Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру формасы және құрылымы
«Тәрбие жұмысының формасы» оқушылардың нақты тәрбие әрекетін ұйымдастыру нұсқасын, олардың үлкендермен өзара әрекеттестігін, нақтылы істің композициялық құрылымын, оның мазмұнын, атрибуттарын, әдістемесін , дайындық және өткізу технологиясын, пндогоикалық талдауын анықтайды.
Қазіргі тәрбиені ізгілендіру, мектепті демократияландыру, тұлғалық – бағыттаушылық көзқарас жағдайында тәрбие процесінің мақсаттылығы, мәні және мазмұны ғана өзгермейді, сонымен бірге тәрбиенің ұйымдастыру формасына тікелей қатысты оның әдістемесі де өзгереді. Ол өзімен бірге дәстүрлі формаларды қайта қарау және қайта құруға, дәстүрлі емес формаларды шығармашылыпен іздестіруге ықпал етеді. Сондықтан оқушылардың оқудан тыс әрекеттері нақты мақсатты көздейді. Белгілі бір нәрсеге қатысты нақтылы қарым-қатынасты дамыту: музыкаға, қылқалам, табиғат, кітап оқуға т.б. Осыған байланысты ұйымдастыру формасы таңдалады: тәрбие сағаты, пікірталас, оқырмандар конференциясы, лектория, саяхат, мектеп балы т.с.с. Содан кейін барып оқушылардың жас және дара ерекшелігіне, сынып жағдайына байланысты нақтылы тақырып атауы анықталады. Мысалы, «Адамға музыка не үшін қажет?» - пікірталас, «Оқуда менің жетістігімді кім анықтайды»- тәрбие сағаты, «Қоғамдағы өзгеріс, оған менің көзқарасым» - дөңгелек үстел, «Батыл да, күшті, ептілер» - спорттық ойын т.с.с. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру формасы қаншалықты әртүрлі болған сайын соншалықты мақсатқа жету және тәрбие міндеттерін орындау жеңіл әрі жемісті болады.
Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының маңызы, тәрбие процесінің бірізділігін қамтамасыз ету. Бұл бағыттағы тәрбие жұмыстарын жоспарлауда сынып жетекшісіне оның қоғамдық бағытының болуын, балалардың жас және дара қасиеттерін ұйымдастыру жұмыстарындағы іс әрекеттері түрлерінің ерекшеліктерін ескеру талап етіледі.
Жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі және қалыптасуының өзара байланысы
Жеке тұлға туралы түсiнiк. Тәрбиенiң негiзгi мақсаты – қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтiк тәжiрибенi меңгеруi, оның жан жақты үйлесiмдi дамуы. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы мәселесiнiң көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектiлi және әр түрлi ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегi грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына табиғи тума қабілет, қоршаған орта да әсер етедi деп есептеген. Жеке тұлға – бұл интегративтi жүйе, әлдебiр ыдырамайтын тұтастық. Алайда, жеке тұлғаны зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың “өзегi” бар деп мойындайды, олар оны “Мен – жүйе” немесе жай ғана “Мен” деп белгiлейдi. Жоғарыда келтiрiлген жеке тұлға туралы түсiнiк жалпылама ұғым болып табылады.
Жеке тұлғаның ең маңызды белгiлерi – оның саналылығы, жауапкершiлiгi, бостандығы, қадiр-қасиетi, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттерi мен іс-әрекеттерiнде қоғамдық прогрестiң тенденцияларының, әлеуметтiк белгiлер мен қасиеттердiң айқын және өзіне тән ерекшелігінің көрiнiс табуы, оның іс-әрекетiндегi шығармашылық қасиетiнiң деңгейi арқылы анықталады. Бұл орайда “адам”, “жеке тұлға” деген ұғымдардың қатары “даралық” деген ұғыммен толықтырылуы қажет.