“бастауыш мектепте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқыту әдістемесі” пәні бойынша дәрістер Информатика тарихы: негізгі кезеңдер, негізгі оқиғалар және тұлғалар «Информатика»



Pdf көрінісі
бет15/38
Дата22.12.2023
өлшемі1,02 Mb.
#143040
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38
Байланысты:
Лекция МАКТ (1)

Пәнді оқытудың негiзгi мақсаты – 
жаңа буынды ерте жастан бастап жүйелi ойлау 
қабiлетiн қалыптастыру. 
 
Аталған мақсаттан келесi 
мiндеттер
шығады: 
-
оқушылардың логикалық және алгоритмдiк ойлау қабiлетiн дамыту; 
-
оқушылардың компьютерлiк сауаттылығын дамыту; 
-
оқушылардың коммуникативтiк (тiлдiк) ойлау қабiлетi мен шығармашылыққа 
бейiмдiлiгiн дамыту; 
-
оқушылардың жүйелiк-ақпараттық бейнесiн, ақпараттық мәдениетiн, өзiн-өзi 
дамытуға және қызмет субъектiсi ретiнде қалыптастыру. 
Жоғарыдағы аталған мақсаттар мен мiндеттерден “Ақпараттық мәдениет негiздерi” 
пәнiн оқытудың мақсаттары айқындалып, нақтыланады.


Бастауыш бiлiм берудегi “Ақпараттық мәдениет негiздерi” пропедевтикалық курс болып 
табылады және онда берiлген iргелi ұғымдар жұмыс дәптерiндегi қызықты деңгейлiк 
тапсырмалармен, сұрақтармен, логикалық есептермен және дамытушылық ойындармен, 
сергiту сәттерiмен сипатталады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту 
тұжырымдамасында «Қазақстан жағдайында орта білім берудің неғұрлым оңтайлы, 
ыңғайлы және экономикалық жағынан тиімді құрылымы 4+6+2 болып табылады. Он екі 
жылдық орта білім беру үш сатыда іске асырылатын болады.
І-саты – бастауыш білім беру, 1-4 сыныптар. Оқу мерзімі – 4 жыл. Оқу 6 жастан 
басталады. Білім мазмұны шетел тілі мен информатика негіздерін ерте үйрету арқылы 
байытылатын болады. 
ІІ-саты – негізгі білім беру, 5-10 сыныптар. Оқу мерзімі – 6 жыл.
ІІІ саты – орта білім беру. Бейіндік оқыту, 11-12 сыныптар. Оқу мерзімі – 2 жыл ...» 
деп атап көрсетілген.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған 
мемлекеттік бағдарламасы бойынша құзыреттілік тәсіліне негізделген 12 жылдық білім 
берудің жаңа стандартын әзірлеу және енгізу жоспарланды.
Мектеп информатика курсының қалыптасуы мен дамуының, яғни оның стандартын 
жасауға оның информатиканы оқыту мазмұнын өзгермейтін іргелі негіздер жағына 
өзгертуге жылдамдап ұмтылуын анықтаудың сипатталған кезең-кезеңдік тәсілі, мектеп 
информатикасы бойынша осындай стандарттың бүкіл еліміздегі білім беру жүйесін 
іргелендіру және жаңаландыру флагманы қатарында бола алатындығына барлық 
мүмкіндіктері бар. 
Мектептің білім беру жүйесінде «Информатика» пәні қоршаған ортаны талдаудың 
жүйелі-ақпараттық тәсілін қалыптастыратын; ақпараттық процестерді ақпаратты алу, 
өңдеу, тасымалдау, сақтау және қолдану әдістері мен құралдарын оқытатын; ақпараттық 
технологияларды қолдануға байланысты адамның практикалық іс-әрекеті аумағын 
дамытып және үнемі кеңейтіп отыратын ғылыми білімнің іргелі салаларының бірі болып 
табылады. 
Мектепте информатиканы оқытудың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет