1.7. Бастауыш мектепте компьютерді қолданудың санитариялық–гигиеналық талаптары
Бастауыш мектепте компьютерді пайдаланған кезде санитариялық-гигиеналық талаптарға зор мән беріп, компьютерлік сынып ережелерін қатаң сақтаған жөн.
Мысалы, сыныптан кіріп-шығуға мүғалім рұқсат береді. Әрбір оқушы өз тобына тағайындалып берілген жұмыс орнынан ауыспауы керек, яғни сынып белсенділерін сайлау, компьютерді және оған қосылған басқа құрылғыларды да іске қосуға, өшіруге рұқсат етілмейді, оны мұғалім атқарады және де компьютерге компакт- дискілерді салуды, алуды мұғалім жүргізеді.
Сабақ жүргізу барысында қазіргі кездегі санитариялық талаптарға сәйкес балалардың жұмыс ісіне олардың денсаулығына қауіпсіздігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар компьютерлік техниканы ғана пайдалануға болады [38]. Компьютерлер қолданылатын бөлмелер барлық санитариялық- гигиеналық талаптарға сай болуы тиіс.
Компьютерлік сыныпта оқушылардың өздері және көздері шамадан тыс шаршамас үшін 1-4-сынып оқушыларының компьютерде үздіксіз жұмыс істеу уақыты 10-15 минуттан1 аспауы тиіс. Балалардың көздері талмас үшін компьютерде жұмыс істеп болған соң, олармен көзге арналған арнайы жаттығулар жасауы керек, жаттығуларды балалар экранға қарамай тұрғанда, қалыпты күйде дем алдырып, көз қозғалыстарын барынша үлкен етіп орындауға тырысуы керек. Балаларға қызықты болуы үшін жаттығулар ойын түрінде орындалады.
Пернетақтада жұмыс жасау. Әдіскерлер мен мұғалімдер кейде бастауыш мектеп оқушыларының нәзік қолының қимылдарын дамытуды назардан тыс қалдырып кетеді. Бұл аспектіге көбіне еңбек мұғалімі назар аударады, себебі қолды дамыту - бұл пәннің басты міндеттерінің бірі.
Информатика сабағында компьютермен жұмыс жасау кезінде алдымен пернетақтада және тышқанмен жұмыс істеу әдістерін меңгеру керек. Бұл - өте күрделі үрдіс, себебі оқушы нәзік қолы мен саусақтарының қимылынан басқа, компьютер экранына да назар аударып отыруы тиіс.
Отандық мектептердің кабинеттерінде жасы үлкен пайдаланушыларға арналған компьютерлер орнатылғандықтан, оқытуда қиындық туғызады. Олардың пернетақталары мен тышқандары үлкендерге сәйкестеніп жасалған, балаларға ыңғайсыз. Балалардың пернетақтамен және тышқанмен жұмыс жасауды меңгеру үрдісінде нәзік қолдары мен саусақтардың дамуына кедергі жасайды, ал қол қимылдары бала миының дамуын ынталандыратынын бәріміз білеміз.
Осыған орай, оқыту үрдісінде ноутбуктерді пайдалану ыңғайлы, олардың пернетақталарының көлемі кішірек, балалардың қолына икемді. Олар үстелде аз орынды алып, кәдімгі сынып бөлмелерінде пайдалануға болады. Айтып кететін жайт, ноутбуктердің қазіргі құны үстелдік дербес компьютерлердің бағасына пара-пар. Соңғы кезде нарықта көлемі алуан түрлі тышқандар да шығарыла бастады, оларды пайдаланушылардың қолына сәйкестендіріп сатып алуға болады, информатика сабағында әртүрлі жас шамасындағы оқушыларға пайдалануға ыңғайлы.
Санитарлық нормалар мен ережелер төменгі сынып оқушыларының компьютердегі жұмысын келесідей шектейді: 1 сыныпқа – 15 минут, 2-3-сыныптарға – 20 минут, 4-5-сыныптарға – 25 минут, компьютерді пайдалану сабақтары аптасына 1 рет қана болуы тиіс. Бұлардың барлығы оқу үрдісін ұйымдастыруды барынша шектейді. Балаларға компьютерде жұмыс жасау уақытының шектеулі екендігін түсіндіру қиын, олар үйде шектеусіз теледидардың және компьютердің алдында ойын қосымшаларын қалауынша ойнауға дағдыланып қалған. Мұндай жағдайда мұғалім оқушыларды компьютерден дене шынықтыру минуттарымен тоқтата алады.