Бастауыш мектептегі информатика


Процедуралар және «алға басу» (продвинутые) командалары



бет23/37
Дата29.12.2023
өлшемі3,76 Mb.
#144750
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37
Байланысты:
Khasanova-S-B-Bastauysh-mekteptegi-informatika-kursy

2. Процедуралар және «алға басу» (продвинутые) командалары.
«Процедурамыздың белгісіне тең, бағдарламаның соңындағы ромб, нені білдіреді?» - деген сұрақ туындайды. Осы кездге дейін біз тек қана бірінші процедураны пайдаландық, ал бұл бағдарламада олар алтау, олардың барлығын пайладануға болады.
2.1. Процедураларды сұрату
Бұл жерде жаңа ұғымды енгізу қажет – процедураларды сұрату. Мысалы сізге, процедураның бір өрісі жеткіліксіз, сонда сілтеулер немесе сұратулар қолданылады. Олар өте ыңғайлы шақырылады. (2)-ші аймақтағы сәйкес процедураның белгісін ағымды процедура өрісіне апарып қойсақ, жеткілікті. Бағдарламаның орындалу барысында, басты болып белгіленген процедура қатаң алгоритм бойынша орындалады, және егер алгоритм жолында басқа процедураға сұрату тұрса, онда сұратылған процедура орындалып, содан кейін көрсеткіш қайтадан басты процедураға көшеді. Барлығы 6 процедура бар. Олар әртүрлі түспен боялады:
Бірінші процедураны шақырту.
Екінші процедураны шақырту.
Үшінші процедураны шақырту.
Төртінші процедураны шақырту.
Бесінші процедураны шақырту.
Алтыншы процедураны шақырту.
Екі-ақ процедураны қолданып, бағдарлама жазайық (сурет 20):



Сурет 20. Жабысқан квадраттарды салу

Бұл бағдарлама қызыл түсті еске сақтап, квадрат салады, содан кейін көк түсті сақтап, қайтадан квадрат салады.


Енді негізгі ақпаратты меңгерген соң, «продвинутые» командаларға көшейік.
2.2. «Алға басу» (Продвинутые) командалары
Егер бұл бағдарламалардан күрделі бағдарламаларды жазғыңыз келсе, онда Drape-тің жаңа мүмкіндіктерін пайдалануға болады. Оларды пайдалану үшін (1)-ші облыстағы батырмаға шерту керек. Терезенің түрі кішкене өзгереді. (2)-ші облыстың бірінші бөлігінде бізге таныс, бірақ пішіні басқа командалары пайда болады (сурет 21):



Сурет 21. «Алға басу» командалары

Бұл командаларды пайдалану жолы жоғарыда қарастырылған командаларды пайдалануға ұқсайды, бірақ кейбір командаларды процедураларға қарай апара жатқан кезде сұраныс терезесі пайда болады. Бұл терезелерде таңдалған команданың параметрлерді енгізу керек (сурет 22).





Сурет 22. Параметрлерді баптау

«Алға басу» командаларының кейбіреулерін қарастырайық.


- Түсті орнату. Бұнда түстердің палитрасы кең, сізге тек қана түсті таңдау ғана қалады.
- Сызықтың енін орнату. Пиксельдердің санын көрсетін, сызықтардың енін өз қалауыңызша өзгертесіз.
- Бұрыштың өлшемін орнату. Бұл команда сіздің қалауыңызша бұрыштың өлшемін өзгертеді.
- Өлшемді өзгерту. Осыған ұқсас түрде орындалады.
- Жаңа позицияға жылжу. Команда орындалып болған соң, курсордың координаталары қандай болу керектігін бересіз. Санау жұмыс аймақтың ортасынан басталады, яғни (0,0) нүктесінен.
- Жаңа позицияға дейін сызық салу. Алдындағы командаға ұқсайды, тек сызық салынады.
- Бұл команда, шыққан терезеде жазылатын мәтінді экранға шығарады.
- Дыбыстық эффект кірістіру
- Келесі тұрған команданы белгіленген рет орындау.
- Кейбір уақыт аралығында ұйықтатып қою. Шыққан терезеде бағдарлама орындалмау қажет уақытты миллисекундаларда көрсетесіз.
- Курсор астындағы түс таңдалған түспен бірдей болса, келесі қадам жасау.
- Ағымды процедурадан шығу.
Кейбір кезде, бағдарламаның орындалу барысында ағымды ортаны келесі бағдарламаларда пайдалану үшін, оны есте сақтап қалу қажеттілігі туады. Екі жағдайда да сақтау керек, немесе ашылу керек ортаның атын енгізу қажет.
- ағымдағы ортаны сақтау.
- ортаны ашу.
Drape бағдарламасында алдын ала жазылған бағдарламаларды қолдану мүмкіндігі бар. Мысалы, спираль салудың бағдарламасын жаздыңыз, ал енді келесі бағдарламада 10 спираль салу керек дейік, бұл жағдайда алдын ала жазылған бағдарламаны қолдану ыңғайлы болады. Ол үшін келесі командамыз бар: -Бағдарламаны шақырту.
Drape бағдарламасында бағдарламаларды құру, сақтау және іске қосу батырмалары бар. Drape бағдарламасындағы барлық файлдардың кеңейтуі .DRP болады.
- ағымды бағдарламаны жойып, жаңа бағдарлама құру.
- бағдарламаны ашу. Файлдың атын таңдап, көрсету керек. Тышқан батырмасын шертіп, ұсынылған тізімнен қажетті бағдарламаның атын таңдап алыңыз.
- бағдарламаны сақтау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет