Бастауыш мектеп дидактикасы пәні бойынша емтихан сұрақтары 1-деңгей Қазақстан Республикасы Конституциясындағы білім беру мазмұнының мәселелері


Шағын жинақты мектептегі оқыту процесін ұйымдастыру ерекшеліктері



бет70/75
Дата23.01.2022
өлшемі88,19 Kb.
#24213
түріПрограмма
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   75
Байланысты:
дидактика

84.Шағын жинақты мектептегі оқыту процесін ұйымдастыру ерекшеліктері Жаңа формация мұғалімі мынадай гуманистік тәсілдері бар этиканы пайдаланады.

*Бақылаудың орнына – ынталандыру;

*Мәжбүрлеудің орнына- кеңес беру;

*Ауыстырудың орнына – сенім білдіру;

*Үгіттеудің орнына түсіндіру;

*Басқарудың орнына қатысу;

*Айқайлаудың орнына –әзілдеу;

*Кінәләудің орнына –қорғау;

*Бұйрық берудің орнына кәсіби көмек көрсетіп, қолдау жасауға ұмтылу.

Қазақтың кемел дарын, таңғажайып, талантты ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» деген

Қазіргі таңда республикамыздың түпкір-түпкірінде орналасқан шағын елді-мекендердегі мектептердің басым көпшілігі – шағын жинақты мектептер. Мұндай мектептер саны тәуелсіздік алған жылдардан кейін жыл сайын өсіп келе жатқаны белгілі. Себебі ауыл халқының тіршілік қамымен қалаға қоныс аударуы көбейген сайын, елді-мекендерде тұрғындардың саны азаюымен, оқушы саны да кеміп келе жатыр.

Шағын жинақты бастауыш мектеп дегеніміз балалардың саны аз, оқу - тәрбие процесін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар, біріктірілген сыныптардан тұратын жалпы білім беретін мектепті айтамыз. ШЖМ - ке мынадай анықтама беріледі: «шағын жинақталған мектеп - сынып - жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп».

Қазіргі таңда шағын жинақты мектеп:

- біріктірілген сыныптармен;

- біріктірілген сыныптармен және толық емес сыныппен жұмыс жасайды.

ШЖМ мұғалімінің алдындағы негізгі педагогикалық мақсаты - бағдарлама мен мектеп белгіленген жоспарды орындап шығу. ШЖМ – нің оқу - тәрбие үрдісінің бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар: - біріншіден, сабақтың ерекшіліктері: бірнеше сыныппен бір уақытта жұмыс істеу сабақтың құрлысын анықтауды, оқушы мен мұғалімнің дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді, өзіндік жұмысты мұғалім әр сынып сайын міндетті түрде ұйымдастырып отыруы тиіс; - сабақтын екінші ерекшелігі - тікелей мұғалімнің басшылығымен атқарылатын жұмыстың оқушының өздік жұмысымен алмастырыла жүргізілуі; Осы екі ерекшелік - ШЖМ - нің негізгі мектептен келесі ерекшелігін туғызады: - бір сыныптың өздік жұмысына бөлінген уақыты, мұғалімнің басшылығымен жұмыс істеп отырған келесі сыныпқа бөлінген уақытқа байланысты; - екіншіден, 3 - 4 сынып қатар оқытылғандықтан, сабақ кестесін, сабақ жоспарын дұрыс жасау, оқушылардың өздері орындайтын жұмыстарын шебер ұйымдастыру, сабақ уақытын дұрыс, тиімді пайдалану қажет.

Шағын жинақты мектептің үш түрі болады, олар:

1) Бастауыш шағын жинақты мектеп;

2) Негізгі шағын жинақты мектеп;

3) Орта шағын жинақты мектеп.

Білім беру мекемесінің бұлай ерекшеленуінің басты критерийі – ондағы оқушы санының аздығы, ал қалған ерекшеліктер осы критерий негізінде туындайды.

- мұғалімнің зейіні екі немесе одан да артық сынып оқушыларына бөлініп отырады, себебі бір сабақтың үстінде мұғалім әр түрлі жастағы, ой-





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет