1.6. Кездейсоқ позициялар командасы және «тышқан соңынан жүгіретін» командалар.
Бұған дейін қарастырғанымыздың бір заңдылығы бар – барлық бағдарламалар ортадан бастап орындалады және қатаң курсордың бағытымен жылжыйды. Ал егер бізге курсордың жылжу жолын есептемей-ақ бір суретті салу керек болса, онда не істейміз? Бұндай жағдайлар үшін Марк Овермарс Drape бағдарламасына кездейсоқ позициялар командалары мен «тышқан соңынан жүгіретін» командаларын енгізген. Кездейсоқ позициялар командасы ешқандай заңдылыққа бағынбай, курсорды аймақтың кез келген жеріне апарады, ал «тышқан соңынан жүгіретін» командалары курсорды тышқанның соңынан жүгіртеді:
- кездейсоқ позицияға жылжыту;
- кездейсоқ позицияға дейін сызық салу;
- тышқанның соңынан жылжытуз;
- тышқанның ағымды позициясына дейін сызық салу.
Келесі бағдарламалар жоғарыда қарастырылған командалардың тағайындалуын көрнекі бейнелейді. Мысалы, реттелмеген жүз дөңгелек салатын бағдарламасы 15- суретте көрсетілген:
Сурет 15. Реттелмеген жүз дөңгелектерді салу
Ал келесі бағдарламада курсор тышқан соңынан еріп, 1000 дөңгелек салады, сондықтан суреттер неғұрлым реттелген болып шығады (сурет16):
Сурет 16. Реттелген дөңгелектерлі салу
1.7. Шарт қою командалар
Кез келген бағдарламалау тілінің маңызды бөлігі – шартты командалар. Drape бағдарламасында да шартты қою командалары бар. Олардың пішіні сегізқырлы батырмалар түрінде бейнеленген, және де басқа командалардан ерекшеленеді. Drape бағдарламасында шарт қоюдың үш командасы бар, олар тышқанның батырмаларының күйіне байланысты:
Тышқанның сол жақ батырмасы басулы тұрса ғана, келесі әрекетті орында,
Тышқанның оң жақ батырмасы басулы тұрса ғана, келесі әрекетті орында,
Тышқанның батырмалары басылмаған жағдайда ғана, келесі әрекетті орында.
Келесі бағдарламада тышқанның сол жақ батырмасы басулы тұрса ғана, тышқанның соңынан еріп, сызықтарды салады, әйтпесе жай ғана тышқанның соңынан ереді (сурет 17):
Сурет17. Сызықтың «ізін» салу
Сонымен қатар Drape бағдарламасында курсордың астындағы түсті тексеретін командалары бар, егер ол түс тең болса, онда келесі команда орындалады, әйтпесе келесіге көшу орындалады:
- Егер курсор астындағы түс қызыл болса ғана, келесі әрекетті орындау,
- Егер курсор астындағы түс көк болса ғана, келесі әрекетті орындау.…
Келесі бағдарламада қызыл түсті 10 дөңгелек салынады, содан кейін, егер қайтадан қызыл дөңгелекке түссе, оны көк түске бояйды (сурет 18).
Сурет 18. Конфетти салу
Бұл команда бағдарламаны тоқтатуға арналған: - Бағдарламаны тоқтату.
Мысалы, төмендегі бағдарлама тышқанның сол жақ батырмасы басулы тұрса ғана, дөңгелектерді салады, және де тышқанның оң жақ батырмасын басқанша дейін орындалады (сурет 19).
Сурет 19. Тышқанның оң жақ батырмасын басқанша дейін,
дөңгелектерді салу
Достарыңызбен бөлісу: |