14 .Сабақ-мектептегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы. Оқытудың сыныптық-сабақ жүйесі XVII ғасырда пайда болып, үш жүзжылдық уақыт бойы әлі дамып келе жатыр. Мұндағы сынып дегеніміз – жас ерекшелігіне қарай тұрақты, бірге оқитын оқушылардың құрамы, бұл жүйеде оқушылар мұғалімнің тапсырмасын сабақ барысында және үйге берілген тапсырманы орындайды. Оқытудың бұл жүйесінің теориялық тағылымын XVII ғасырда атақты чех педагогі Ян Амос Коменский жасаған. Басқа оқытудың түрлерімен салыстырғанда, сыныптық – сабақ жүйесінің көптеген ұтымды тұстарын атап өтуге болады: