81.Дамыта оқыту жағдайындағы сабақ Дамыта оқытуды 1950 жылдық аяғынан бастап Л.В.Занков (1901-1977) және Д.Б.Эльконин (1904-1984) зерттей бастады. Дамыта оқыту оқушыны оқу пәндерін оқып үйренуден теориялық ойды дамытатын оқу іс-әрекетіне көшірді (Эльконин-Давыдов). Ол оқушыны жан-жақты дамыту міндетін қойды (Л В .Зенков)
Осы міндетті шешу үшін білім мазмұнын түбірлі өзгерту мақсаты қойылған жоқ (Л.В.Занков).
Психологтар оқу процесіне оқушының іс-әрекетін енгізу керектігін, оның маңызын дәлелдеді. Дамыта оқыту арқылы оқушыға берілетін білім бұрынғыдай репродуктивтік жолмен омес, керісінше арнайы ұйымдастырылатын баланың жан-жақты "теориялық" іс-әрекеті арқылы берілетін болды.
Дамыта оқытудық екі жүйесінің де оқу бағдарламалары, оқулықтары бар, олар Ресей мектептерінде кең қолданылуда. Көбіне бастауыш мектепте қолданылады. Дамыта оқыту принциптері орта және жоғары сыныптарға әлі кең түрде енгізілмей отыр.
"Жақын даму аймағы" көрнекті кеңес психологы Л.Выготский (1896-1934) оқыту мен дамудық байланысын (О-Д) зерттеп, егер оқыту баланың өзекті даму аймағында жүрсе, онда ол баланы дамытпайды деді.
Өзекті даму аймағы - баланың өз бетімен істей алатын жұмыстары. Ал ересектермен ынтымақтаса істей алатыны — жақын даму аймағы. Мысалы, баланың сөйлей алуы - актуальды даму аймағы. Бұл жерде даму жүрмейді. Сондықтан бала мектепке келген бірінші күннен бастап "жақын даму аймағында", дәлірек айтсақ, баланың жазба тілін қалыптастыруға кірісу керек. Ол үшін алдымен жеңіл тапсырмалар беріледі. Мысалы, Ш. Амонашвили және оның мұғалімдері әріптер мен сөздерді белгілеуге Д.Б.Эльконин жасаған шартты белгілерді қолданады. Тақтаға сөйлем және оның астына шартты белгісі жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |