1.4. Фигуралардың өлшемін өзгерту командалары Қарапайым геометриялық фигураларды салу, түстерді орнату командаларымен қоса, фигуралардың өлшемін өзгертетін командалары да бар. Оларды келесі тұрған команданың орындалу өлшемдерін үлкейтуге немесе керісінше кішірейтуге қолданамыз.
Drape бағдарламасында келесі командалар бар:
-Өлшемді 2 есе үлкейту, -өлшемді үлкейту,
- өлшемді сәл ғана үлкейту, және керісінше
-Өлшемді екі есе кішірейту, -өлшемді кішірейту,
- өлшемді сәл ғана кішірейту
Келесі бағдарлама бірінің ішіне бірі салынған бес квадрат салады, олардың ауданы тізбектеп кеміп отырады (сурет 11.)
Сурет 11. Бірінің ішіне бірі салынған бес квадрат салу
Ал келесі бағдарламамыз кішкене спираль салады (сурет 12):
Сурет 12.Кішкентай спиральды салатын бағдарлама
1.5. Қайталау командалары Бірнеше рет орындалатын командалар жиынтығы кездесетін, бағдарламаларды құру үшін қажетті командаларды қарастыруға да жеттік. Олар қайталау командалары деп аталады. Мысалы бізге ұзындығы бес қадам болатын сызық салу қажет дейік. Бұл жағдайда сызық салатын команданы бес рет қайталауға болады. Ал бұл ыңғайсыз болады, өйткені жұмыс аймағы мен процедуралар өрісінде көп орын алады, және де уақыт көп кетеді. Екінші тиімді тәсілі, қайталау командаларды пайладану болып табылады, олар келесі:
- келесі команданы 2 рет қайталау, - келесі команданы 3 рет қайталау, - келесі команданы 4 рет қайталау, - келесі команданы 5 рет қайталау, - команданы 10 рет қайталау, - команданы 100 рет қайталау. Бұл командаларды сызықтарды салу есебіне қолдансақ, келесіні аламыз: , яғни бір қадамды сызықты салу бес рет қайталанады.
Қайталану командалары бір бірімен жазылу мүмкін: , бұл бағдарлама ұзындығы 50 қадам болатын сызық салады.
Қайталану командалары тек келесі тұрған командаға ғана әсер етеді, бірақ кейбір командалар тізбегін қайталау қажеттілігі туады. Бұндай жағдайларда блок командаларды пайдалануға болады: блокты бастау, және блокты аяқтау.
Блокқа алынған командалар бір командаға бірігеді. Бізге таныс квадратты салу бағдарламасын командасы келесідей болу мүмкін: .
Мысалы спираль салған кезде, бұл командалар аса қажет болады (сурет 13).
Сурет 13. Күрделі спираль салу
Бір бағдарламадағы блоктардың саны шектеусіз, және де бірінің ішіне бірі кірістірілген блоктарды пайдалануға болады.
Мысалы, келесі бағдарламада бірінің ішіне бірі кірістірілген блоктарды пайдаланып, үш квадрат саламыз (сурет 14.)