Бастауыш мектептегі информатика



бет13/37
Дата29.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#144750
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37
Байланысты:
Khasanova-S-B-Bastauysh-mekteptegi-informatika-kursy

Бақылау сұрақтары:

  1. Информатиканың пропедевтикалық курсының мақсаты мен мазмұны.

  2. Бастауыш мектепте информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқыту негіздері.

  3. Информатиканы бастауыш сыныпта оқытудың міндеттерін сипатта.

  4. Информатика пәнінің даму бағыттары мен болашағы.

  5. “Информатика” пәнi бойынша оқу үрдісiн ұйымдастыру жолдары қандай?

Өзіндік тапсырмалар:
Таңдаған тақырып бойынша сабақ жоспарын және жұмыс дәптерін құрыңыз:

  1. Бастауыш сыныптардағы информатика сабағының құрылымы.

  2. Бастауыш мектептегі әдістемелік тәсілдер.

  3. Дәптермен жұмыс.

  4. Сергіту сәттерін өткізу.

  5. ДК –ді қолданып сабақ өткізуге нұсқаулар.

  6. Сабақтағы ойын компоненттері (нақты мысал келтіру).



2. БАСТАУЫШ МЕКТЕПКЕ АРНАЛҒАН КОМПЬЮТЕРЛІК БАҒДАРЛАМАЛАР

Құрылымдық бағдарламалаудың идеясы және технологиясы XX ғасырдың 60-70 жылдарында пайда болды және жіті дами бастады және ол бағдарламалаудың классиктері Э.В. Дейкстр, X. Д. Миле, Е. Кнут және тағы да басқа есімдермен байланысты. Осы аралықтағы бағдарламалаудың теориясы мен тәжірибесіне үлкен үлес қосқан академик А.П.Ершов болып табылады. Сондай-ақ, ол бағдарламалаудың АЛЬФА-тілін (орыс тілдік нотациясы бар Алгол-60 құрылымдық тілінің дамыған нұсқасы) және осы тілдің трансляторын жасады (АЛЬФА-транслятор). Оқу алгоритмдік тілдің өзінде АЛЬФА-тілінің көптеген мүмкіндіктері бар. Алгоритмдік тіл негізінде оқу мақсатына арналған РАПИРА бағдарламалау тілі құрылған, ол оқулықта сипатталған [11]. Бірақ та ол өте кең көлемде таралған жоқ. 1987 жылы МГУ-да алгоритмдік тілдер негізінде бағдарламаланған оқу ортасы жасалды, ол «Е-практикум» (Е-87) деп атын алған. Кейін ол КуМир (Комплект Учебных Миров) атты атақты оқу бағдарламалық қатамасыздандыру пакеті арқылы дамып, таратыла бастады.


Тарихи жағынан балаларды алгоритмдеуге оқыту үшін арналған бірінші педагогикалық бағдарламалау құралы ЛОГО бағдарламалау тілі болып табылады, оны 1960 ж. соңында америкалық педагог-психолог С. Пейперт құрастырып, шығарды [16]. ЛОГО-ның құрамына Тасбақа орындаушысы кіреді, оның атқаратын қызметі – экранда түзу сызықты бөліктерден тұратын кескіндерді, суреттерді салу. Тасбақаны басқару бағдарламасы келесі командалардан тұрады: алға, артқа, оңға, солға, құйрықты көтеру, құйрықты түсіру. Тасбақа құйрығымен сурет салғандықтан, құйрық түсірілген кезде орын ауыстырған жағдайда сызық салынады, ал құйрық көтерілген кезде сурет салынбайды. Сонымен қатар, бұл тілде барлық негізгі құрылымдық командалар бар. Жалпы ЛОГО бағдарламалаудың құрылымдық әдістемесін оқыту үшін арналған. ЛОГО-дан тасбақалық графика деген ұғым шыққан, сонымен қатар ол компьютерлік графиканың кейбір мамандырылған жүйелерінде де қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет