«Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»


М.Әуезовтың «Жетім» шығармасының көркем лирика-драмалық тұстарын талдау



бет36/42
Дата09.06.2023
өлшемі0,76 Mb.
#100022
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   42
Байланысты:
ГОС «Бастауыш мектептегі т рбие ж мысыны теориясы мен дістемесі» П

6.М.Әуезовтың «Жетім» шығармасының көркем лирика-драмалық тұстарын талдау
Бұл әңгімелерде қорлық-зомбылыққа шыдай алмаған әке шешесінің қабірін іздеп шыққан Қасым мен Ғазизаның қазаға ұшырауы суреттеледі. Жетім әңгімесіндегі басты кейіпкер-жас бала Қасым. Шығармада Қасымның қиын да күрделі тағдыры, аянышты халі берілген. Әжесі дүние салғандағы Қасымның қайғырған сәті суреткер баланың өзіндік психологиясын, ұғымын, тілін шынайы бейнеленген: - Әжетай, мені кімге тастап кеттің? Мені неге ала кетпедің? Менің шынымен сорлы жетім болғаным ба? Қасымның ендігі тағдыры тірліктегі өмір жолы, бәрі әжесі аманаттап тастап кеткен Иса мен оның көкбет, қатыбас, долы әйелі Қадишаның қолында. Әңгіменің еріксіз аяушылық тудыратын тұстары бар. Ол онсыз да тағдырдың тауқыметін арқалап жүрген Қасымға берген Қадишаның қарғысы мен Исаның аяусыз соққыға жыққан жері. Сонау бір қараңғылық ықпалынан шыға алмаған қара ниетті жандар Қадиша мен Иса расында, жүрегі тасқа айналып, мейірімнен жұрдай топастық танытуы сол қоғамның әдсіздерді аямайтын жыртқыштық пиғылын көрсетеді. Сол заманда әлсізге күш көрсетуі, қорлау, қанау сол кезеңнің қалыпты, үйреншікті ісі еді деп таныған пендешіліктің пасық ой түюінен еді. Иса мен Қадишаның дүниеқоңыздығы Қасымның әке шешесі, әжесі тастап кеткен мұрасын талан таражға салып, Қасым бойына жиіркеніш сезімін ғана тудырмай, сол қылықтарына қарсы жауап, өз құқығын қорғауға итермеледі. Осы әңгімеден қазақ даласына кірген сауда дүниесінің болмысын көреміз, Иса мен Қадишаның саудагер, дуниешіл пиғылдағы адамдар екенін көреміз.Қасым осынау озбыр қоғамның зұлым әрекетіне қарсы шыға алмай, тағдыр жазуына еріксіз мойсұнған қорғансыздардың әлеуметтік тобының өкілі. Әңгімеде Қасымның бір даралығы әруақ сыйлайтын ер азаматтың мінезі көрсетіледі. Бірақ қанша ер мінезді болса да, тағдыр теперіші мен аға жеңгсінің қорлығына шыдай алмаған жас бала ажал құшады. Жалпы айтқанда, бұл әңгімеден жетім психологиясын дәл беру шеберлігі балалар өмірін жазу бағытындағы үлкен ізденіске апарар жолдың басы деуге болады.
7.Мақал мен мәтелдің құрылымдық жасалу жолдары
Мақал-мәтелдердің тілі қарапайым және өте көркем, сөздік құрамы бар. Сөйлем құрылысы жағынан жеңіл, әсерлі болып келеді. Халық мақал-мәтелдердегі қолданылған сөздердің тек қана сыртқы сұлулығына қарамайды, сонымен қатар құрамындағы сөз мағынасының шебер, орынды қолданылуына назар аударады. Мақал-мәтелдерді үйрету тіліміздің байлығын, сөйлем құрылысын, дұрыс сөйлеу заңын жетік білу, тілді дамытып, баланың ой-өрісін кеңейтуге көп әсер етеді. Қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне, орыс тілді бөлім оқушыларына оқытқанда, фонетика мәселесіне жеке көңіл бөлу керек. Қазақ тілінің ерекшелігіне тән дыбыстары бар мақал-мәтелді дұрыс айту дағдысын қалыптастыру үшін мына жұмыстар жүргізіледі:
1.Оқытушының мақал-мәтелді, мәтінді оқып көрсетуі
2.Магнитофоннан мәтін тыңдатып, одан мақал-мәтелдерді тапқызу;
3.Мақал-мәтелдерді тыңдату, қайталау, өз қатесін өзіне түзеттіру;
4.Мәтінді, мақал-мәтелдерді қайта оқыту жұмыстары;
5.Мақал-мәтелдерді мәнерлеп оқытуға жаттықтыру жұмысы;
6.Мақал-мәтелді өзінше айта білуге жаттықтыру жұмысы;
Мақал-мәтелдің дұрыс орфоэпиясын қалыптастыруда мәнерлеп оқытудың мәні зор. Мақал-мәтелдерді дұрыс айта алмау оның тыңдаушыға түсініксіздігін туғызады, әрі тыңдаушыға дұрыс әсер етпейді. Мақал-мәтелді мәнерлеп айтуға үйрету үшін, ондағы әр сөзді үндестік заңына бағына отырып, дұрыс айта білуге жаттықтыру қажет. Мұнда мақал-мәтелдегі әр сөздің анық айтылуымен жұмыс жасалады. Сонан соң мақал-мәтелдегі қиын сөз тіркесін айтқызып жаттықтыру да пайдалы.
Мақал-мәтелдер тәрбиелік жағынан да, оқушылардың сөздік қорын молайтуда да теңдесі жоқ мұра екенін мойындай отырып, қазақ тілі сабақтарында олармен жұмыстың сан түрін жүргізуге болады. Ескерер нәрсе, тапсырманың барлық түрінде де мақалды тіл үйренушінің өзіне аудартып немесе орыс тіліндегі мағынасы ұқсас баламасын мысалға келтіре отырып, мағынасын ашып түсіндіріп отырған дұрыс.Мақал-мәтелдерге байланысты жүргізілетін мынадай жаттығу түрлерін атауға болады:
а) мақал-мәтелдің ішіндегі бір сөзді ауыстырып беріп, яғни қатесін оқушыларға түзеттіру;
ә) мақал-мәтелдің кейбір сөзінің, сөздегі дыбысының орнына көп нүкте қойып, оны толықтырып жазғызу;
б) қарапайым сөйлем мен мақалды қатар беріп, ажырату; екі топқа бөліп, әр топқа белгілі бір тақырыптағы мақалдар айтқызып жарыстыру;
в) сөздерді орындарына қойып мақалды дұрыс құрастыру;
г) мақал-мәтелдің жартысы беріліп, оны аяқтау тапсырылады. Мысалы, мына мақал-мәтелдердің екінші бөлімін тауып жазыңыз:
Білекті бірді жығар,………2. Өнерлі жігіт өрде озар, ….
Көре-көре көсем боларсың, ……
ғ) мақал-мәтел құрамындағы бір сөзді ғана атап, ол сөзі бар мақал айтқызу. Мысалы, «білім» немесе «ана» сөзі бар мақал-мәтелдің мағынасы түсіндіріліп, қайталанады. Мұндай жаттығуларды бұрын өтілген мақал-мәтелдерді бекіту, қайталау үшін қолдануға да болады. Кейбір тапсырмаларды оқушылар мақалдың мағынасын түсініп, айтылуын меңгерту жұмыстары жасалғаннан кейін ғана жүргізген дұрыс.Септіктерді өткенде қарапайым сөйлемдерден гөрі, мағыналы мақалдарды қолданған әрі пайдалы, әрі қызықтырақ дер едім.
А.с. Денсаулық – зор байлық
І.с. Дарақының күлкісі қанбас, жалқаудың ұйқысы қанбас
Б.с. Жалқауға мың сылтау
Т.с. Темірді қызған кезде соқ
Ж.с. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің
Ш.с. Көп жасағаннан емес, көп көргеннен сұра
К.с. Еңбекпен тапқан мал тәтті



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет