Бастауыш мектеп дидактикасы пәні бойынша емтихан сұрақтары 1-деңгей Қазақстан Республикасы Конституциясындағы білім беру мазмұнының мәселелері


Сабақты дайындау мен өткізудегі мұғалімнің ролі



бет14/75
Дата23.01.2022
өлшемі88,19 Kb.
#24213
түріПрограмма
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   75
19.Сабақты дайындау мен өткізудегі мұғалімнің ролі. Сабақта оқушының оқу қызметін ұйымдастыру - бұл оқушы мен мұғалімнің сырттай үйлесімді қызметі. Бағыттары: фронтальды – мұғалімнің барлық оқушылардың жеке және өздік жұмысын басқаруыжеке – өзіндік жұмыс әр оқушының және топтың іс-әрекеті, оқушылардың топтық және жұптық қызметі. Мұғалімнің оқу кызметін фронтальды ұйымдастыруы барлық оқушылардың іс-әрекетінің бірлікте болуын басқару, яғни барлық оқушылар бірдей тапсырманы орындайды, жұмыс бәріне ортақ, барлық сынып талқылайды, нәтижені салыстырады, жинақтайды.Бұл тәсіл оқушылар мен ұстаз арасындағы сенімді нығайтып, ұжымдық сезімді тәрбиелейді, пікірлерді талқылауы ширайды, басқаның ойын, өзінің ой-түйіндерімен салыстырады, қателерін табуға жаттығады.Мұғалімге қойылатын басты талап оқушылардың ішінен ең тиімді ой-тұжырымды дәл таба білуі, оны алдын-ала болжауы, оқуға тиімді жағдай туғызуы, сабақтың міндеттеріне жауап іздеуі; барлық айтқысы келген ынталы оқушыны ықыласпен тыңдауы, оны психологиялық тұрғыда қолдауы, сонымен бірге қажетті сәттерде тузетулер енгізуі, әр оқушының мүмкіндігіне жол ашу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет