«Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»


Бастауыш мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін жиынтық бағалау



бет10/42
Дата09.06.2023
өлшемі0,76 Mb.
#100022
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42
Байланысты:
ГОС «Бастауыш мектептегі т рбие ж мысыны теориясы мен дістемесі» П

19 Бастауыш мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін жиынтық бағалау
20 Рухани- адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру әдістемесі
21 Тәрбие процесін бақылау және диагностикалау әдістемесі
22 Педагогикалық қызметтегі инновациялық бағыт

  1. Сыныптан тыс жұмыс процесінде оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру

Оқушыны көшбасшылыққа жетелейтін жеке қасиеттер:
-қарым-қатынас орната білу;
-топты қалыптастыра, біріктіре білу;
-мақсатын анықтау;
-қажет тапсырмаларды беру және оны орындату;
-адамдардың қажеттіліктерін, қызығушылықтарын білу, оны қорғау;
-аз уақытта көп ақпаратты игере білу;белгілі біржағдайда шешім қабылдай алу;
-үлкен шығармашылық қасиеттер болу керек.
Оқушылардың көшбасшылық қабілеттілігі дегеніміз – ол басқару іс-әрекетіне деген жағымды мотивациясы негізінде басқару туралы білімдерін, тәжірибесін өз өмірі мен іс-әрекеті және қоршаған ортадағы құбылыстарды басқаруда қолдана алу қабілеттілігін сипаттайтын студент тұлғасының кіріктірілген қасиеті.
Көшбасшы — топ мүшелерінің мінез – құлқына доминаттылық және бағындыруға қатысты негізінде әсеретеу процесі. Оқушылардың бойында осы қасиеттерді қалыптастыру үшін мұғалімнің атқарар ролі өте зор болып табылады. Ол үшін әрбір оқушының ішкі түйсігінде алға ұмтылу, даму, жан-жақтағы ортаны ерекше сезіну, алға қойған мақсаттарға жетудің жолдарын қарастыру, өз ортасында беделге ие болу, сауаттылықты арттыру, іздену, мәдениетті сөйлеу, кез келген жағдайда өзін көрсете білу, тығырыққа тірелмейтін түрлі жұмыстар атқару және өзін жеке тұлға ретінде санап, мемлекетке қызмет етуге дайындауы қажеттілігін сезінуі шарт. Оқушы осы қасиеттерге ие болған жағдайда оларды болашаққа, көшбасшылыққа дайындаушы мұғалімдерге бірме-бір септігі теді. Баланың бойындағы бар қабілеті жетілдіру соншалықты дағдылы болып табылады. Себебі оқушы ойға алған істерін жандандыра біледі. Оқушылардың бойында көшбасшылық орын алмаған жағдайда оқытушы қызықты тапсырмалар мен әңгіме сабақтары арқылы көшбасшылыққа икемдей алады. Алдымен көшбасшы дегеніміздің не екендігін түсіндіреді. Оның қыр-сырын, егжей-тегжейлі оқыта келе ол қасиетті өзіне қаблдаған жағдайда қандай жетістікке тап болатындығына мән береді. Мәселен, класс ішінде бірнеше оқушы басқаларға қарағанда көшбасшылығын қалай білдіреді. Ол алдымен сыртқы ортадағы қарым-қатынасынан аңғарылады. Сойлеу мәдениеті, басқаларды тыңдай білу сауаттылығы, тапсырманы жауапкершілікпен орындау шеберлігі, сауаттылықтың басты қызмет атқаратынын сезе білушілігі, кз келген жағдайда қиындықтан жол таба білуі сияқты басты құндылыққа ие адами қасиеттері мен сабақтағы озат оқушы екендігін дәлелдеуде жалғасады




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет