Алдымен, фонды қызыл түске өзгертеміз. Ол үшін керекті процедураларды тышқанның көмегімен жолына апару көмегімен келесі кодты енгіземіз:
Енді күннің көзін саламыз. Керекті код жолына сыймайтын болса, жолдың аяғына белгісін қойып, келесі жолға кодты жазуды жалғастырамыз.
.
Тауды салуға кірісейік. Тауды ақ түске бояу үшін - «Түсті орнату» командасын пайдаланамыз.
Келесі қадамда, үйді саламыз.
Ағашты салуға өтеміз:
Соңында, “Менің үйім” жазуын орналастырамыз. Ол үшін командасын пайдаланамыз.
Бағдарламаны іске қосамыз және сақтаймыз.
2.4. Drape бағдарламасында «Шыршаның, аққаланың" бейнесін салу Drape бағдарламасын іске қосамыз.
Бірінші процедураға аққаланы саламыз. Ең алдымен, аққаланың дене бітімінің түсін таңдаймыз. Қажетті түсті таңдау түсті орнату командасы арқылы іске асады.
Аққаланы салу үшін боялған дөңгелекті пайдаланамыз. Аққаланың дене бітімін дұрыс салу үшін тоқсан градусқа (сағаттың бағыты бойынша) бұратын және алға қарай бір қадам сызықты бағыттайтын командаларды қоямыз.
Келесі қадамдарды екінші процедурада орындаймыз. Ол үшін бірінші процедурадағы командалардан кейін екінші процедураны шақыртамыз.
Екінші процедурада біз шыршаны саламыз. Алдымен шыршаның орнын белгілеп аламыз. Ол үшін тоқсан градусқа (сағат бағытына кері) бағыттайтын және курсорды бір қадам оңға жылжытатын команданы екі рет қолданамыз. Қажетті түсті таңдауға «түсті орнату» командасы арқылы іске асады. Шыршаны кескіндейтін үшбұрыштарды дұрыс тұрғызу үшін тоқсан градусқа (сағат бағытына кері), бір қадам оңға жылжытатын және тоқсан градусқа (сағат бағыты бойынша) командаларын орындаймыз
Шыршаны салып болғаннан кейін шыршаның басындағы жұлдызша ретінде қызыл үшбұрышты саламыз. Оған алдымен ағымдағы түсті қызылға өзгертетін команданы , сосын боялған жатық үшбұрышты таңдаймыз.
Аққаланың қалпағын салмас бұрын оның орнына тоқсан градусқа (сағат бағытына кері) бағыттайтын, бір қадам оңға жылжытатын командаларын пайдаланып келеміз де үшінші процедураға көшеміз.
Үшінші прооцедурада курсорымызды қажетті бағытқа жөндеп аламыз. Оған бір қадам оңға жылжытатын және тоқсан градусқа (сағат бағытына кері) бағыттайтын командаларды қолданамыз. «Түсті орнату» командасы арқылы қалпағымыздың түсін орнатамыз.