Бастауыш мектептегі информатика


Бастауыш мектептегі информатика сабағын оқыту әдістемесі



бет9/37
Дата29.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#144750
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37
Байланысты:
Khasanova-S-B-Bastauysh-mekteptegi-informatika-kursy

1.6. Бастауыш мектептегі информатика сабағын оқыту әдістемесі

Мектептегі барлық пәндер бойынша оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ болып қалыптасады. Мектептегі сабақ сынып–сабақ жүйесінің негізін қалайды. Оның мынадай негізгі сипаттары бар: 1) оқу топтарының құрамы; 2) әр сыныптағы оқыту мазмұнын қатаң анықтау;3) оқу сабақтарының нақты белгіленген кестесі; 4) оқушылар жұмыстарының жекелей және бірлескен түрлерін ұштастыру; 5) мұғалімнің жетекші ролі; 6) оқушылар білімін жүйелі тексеру және бағалау.


Бастауышта информатика сабағын компьютер арқылы оқытуда, 15 минут шамасында уақыт берілуі керек. Осы кезде практикалық сабақты бірнеше рет өткізуге болады: информатика сабағында сыныптың бірінші тобымен, немесе басқа пәнді оқытуда сыныптың екінші тобымен бастауыш сыныпқа ұсынылатын компьютерлік оқыту бағдарламалары арқылы жүргізуге болады.

Компьютерлік практикум сабағы жеке немесе (бір компьютерге бір оқушыдан) демонстрациялық түрде болады. Сыныптағы мұғалімнің компьютері «электронды» тақта ретінде қолданылуы мүмкін.


Мұғалім алдына ала дайындаған тапсырманы немесе алдыңғы өткен сабақты қайталуға және оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бақылауға бағытталған тапсырмаларды орындауға береді. Сабақтың басында тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндіру жүргізіледі, интерактивтік тақтаны пайдалану арқылы теориялық материал қайталанады. Мұғалім оқушыны тапсырма орындауға интерактивті тақтаға шығарады, ал оған қалғандардың көңіл бөлу үшін бағыт береді және бақылап отырады.
Көрнекі түрде ұсынылған ақпарат қабылдауға жеңіл және бала зердесінде жақсы, әрі жылдам сақталады.
Сонымен, интерактивті тақта сабақта қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілкті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын ала дайындалған оқу материалдары - презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объекттер - сабақтын жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Сонымен, «Активті экран» кешенін қолдану арқылы оқыту үрдісінде жаңа дидактикалық мүмкіншіліктерді ашуға мүмкіндік береді.
Ал, енді 1-сыныпқа арналған «Қоршаған әлемдегi және табиғаттағы ақпарат» бойынша мұғалімге арналған сабақ жоспарын қарастыралық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет