-
2017-2018 оқу жылында 30 пилоттық мектептің үшінші сыныптарында
«Информатика» пәні бойынша апробациядан сәтті өттіп, 2018-2019 жж. «Ақпараттық және
коммуникациялық технологиялар» пәні енгізілді.
-
2018-2020 жылдарға арналған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
және адами капиталдың дамуының жол картасы шеңберінде «Информатика» пәні бойынша
5-11 сыныптардың орта буын бағдарламаларын бастауыш мектепке ауыстырылды. Бұл
жағдайда пәннің мазмұнын тек оқушылардың жас ерекшеліктеріне бейімдеуді ғана емес,
сонымен қатар STEM элементтерін (робот, виртуалды шындық, 3D басып шығару және т.б.)
енгізуді және қазіргі заманғы мектеп білімінің нысандары мен мазмұнын қайта қарауды
қамтиды.
Осыған байланысты 1-сыныптан бастап информатика пәнін оқытуды педагагикалық
кадрлар және жұртшылықпен кеңінен талқылағаннан кейін, мамандармен компьютерлік
білім беруді енгізу мәселесін қарқынды түрде әзірлеп, бүгінгі күні «Ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар» пәні бойынша 1-4 сыныптарда оқу бағдарламасы
әзірленді және бекітілді.
-
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі
№ 334 бұйрығымен "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" пәні 1-сыныпқа
төмендетілді.
-
«ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 5 мамырдағы № 182 бұйрығының 14-тармағында
бастауыш сыныптағы «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнінің атауы
«Цифрлық сауаттылық» болып өзгертілді. Пән мазмұны мен оқу жүктемесі өзгертілген жоқ.
“Цифрлық сауаттылық" оқу пәнін оқыту мақсаты – білім алушыларды компьютер
құрылғысы, ақпаратты ұсыну және өңдеу, Интернет желісінде жұмыс істеу, есептік ойлау,
робототехника мәселелері бойынша заманауи ақпараттық технологияларды практикада
пайдалану үшін базалық біліммен, іскерлікпен және дағдылармен қамтамасыз ету болып
табылады" деп атап көрсетілген болатын.
Достарыңызбен бөлісу: