87.Үйдегі оқу жұмысы- оқушыларды оқытудың тиімділігін көтеру құралы Курстық жұмыстың тақырыбы – «Үйде оқыту жұмыстарының түрлері» болғандықтан ағылшын тілін үйде оқыту технологиясының бірнеше түрлерін қарастырдым:
- Сыныптан тыс оқыту, яғни үйде оқу жұмыстарын жүргізу мұғалімнің ұйымдастыру шеберлігімен іске асады. Сонымен қатар сыныптан тыс оқыту әртүлі жұмыстар арқылы жүзеге асады. Сол жұмыстар арқылы оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға, өз қабілетін танып білуге, қосымша жұмыс жасауға үйретіп, дүниетанымын кеңейтеді.
- Үйірме жұмыстары - сыныптан тыс жұмыстардың күре тамыры. Оқушылардың ағылшын тілі пәніне қызығуы мен қатар белсенділігін көтеру үшін мектептерде ағылшын тілі үйірмелері жұмыс істейді. Бұл үйірмелерді көбіне ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері, ұстаздар, сынып жетекшілері жүргізеді. Үйірме жұмыстарының арнаулы органы – қолжазба журналы, газеті болады. Жұмыс жоспары жасалады.
- Ағылшын тілін әрі қарай дамыта оқыту үшін үйде интернетпен жұмыс жасау.