Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев. "Педагогика" Алматы, 2002ж.
Б.Тұрғынбаева. "Дамыта оқыту технологиялары" Алматы,2000 Оқу-әдістемелік құрал.
З.Смаилова. "Дамыта оқыту технологиясының жеке тұлғаның дамуына әсері" . Бастауыш мектеп, ғ 9-2004ж.
Т.Қоқымбаева. "Баланың өзіндік жұмысын ұйымдастыру". Бастауыш мектеп, 5-2003ж.
Ж.Аяпова "Білім беру технологиясынын жетілдірудің психологиялық және педагогикалық сипаттары". Бастауыш мектеп, 5-2003ж.
Қ.Даупаев "Дамыта оқытудың дидактикалық принциптері". Бастауыш мектеп, 7-2003ж.
Рахметова, П.Жаманқұлова, Б.Қабатаева. "Ана тілін оқыту әдістемесі" Алматы, "Атамұра" 1998ж.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы.
Ж.Сардарова. "Бастауыш сыныптың тіл сабақтарыңда дамыта оқыту ерекшеліктері". Бастауыш мектеп, 9-2003ж.
Д.Малдыбаева. "Оқу мен жазу арқылы ойлауды дамыту". Бастауыш мектеп, 12-2002ж.
Л.Аяғанова. "Жаңа технологиялар-сабақта ". Бастауыш мектеп, 4-2003ж.
Ү.Жаздықбаева, Ж.Тажиева. "Жаңа адамды тек жаңашыл мұғалім тәрбиелейді". Әдістемелік құрал, Шымкент —2001.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан – 2003, 26 желтоқсан. –№332
Рахметова С. Бастауыш класта балалардың тілін дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері (пед. ғыл. док. дисс.). – Алматы: 1994.
Әбдікәрімова Т.М. Бастауыш класта текст арқылы ауызша тіл дамыту. Пед.ғыл.канд.дис. Алматы, 1993.
Уайсова Г.И. Методика обучения лексическую систему родного языка в казахской школе: педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. – Алматы, 1993.
Жұмабаева Ә.Е. Бастауыш мектептегі сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының әдістемесі: педагогика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. – Алматы, 1998.
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992.
Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы, 1992.
Меңдаяхова Қ. Байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері (мектепалды даярлық топтары мен 1-сынып). -Пед. ғыл. док. автореф. – 2009.
Ермекбаев М. Бастауыш мектеп балаларының қазақша сөздiк қорын молайту әдiстемесi: пед.ғыл.канд. ғылыми атағын алу үшiн дайындалған диссертация. – Алматы, 2003.
Бұзаубақова К.Ж. «Жаңа педагогикалық технологиялар», Тараз. ТарМУ-2003.
ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті 12 жылдық білім беру стандарты, 2007.
ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
Айсина М. Дамыта оқыту – білім беру мен тәрбие өзегі. Қазақстан мектебі – 2006. - №2
Әбенбаев С, Құдиярова А., «Педагогика». Астана «Фолиант», 2003.
Бабаева С. Педагогика. Алматы. – 2001.
Байсеркеева Н. Дамыта оқыту технологиясы. Ұлағат. 2008.-№4.
Байшина Г. Жеке тұлғаны дамытудағы оқытудың құндылығы. Қазақстан мектебі. 2001 - №4.
Жаппаров А. Дамыта оқытуда балалардың әрекетін ұйымдастыру жүйесі. Қазақстан мектебі . 2006. - №2.
Нәсиқызы Г. Дамыта оқыту технологиясы. Ұлағат, 2009.-№3.
Нұрғожина А. Дамыта оқыту жүйесінің оқу әрекетіндегі маңыздылығы. Бастауыш мектеп. 2010. №2.
Оберқұлова Л. Дамыта оқыту – бүгін сабақта. Қазақстан мектебі. 2010. - №2.
Сансызбайұлы А. Дамыта оқыту. Қазақстан мектебі. 2007. - №1.
Кіріспе
Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған «Білім туралы заңында»: «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау,» деп атап көрсетілген. Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында: «Білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен, шығармашылыққа құлшынысымен балаларды баурап әкететін субъектісі ретінде көрінуімен бедерленеді» делінген. Бастауыш саты мектепте білім берудің алғашқы сатысы, яғни бастауыш білім беру арқылы жалпы орта білім берудің келесі сатысына дайындау мақсаты жүзеге асырылады.
Халқымыздың мақтанышы, тұңғыш ағартушы педагогы, қазақ даласында бірінші рет мектеп ашқан Ы.Алтынсарин мектеп туралы: «мектеп-қазақтарға білім берудің негізгі кілті. Бар үміт осында, қазақ халқының болашағы да осыған байланысты» деген болатын.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында білім берудің деңгейлері мен мазмұны нақты көрсетілген. Онда 12 жылдық орта білім үш сатыда қарастырылып, оның I-сатысы бастауыш білім беру 1-4 сыныптарды қамтитыны айтылған. 12 жылдық орта білімнің басты ерекшелігі оқу яғни 1-сыныпқа балалар 6 жастан қабылданатындығында. Сонымен бірге осы тұжырымдамада бастауыш мектептің негізгі міндеті «баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту,» делінген. Осы міндетті шешудің бірден-бір жолы бастауыш сынып балаларының шығармашылық іс-әрекетін дамыту болып табылады. ХХ-ғасырдың басындағы белгілі ғалым А.Байтұрсынов: «Бала білімді тәрбие арқылы өз бетімен алуы керек. Ал мұндағы педагогтың қызметі балаға орындалатын жұмыс түрлерін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар беріп отыру,» деген болатын. Автордың мұндағы басты ойы мен идеясы Ресейлік ғалымдар, белгілі психологтар В.Давыдов пен Я.Занковтың идеясымен үндесуінде. Сондай-ақ Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов,М.Жүмабаев, М.Дулатов, Ә.Диваев т.б бастауыш мектепте оқытуды үйымдастыру мәселесіне арналған еңбектерін атап өткеніміз жөн.
Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы деген еңбегінде: мемлекетіміздің егеменді, тәуелсіздігіне жеткізетін төрт күш аталған біріншісі: жеріміздің қойнауындағы байлық; екіншісі жеріміздің бетіндегі байлық; үшіншісі өндіріс байлығы; төртіншісі тапқырлардың ақыл-ой байлығы, тапқырлардың үйреншікті қалыпқа сыймайтын, бүкіл-әлемдік деңгейдегі жасалымдары» дегеннің өзі шығармашыл тұлғаның ерекше, дәстүрлі емес, ой пікірінің нетижелі мағынасын береді. Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаттары баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіру. Бұл баланың өзіндік әрекеттерін дербес жұмыс жасау қабілеттерін дамытудың маңыздылығын айқындайды.
Бұл мәселе Қазақстан Республикасының Білім туралы заңындағы білім беру жүйесінің міндеттері туралы бабында: Жеке адамның шығармашылық, рухани және жеке мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектілік байытумен қатар әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдеп-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу қажеттігі атап көрсетілген. Бастауыш мектеп бала тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі болып табылады. Сол себепті бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, білім негізінің іргетасы. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Бүгінгі мектеп тәжірибесіндегі дамыта оқытудың басты мақсаты баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту. И.Д.Левитовтың пікірінше, балалардың шығармашылық қабілеттері деп, іс-әрекет қорытындысында жаңа бір нәрсені үйренулері және балалардың даралық бейімділіктерінің, қабілеттерінің, тәжірибелерінің көрінуі болып табылады. Шығармашылық дегеніміз адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі.
Шығармашылық әрекет баланың өз жеке шығармашылық бағытын таңдау қажеттігін және шығармашылық өнім, нәтиже туғызуға бағытталған жауапкершілігін қамтитын әрекет, мұндай баланың жеке білім траекториясын қалыптастыруға бағытталған. Белгілі психолог ғалым Л.С.Выготский: «Әр баланың өзінің деңгейі болатындай әр балаға берілетін тапсырманың көлемі оның деңгейіне лайықтап беріледі. Әр баланы өзінің даму зонасында жетілдіру керек» дейді. Сонымен қосағалым психологтар Л.В.Занков, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин т.б. зерттеу жұмыстарында оқыту дамудың алғы шарты дей келе, әр қайсысы өз тұрғысынан анықтама берген.
Психологиялық тұрғыда шығармашылық процесс дегеніміз үнемі білімдер мен ептіліктерді өз бетімен жаңа жағдайға өткізу болып табылады, білім өз бетінше жүзеге асса, соғұрлым ілімді қолдану шығармашылық сипатта болады, деп анықтама берілген. Бастауыш мектеп балаларының оқу іс-әрекеті мен одан тыс уақытындағы іс-әрекетінде шығармашылық қабілетін дамыту жас ұрапаққа тәлім-тәрбие берудегі негізгі әрекет болып табылады. Шығармашылық қабілетті дамыту үшін оқу процесін тиімді ұйымдастыру іс-әрекеттің субъектісінің шығармашылық сапалық ерекшеліктерінің, сабақта және сабақтан тыс мезгілде шығармашылық тапсырмаларды тиімді қолдана білу қажет. Қазақстанда шығармашылықтың дамуы жөнінде арнайы зерттеу жұмысын жүргізген психолог ғалымдар: В.К.Шабельников, Н.Палагина, Қ.Р.Рақымбаев, М.О.Резванцева, С.Қ.Бердібаева еңбектерін атап өтуге болады. А.Матюшкин дарындылықты шығармашылықтың көрінуімен, өзіндік шығармашылық іс-әрекеттің ерекшеліктерімен байланыстыруды қажет деп санайды. Қазақстан Республикасының білім беру саласында жүріп жатқан реформаның негізінде бастауыш сатының мақсаты мен міндеттерінің өзгеруіне байланысты оқытудың мазмұны да өзгеруде. Осыған орай бастауыш сатыда оқытудың теориясы мен әдістемесінің әр саласынан зерттеуші ғалымдар – профессорлар: Қ.А.Аймағамбетова: «Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері», С.Рахметова: «Бастауыш сынып балаларының тілін дамытудың ғылыми әдістемелік негіздері», Т.С.Сабыров: «Балалардың оқу белсенділігін арттыру жолдары» атты докторлық диссертациялар қорғады. Онда жекелеген әдістемелердің жаңа мазмұнын балаларға түсіндірудің тиімді әдіс тәсілдерін оқытудың ғылыми әдістемелік жүйесін жасап ұсынған. Сонымен қосабастауыш сатыда жаңа мазмұнды оқу бағдарламалары мен оқулық, әдістемелік кешенін жасауға өзіндік үлесін қосқан ғалым Б.А.Тұрғынбаеваның еңбегін атап өтуге болады. Автор өзінің зерттеу проблемасы етіп алған: «Оқыту барысында бастауыш сынып балаларының шығармашылық қабілеттерін дамыту», А.Б.Мырзабаевтың: «Балалар шығармашылығын дамытуда белсенді оқытудың дидактикалық мүмкіндіктері», Ә.Ә.Сағымбаевтың: «Бастауыш сынып балаларының бейнелеу өнері арқылы шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары» атты тақырыптағы диссертациялар шығармашылық жұмыс мәселесінің ғылыми теориялық негіздеріне сипаттама берген. Дегенмен, әрбір жаңа дүниенің өзіндік ерекшелігі, басты жаңалығы болады. Ол үшін алдымен жаңа мазмұнды меңгертудің әдіс-тәсілдерімен бірге мұғалімдардың теориялық дайындағы яғни білімі де болуы керек. Бастауыш сынып балаларының шығармашылығын дамыту үшін педагог белсенділігі, шығармашылық ізденісі, шәкірттерінің жас және жеке ерекшелігін білуі маңызды болмақ. Жаңа буын оқулықтарына негіз болған дамыта және кіріктіре оқыту идеясы бүгінде бастауыш сынып балаларының өз бетіндік танымдық әрекеттерінің, оның дамуындағы маңызын дер кезінде көргенін байқауға болады. Жаңа буын оқулығының басты ұстанымы дамыта оқыту десек, онымен балаларды оқыту барысында профессор Ж.Қараевтың «Деңгейлік саралау технологиясын» басшылыққа алдық. Мұнда біздің алға қойған мақсатымыз өз бетімен дами алатын, өздігінен шешім қабылдайтын, қорытынды жасай алатын тұлғаны қалыптастыру. Жаңа буын оқулығының басты ерекшеліктерінің бірі баланың белсенділігін дамытып, білім сапасын арттыруға мүмкіндік туғызады. Олай дейтініз оқулықтарда берілген тапсырмалардың міндетті және мүмкін деңгейде берілуінің өзі деңгейлік саралау технологиясымен оқытуда баланың да, педагогтың де, белсенді шығармашылық іс-әрекетін қажет етеді. Бүгінде қоғам сұранысынан туындап отырған шығармашылық жеке адамды дамыту қажеттілігі мен мектеп тәжірбиесін оқытудың дәстүрлі оқыту мен жаңа технологиясын сабақта тиімді пайдаланудың ерекшеліктерін ажырата біліп, педагогтың бала шығармашылығын ұйымдастыру әдістемесін жетілдіру біздің «Бастауыш сынып балаларының шығармашылық іс-әрекетін дамытудың ерекшеліктері» атты тақырыпта диплом жұмысын таңдауымызға негіз болды.