«Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» Педагогика пәнінің мақсаты мен міндеттері


Педагогика пәнінің негізгі категориялары, өзара байланысы



бет3/42
Дата24.05.2023
өлшемі0,79 Mb.
#96328
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
ГОС 1 жауаптарымен (копия)

Педагогика пәнінің негізгі категориялары, өзара байланысы

Педагогика – тәрбие және білім берудің негіздері туралы пән. Осы саладағы іс-әрекет пен оның заңдылықтарын зерттеп, жүзеге асыру жолдарын таныстырады. Екінші сөзбен айтқанда, педагогика пәні – тәрбие туралы ілім және терминнің шығуы гректің paides – бала, ago – жетектеу, ал сөзбе сөз мәні «пайдагогос» - «бала жетектеу» ұғымынан бастау алған. Кейіннен «педагогиканың» мән-мағыналық ауқымы кеңейіп баланың өсу, өркендеу жолын түсіндіретін өнер ретінде танылып, оларды оқыту, тәрбиелеу арқылы рухани жетілуін білдіретін және оған бағдар беретін ұғымға ие болды. Осы түсінік ХХ ғасырдың орта тұсына дейін көрсетілген шеңберде шектелсе, соңғы жылдар ішінде танымдық деңгейін, ауқымын кеңейтіп, тек баланың ғана емес, ересек адамдардың мамандық саласындағы танымына жетекшілік ететін пәнге айналды.
Педагогиканың ең басты міндеті – адам тәрбиелеу туралы туралы танымдық білім жүйесінде қол жеткен ұстанымды ғылыми тұрғыдан саралап, оның практикалық жолдары туралы бағдар нұсқау. Тәрбие мәселесі қай заманда болмасын күн тәртібінен түспейтін мәңгілік категория. Педагогика пәні – тұлғаның дамуын танып, білуді қамтамасыз ететін тәлім-тәрбиелік қарым-қатынасты білуге, меңгеруге, зерттеуге жол ашады, оқыту мен білім беру, өзін-өзі жетілдіріп, өрістетуге бағдар беріп, бұл саладағы тағылымдар мен оның әдіс-тәсілдерімен таныстырады. Білім берудің игі тәжірибелерін, теориясын білдіру арқылы адамның рухани байлығын табиғат пен қоғамдағы қарым-қатынаста белсенділік танытып, шығармашылыққа бейімделуіне дем береді. Тұжырымдай келгенде педагогика - әрі ғылым, әрі өнер. Бір жағынан теориялық, екінші жағынан тәжірибемен қауышатын практикалық мәндегі пән.

  1. Оқыту әдістері мен формалары

Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.
Оқыту тәсілдерінің түрлері:
• ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
• мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;
• оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
• жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару
тәсілдері.
Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің
жүзеге асуына көмектеседі.
Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.
Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары, станоктар, оқу кабинеттері, зертханалар, ЭЕМ және ТВ, нақты объектілер, өндіріс, құрылыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет