16.Сабақ- оқу пәнін оқыту, оқушы тұлғасын қалыптастыру мен дамыту жүйесінде.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында Білім беру жүйесінің басты мақсаты ұлттық және адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау керектігі көрсетілген. Жалпы технологияны меңгеруде мұғалімнің жан-жақтылығы және білімі қажет. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Білім және Ғылым қызметкерлерінің III съезінде: "Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнімен әлдеқайда жоғары болуы керек. Ол үшін жаңа фармацияның педагогы қажет" деген болатын. Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі - өсіп келе жатқан тұлғаны жан-жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы. орындаушы болып келсе, ал қазіргі өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән береміз.
Жеке тұлға - бұл адамның психологиялық, рухани мәні, ол әр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне негізделген. Жеке тұлғаның өзіндік әрекетінің нәтижесінде оның бойында мынандай қасиеттер қалыптасады: