«Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»


Сөйлемнің синтаксистік ерекшелігіне орай



бет31/42
Дата09.06.2023
өлшемі0,76 Mb.
#100022
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42
Байланысты:
ГОС «Бастауыш мектептегі т рбие ж мысыны теориясы мен дістемесі» П

Сөйлемнің синтаксистік ерекшелігіне орай [өңдеу | қайнарын өңдеу]
Тыныс белгісінің сөйлемнің құрылысына, түріне, жасалу жолдарына орай қойылуы сөйлемнің синтаксистік ерекшелігіне байланысты қойылу деп аталады.
Құрамына қарай сөйлем, негізінен, екіге бөлінеді: жай сөйлем, құрмалас сөйлем. Бұлардың өзі бірнеше түрге бөлініп, алуан түрлі жолдармен жасалады. Міне, осымен байланысты сөйлемнің ерекшеліктеріне орай, қолдану сипатына қарай әр түрлі тыныс белгілер қойылады. Мәселен, хабарлы сөйлемнен соң нүкте қойылады, сондай-ақ, сұраулы сөйлемнең соң сұрау белгісі, лепті сөйлемнен соң леп белгісі қойылады.
Сөйлем құрамында кездесетін оңашаланған мүшелер, оқшау сөздер деп аталатын қаратпа, қыстырма сөздер - бұлар сөйлем құрамындағы өзге мүшелерден тиісті тыныс белгілері арқылы ажыратылады. Сондай-ақ, жалпылауыш сөз сөйлемнің бірыңғай мүшелерінен бұрын келсе, жалпылауыш сөзден соң қос нүкте қойылады да, ал керісінше келетін болса, жалпылауыш сөздің алдынан сызықша қойылады.
Сөйлемнің мағынасына орай[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Тыныс белгісінің дұрыс қойылуы сөйлемдегі кейбір сөздердің мағынасына, сондай-ақ бүкіл сөйлемнің мағынасына тікелей байланысты.
Мәселен, Мен оның сөзінен байқаймын деген сөйлемді Мәлғұн шалдың сөздері, байқаймын, Пугачевті ойландырған сияқты (А. С. Пушкин)
деген сөйлеммен салыстыратын болсақ, мұндағы байқаймын сөзі екі түрлі мағынада жұмсалған. Бірінші сөйлемдегі байқаймын сөзі аңғарамын, білемін деген мағынада жұмсалып, белгілі бір сөйлем мүшесі болып тұр (баяндауыш), сондықтан да оған сөйлем мүшесіне тән сұрақ қойылады. Ал екінші сөйлемдегі байқаймын сөзінде ондай қасиет жоқ. Бұл - меніңше, байқауымша, тәрісзді мәнде қолданылып, жұмсалып тұр. Осыған орай қыстырма сөз сөйлем ортасында келгендіктен, оның екі жағынан бірдей үтір қойылады. Сондай-ақ көп нүкте, тырнақша, жақша, сұрау, леп белгілері сөйлемнің мағынасына негізделініп қойылады.
Сөйлемнің интонациясына орай]
Тыныс белгілерін дұрыс қою интонациямен тікелей байланысты. Мәселен, хабарлай айтылған сөйлемнен соң кідіріс болады да, соған орай нүкте қойылады. Құрмалас сөйлемдерді оқығанда, құрмалас құрамындағы әрбір жай сөйлемдерден соң, сондай-ақ бірыңғай мүшелердің әрбір сұлуларынан соң кідіріс болып, олар үтір белгісімен ажыратылады. Ал сұраулы, лепті сөйлемдерді оқығанда, дауыс көтеріңкі айтылады да, тиісті тыныс белгісі қойылады.
Бастауыштан кейін қойылатын сызықшада интонацияның ролі айрықша көрінеді.
Мысалы: Еменнің иілгені - сынғаны. Көптің ісі - көл (мақал).
Бірінші, екінші сөйлемдегі сызықшалар бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен немесе заттанған есімшеден болғандықтан қойылып тұр. Бұл сөйлемнің синтаксистік ерекшелігіне негізделеді. Сонымен қатар сызықша қойылып тұрған жерге кідіріс жасаймыз, әйтпесе сөйлемнің синтаксистік қызметі бұзылады.
Алайда сөйлемнің немесе сөздер мен сөз тіркестерінің айтылу интонациясы тыныс белгілерімен сәйкес келе бермейді.
Мысалы: Балықшы балықшыны ұзақтан көреді (мақал)
дегенде, балықшы дегеннен соң, сондай-ақ, балықшыны деген соң кідіріс жасалады, бірақ соған қарай үтір қойсақ, дұрыс болмас еді, өйткені бұл сауатты жазу ережелеріне сыйыспайды

Тыныс белгілерін қоюдағы үшінші ұстанымы - интонация, дауыс ырғағы. Бұлардың ешқайсысы таза


күйінде кездеспейді, тек бір ғана белгіге сүйеніп тыныс белгі
қоя аламыз, дегенмен жетекші ұстаным деп грамматикалық
ұстанымды айтуға болады, себебі ол сөйлемдегі негізгі ойды
айқындауға көмектеседі. 
Сонымен, тыныс белгілерінің кездесетін жері (орны)-
үшеу: а) сөйлем соңы, мұнда қойылатын тыныс белгілер:
нүкте (. ), сұрау белгісі (?), леп белгісі (!), көп нүкте (... ); ә)
құрмалас құрамындағы жай сөйлемдердің арасы, мұнда үтір
(, ), нүктелі үтір (;), қос нүкте (:), сызықша (-) қойылады; б)
жай сөйлем ішінде кездесетін тыныс белгілері үтір (, ), қос
нүкте (:), сызықша (-), жақша (), тырнақша («»). Сөйлем
соңында бұлардың қабаттасып келетіні де болады. 




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет