраққа өз ойын, өз пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады. Мысалы: "Әңгіменің кейіпкері жайлы не айта аласың?" деген сұрақ.

Көрнекілік т.б. әдістер де осылайша жаңа мақсаттарға сәйкес өзгертіле, күрделендіріле пайдаланылады.

Дамыта оқыту сабақтарыңда жаңа материалды талдауға зор көңіл бөледі. Өйткені, тадданбаған шығарма бала жүрегіне жетпейді деп есептелінеді.

Талдау-бірлескен ізденіс. Ізденіс барысында педагог әр баланың көңіл -күйін бақылауға, ой-пікірін байқауға мүмкіндік алады. Әсіресе оқу сабақгарындағы материалды талдау арқылы шығарманың айтар ойы, идеясы бала жүрегіне жетіп, талдау арқылы ар, ұят, қайырымдылық, әдептілік т.б. сияқгы адамгершілік қасиеттер балалар бойына жұғысты болады.[45]

Бұл жүйедегі баланы ойлауға үйрететін тәсілдердің бірі-салыстыру әдісі. Салыстыру деген не? Философиялық сөздікте "салыстыру объектілер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтау. Қорытудың алғы шарты",- делінеді. Салыстыру неғұрлым қарапайым, бірақ аса мәнді ойлау операциясы, окушының талдау, жинақтау қызметінің маңызды жағы заттар мен құбылыстарды салыстырмайынша олардың елеулі белгілерін анықгау мүмкін емес.

Айналаны тануда салыстырудың мәні зор. Бұл туралы К.Д.Ушинский "... салыстыру ойлаудың және қабылдаудың негізі", - деген.

Дидактикада салыстыру негізгі тәсіл болып табылады. Заттарды салыстыра отырып түсіну тек адамға ғана тән. Балалар салыстыру тәсілдерімен мектепке келгенге дейін де біршама танысады. Ал, мектепке келкен соң, окудың алғашқы күнінен бастап бұл тәсіл тұрақты пайдаланыла бастайды.

Педагог салыстыру әдісімен сабақ жүргізе отырып, оку материалын оңай, көрнекі етіп ұсынуға мүмкіндік алады. Баланың қиялын дамытады. Салыстыру белгілі мен белгісіз арасындағы көпір сияқгы, окушыларға өмірінен тысқары білімді меңгеруге көмектеседі. Салыстыра отырып, окушы заттар мен объектілердің байқалмай, көрінбей қалатын белгілерін анықтауға үйренеді. Баланың байқампаздығы артады. Ал байқампаздық - баланың жалпы дамуындағы негізгі психологиялық компонент болып табылады. Окушы салыстыра отырып, бұрынғы өтіп кеткен материалдар мен жаңа білім арасындағы логикалық байланыстарды анықгауға үйренеді. Неғұрлым салыстыру жұмысы тиімді ұйымдастырылса, соғұрлым білім алудағы формализм жойылып, ең негізгісі окуға деген қызығушылық арта түседі.

Заттарды салыстыра отырып, тек ұқсастығы мен айырмашылығын тапқызып қоймай, олардың себептерін айқындатудың бала далуы үшін маңызы зор. Біріншіден, заттардың әртүрлі белгілерін таба білуте үйренсе, екіншіден қабілеттері дамиды. Бастауыш сынып окушылары салыстыра білмейді, Сол себепті бұл жұмысты дұрыс ұйымдастыру педагогнен аса шеберлікті қажет етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет