89.Қазіргі мектепте оқыту үдерісін оптимизациялау Қазіргі таңда әлемде технологиялық өзгеріс болып жатыр. Жаңа ақпараттың қарқынды ағыны, технологиялық инновациялар мен әдістемелер біздің өміріміздің барлық салаларын өзгертіп жатыр. Осыған байланысты, қоғам сұранысы да, жеке тұлғаның қызығушылықтары да өзгеруде. Бұл өзгерістер еліміздің білім жүйесінің мазмұнын да жаңартуға ықпал етуде.
Цифрлы технология біздің өмірімізге тәуелсіздігіміздің бастапқы жылдары-ақ батыл енгізіле бастады. Цифрлы технология бұдан бөлек денсаулық сақтау және білім беру салаларында да қолданыста. Қазіргі таңда мектептерде электронды күнделік қолданылуда. Сонымен қатар, педагогтар да атқарған жұмыстарының есебі мен жос-парларын қағаз күйінде емес, электронды үлгіде тапсыра алады.
Жалпы, мұның бәрі халықтың бақуатты өмір сүруі үшін жасалып жатқан шаралар екенін түсінуіміз қажет. Тұрғындардың әл-ауқаты артып, еңсесі тік көтерілгенде ғана Қазақстан дамыған өркениетті елдердің қатарында болады. Ал, бұл мақсатқа жету үшін еліміз Үшінші жаңғыруды еңсеруі тиіс. Алдағы кезде замана көшінен қалғысы келмеген әрбір азамат, мамандар, ғалымдар мен студенттер ұялы байланыс, телекоммуникация, сандық ТВ, кеңжолақты интернет, ақпараттық технологиялар, Е-үкімет, Е-сауда, интерактивті жарнама және әлеуметтік медиа саласындағы өзекті тақырыптардан тыс қалуына болмайды. Ең алдымен, мектептерді жаппай компьютерлендіру қолға алынуда.
Компьютерлер кеңседе де, үйде де негізгі ақпараттық құрал ретінде пайдаланыла бастады, ақпаратпен орындалатын кез келген жұмыс компьютер көмегімен жүзеге асырылатын болды. Ақпаратты сақтау да, тасымалдау да жолға қойылды.Сымсыз телефондар, желілік телеарна – осы бағдарламаның жемісі. Қазіргі заманауи сабақтарды компьютерлік технологиялар, интерактивті тақта, ноутбук, мобильді құрылғылар мен қосымшалар арқылы өткізсе, оқушылардың жаңа материалды тез түсінуге мүмкіндік береді. Себебі, білім алушылар бұл құрылғылармен асқан қызығушылықпен жұмыс жасауға ұмтылады.
Оқушылар арнайы компьютерлік бағдарламалау тілдерінде бағдарлама құрып, компьютерде оның нәтижесін көре алады. Мысалы, Delphi обьектілі бағдарлы программасы арқылы қарапайым калькулятор және тағы сол сияқты күнделікті өмірге қажетті қосымшалар жасауға болады. Бұл оқушының логикалық ойлау қабілетімен қоса, психологиялық жағынан өзіне деген сенімділігін арттырады. Себебі, оқушы Windows ортасында дайын калкулятордың функцияларынан кем түспейтін қосымша жасап шығу арқылы ішкі уәжін көтереді. Дәл осылайша, мобильді құрылғыларға және робот техникаларына да арналған пайдалы бағдарламалар жасақтап, нәтижесін бақылап көре аламыз
Достарыңызбен бөлісу: |