«Семей қаласынан үш жыл оқып жайлаудағы әке үйіне күн кешкіре жетіп жығылған он жасар шәкірт бала Абай аттан түскен бетте анасына беттейді, байқап қалған байсалды ана Ұлжан: әй, шырағым балам, ауелі ар жағыңда әкең тұр...Сәлем бер! -дейді, бір сәтте балалық сезімі жеңіп, қателік жібергенін білген Абай әкесі Құнанбай тұрған топқа бұрылады». Бұдан Ұлжан ананың Абайға әкені құрмет тұтуды үйреткенін көреміз. Қазақ әйелінің даналығы, ұлттық тәрбие құдіретінің сыры осында жатыр
Монологтың ауызша және жазбаша түрлері
Монолог – (гр. monos - дара, гр. logos - сөйлеу) кейіпкердің көпшілікке қарата немесе өзіне арнап айтқан сөзі, толғанысы, өсиет-уағызы.
Монолог – сөз өнерінде кейіпкердің ішкі жай-күйін, толғаныс-тебіренісін бейнелеу мақсатында қолданылатын тәсіл. Монологтың ерекшелігі бір адамның ойы, сөзі көрініс табады. Сахналық Монологта кейіпкер өзімен-өзі сырласқандай болып, тыңдаушы не көрерменнен жауап күтпейді. Абайдың “Болыс болдым, мінеки” өлеңі лирикалық монолог болса, Алтай (“Сұлушаш”), Қоңқай (“Ақан сері – Ақтоқты”) репликалары эпикалық, драмалық монологтарға мысал бола алады. Монологта кейіпкердің ой-тұжырымдары айтылып, оның жай-күйі айқын аңғарылады. Монологты ғылыми тұрғыда интраперсоналды сөйлеу деп те атайды. Монолог – сөйлеуші өз ойын бір, бірнеше, көп адамдарға арнап айтатын ауызша сөйлеу әрекеті.
Монолог тек қана ауызша сөйлеу ыңғайында бола бермей, жазбаша түрде де кездеседі. Екі жағдайда да (ауызша және жазбаша) негізгі ерекшелігі - бір адамның сөйлеуі немесе бір адамның ойы. Монологтың өзіне тән байымдау, синтаксистік құрылым, лексикалық бірліктерді (единицаларды) таңдап жұмсау, біршама жинақы пікір сияқты өзгешеліктері болады. Бұл аталған белгілердің сөйлеу немесе жазу жанрларына байланысты (көркем монолог, шешендік сөз, тұрмыстағы әңгіме т. б.), функциональдық-коммуникативтік қызметіне қарай (сипаттау, баяндау, әңгімелеу, сендіру т. б.) әр түрлі монологтар көрініс береді. Жанрішілік айырмашылықтар (автор сөзі, кейіпкерлер тілі, ғылымы баяндама, үгіт-насихат мақсатындағы сез т. б.) монологтың стилистикалық ерекшіліктерін танытады. Кейбір ғалымдардың пікірінше, монологтың белсенді болуы (риторикалық сұрақтардың жиі ұшырасуы, аудиторияға тікелей қарата сөйлеу дәстүрі т. б.) оны "диалогтандыра түседі", яғни адресаттарды (тыңдаушылар мен оқырмандарды) сөйлеуші немесе жазушы өзінің ойына етене араластыра алады.