9-дәріс:
Тақырыбы: Практик психолог жұмысының ұйымы.
Дәріс тезистері:
Психолог жұмысының эффективті болуы үшін оған жеке кабинет және топтық зерттеу жұргізу үшін кеңістік керек. Кабинет автоматтандырылған жұмыс орнымен қамтамасыз етілуі керек; яғни қажетті бағдарламасы бар компьютер, аудио – видео аппараттар, психодиагностикалық мәліметтерді және документтерді сақтайтын орындар болуы керек.
Психологиялық сабақтар, факультативтер, ата – аналар мен мұғалімдерге арналған лекциялар әдеттегі оқу сыныптарында немесе арнайы психологиялық кабинеттерде жүргізіледі. Онда оқыту –методологиялық материалдар: психологиялық күнтізбе; психологтың хат жәшігі; бір күндік психологиялық кеңес; мұғалімдер, ата – аналар және әртүрлі жастағы оқушыларға берілетін ұсыныстар.
Психологиялық жеңілдеу сеанстарына арналған кеңістіктер және олар ерекше безендірілуі керек.
Практик психологтың жұмыс орны келесі блоктардан тұрады:
Іс -әрекетін жоспарлайтын документациялар;
Психодиагностикалық зерттеулер қорытындысын көрсететін документациялар;
Корректорлі – дамытушы жұмыстарды жоспарлау, ақпараттармен, инструменттермен қамтылған;
Әртүрлі тренингтерді жүргізуге арналған жоспарлар мен инструменттер;
Психологиялық диагностикалар, коррециялар, профилактикалар, кеңес беруші әдістер мен мәліметтік базалар;
Клиенттер мен олардың проблемалары жайындағы мәліметтер;
Психологиялық орталықтар жайында мәліметтер;
Практик психолог интернеті;
Кітапхана, картотекалар, видеотекалар.
Мұнда кабинет - жұмыс эффективтілігін жоғарлату, клиенттерге психологиялық комфорт орнатуға және психологпен сенімді қарым – қатынас орнатуға көмек береді
Психологтың жұмыс жоспары – бір жылдық жоспар, айлық күнтізбелі жоспар, бір апталық және бір күндік жұмыс жоспарларынан тұрады.
Жылдық перспективті жоспар, білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызметтің стратегияларын бейнелейді; балардың психологиялық дамуының мақсаты мен міндеттері, даму қиындығының психологиялық себептерін анықтау; педагогикалық эксперименттердің бағытталуын анықтау. Бұл жоспар міндетті түрде мекеменің (мектеп, бала – бақша) перспективті жоспарларымен сәйкестендіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |