«Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»


Байланыстырып сөйлеу жұмыстарының психологиялық, педагогикалық және лингвистикалық ерекшеліктері



бет18/42
Дата09.06.2023
өлшемі0,76 Mb.
#100022
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42
Байланыстырып сөйлеу жұмыстарының психологиялық, педагогикалық және лингвистикалық ерекшеліктері

Баланы ойлау мен сөйлеуге үйрету негізі бастауыш сыныптарда қаланады, яғни бастауыш сынып оқушылары ойлау мен сөйлеу дағдысына төселіп, істі шығармашылықпен ұтымды орындауға үйренеді.
Сөйлеу арқылы адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасайды. Сөйлесудің пікірлесу ретіндегі әрекетінің әртүрлі болып келетінін психология ғылымы зерттей отырып, оны үлкен екі топқа сырттай және іштей сөйлеу деп аталатын топтарға бөліп қарастырады. Сырттай сөйлеудің өзі ауызша (дыбысты тілдің көп және кең тараған түрі) және жазбаша сөйлеу болып бөлінеді. Сөйлеудің бұл түрлері бір-бірімен өзара диалектикалық байланыста болады. Өйткені, сырттай сөйлеу (ауызша, жазбаша) мен іштей сөйлеудің физиологиялық негізі бір – ми жарты шарлары қабығындағы екінші дабыл жүйесінің механизмдері. Олардың негіздерінде сөйлеу мүшелірінің қозғалысынан шығатын кинестетикалық сезімдер жатыр.
Кинестетикалық түйсікке негізделген шығарма мен мазмұндама жазу оқушылардың қабылдауын дамытып, зейін өрісін кеңейтеді, ойын, тілін дамытады, олады қиял шыңына шарықтатып, тәтті сезімге бөлейді.
Психологтардың айтуынша, бастауыш сынып оқушыларының қиял дүниесіне бой ұруы әртүрлі оқиғаларға кездесуге құштарлығы, өзін ертегі кейіпкерлерінің орнына қойып, ойға алғанын іске асыруға әрекет жасауы басым болады. Олардың бұл ерекшелігін шығармашылық жұмысқа пайдаланудың зор маңызы бар.
Қиялдың шарықтап дамуының ең жоғарғы сатысы шығармашылық әрекетпен тығыз байланысты болады. Қиял екі түрлі. Пассивтік және активтік. Пассивтік қиялға түс көру т.б. жатады, ал активтік қиялдың өзі қайта жасау және творчестволық болып екіге бөлінеді. Шығарма, мазмұндама жұмыстары активтік қиялдың екі түрін де дамытады, өйткені кітап оқу, түрлі суреттер көру, диафильмдер көру арқылы уақиғаларды көз алдына елестету – қайта жасау қиялының көрінісі. Ал бала қиялының бетін шындыққа бұрып, оның іс-әрекетіне өз ойынан шығарғанын, өздігінен тапқандарын қосып дамытуға, толытруға үйрету шығармашылық қиялды дамыту болып табылады. Осыған орай, еркін тақырыпқа шығарма жаздыру т.б. жұмыстарды көбірек жүргізу оқушы шығармашылығын дамытады. Балалардың мектепке келіп түскен кездегі психикалық және дене даму ерекшеліктері жөнінде оқулықтарда берілген мағлұматтарға сүйене отырып, мазмұндама мен шығарманы да осы кезден, 2-сыныптан бастап жүргізуге толық мүмкіндік бар екені зерттеулер бойынша анықталған.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет