“бастауыш мектепте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқыту әдістемесі” пәні бойынша дәрістер Информатика тарихы: негізгі кезеңдер, негізгі оқиғалар және тұлғалар «Информатика»


АКТ пәні бойынша оқу бағдарламасының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет20/38
Дата22.12.2023
өлшемі1,02 Mb.
#143040
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38
Байланысты:
Лекция МАКТ (1)

 
АКТ пәні бойынша оқу бағдарламасының ерекшеліктері 
 
Оқу бағдарламасы «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті 
білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім 
берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Қазақстан 
Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 
тіркелген).
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнін оқыту мақсаты – білім 
алушылардың оқу мен күнделікті өмірде есептей білу дағдылары, робототехника, базалық 
білім, заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс жасаудағы білік және дағдыларды 
тиімді қолдануын қамтамасыз ету.
Бағдарламаның мақсаттары: білім алушыларға компьютер туралы, қазіргі заманғы 
цифрлық құрылғылар және олардың қоғамдағы рөлі туралы бастапқы ақпараттар беру; 
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, білім алушылардың 
есептей білу, роботтарды жинау және программалау, іздеу, жинақтау, өңдеу, ақпараттарды 
сақтау және тарату дағдыларын қалыптастыру; білім алушылардың әртүрлі қолданбалы 
программаларды қолдану арқылы өз идеяларын ұсыну дағдыларын қалыптастыруға ықпал 
ету; байланыс, ақпарат алмасу және ынтымақтастық үшін ақпараттық - коммуникациялық 
технологияларды пайдалануын ынталандыру; білім алушыларға компьютермен қауіпсіз 
жұмыс істеу ережелері мен авторлық құқықтарды құрметтеуді үйрету.
Оқу бағдарламасында үш тілде оқыту ғана емес, сонымен қатар білім алушылардың 
мектептен тыс сабақтарын үш тілде (қазақ, орыс және шетел тілдерінде) ұйымдастыруды 
көздейтін үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған.
Жеке тұлғалық қасиеттердің кең спектрлі дағдылардың табиғи үйлесімде дамуы - 
білім алушылардың бойында: «қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік», 
«құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек және шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім 
алу» сияқты базалық құндылықтарды қалыптастырудың негізі болып табылады.
Оқу бағдарламасының ерекшелігіне оның пән бойынша білім мен білігінің 
қалыптасуына бағдарлануы ғана емес, сонымен қатар, білімді функционалдық және 
шығармашылық жағынан қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, 
ақпараттық және коммуникациялық технологияларды, әртүрлі коммуникациялық әдістерді 
пайдалану, топта және жеке жұмыс істей білу, проблемаларды шешу және шешім қабылдау 
сияқты кең ауқымды дағдылар жатады.


«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні бойынша оқу жүктемесінің 
жоғары шекті көлемі 1 сыныпта аптасына 0,5 сағат, жылына 17 сағат, ал 2 – 4 сыныптарда 
аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат болып табылады.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы 
бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 
бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының 
нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8170 тіркелген).
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнін оқытудағы негізгі талап - 
компьютерлік жүйелерге қолжетімділік.
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнін тиімді өткізуге арналған 
қажетті жабдықтардың тізімі: гарнитурамен жабдықталған дербес компьютерлер 
(микрофоны бар құлаққаптар); Интернетке кең жолақты қосылуымен мұғалімдер мен білім 
алушылар арасындағы байланыс және құралдарын деректермен алмасуды қамтамасыз 
ететін жоғары сапалы ашық қатынас желісі; перифериялық құрылғылар: принтер, сканер, 
көшіру техникасы, интерактивті проектор/интерактивті тақта; робототехникаға арналған 
жиынтықтар.
Оқу пәнінің негізгі мазмұны 5 бөлімнен тұрады:
1) Компьютер - аппараттық құралдар, бағдарламалық қамтамасыз ету және 
киберқауіпсіздік тақырыптарын қамтиды.
2) Ақпаратты ұсыну және өңдеу: текст, графика, презентация, мультимедиа.
3) Интернет желісінде жұмыс істеу – оқушыларды ақпаратты іздеуге және ақпарат 
алмасуға үйрету мүмкіндігін береді.
4) Есептік ойлау - алгоритмдер мен программалау тақырыптары бойынша 
оқушылардың алгоритмдік ойлауын дамытуға көмектеседі.
5) Робототехника - робот қозғалысы, датчиктер мен қозғалтқыштарды зерттеу арқылы 
«Информатика» пәнін зерттеуде STEM элементтерін пайдалануды көрсетеді.
1-сыныпқа арналған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу пәнінің 
базалық мазмұны:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет