Бастауыш сынып мұғалімі: Ахметова А. Е. Бастауыш сынып оқушыларының ойын арқылы танымдық қабілеттерін дамыту


Балалардың басты іс-әрекеттерінің бірі–ойын. Сондықтан біз ойын технологияларын пайдаланамыз



бет3/4
Дата12.10.2022
өлшемі0,51 Mb.
#42570
1   2   3   4
Байланысты:
0003ce1b-a236feb3

Балалардың басты іс-әрекеттерінің бірі–ойын. Сондықтан біз ойын технологияларын пайдаланамыз.

Ойын – саяхат. Бұл әртүрлі танымдық материалды қарастырады. Әртүрлі іс-әрекетімен ашық бейнелермен қызықтырады. Ойындар арнайы дайындықты қажет етпейді. Ойын-саяхат табиғат мезгілдері, табиғат құбылыстары «ауыл», «қала», «көлік» сияқты ұғымдар туралы белгілерін бекітіп, ертегілер мен мультфильмдерге қызығушылықтарын дамытады.
Бұл этюдтерде балалар тәтті жемісті, нанды, ғажайып ағашты кезіктіреді. Педагог балалардың қабылдауын қалыптастырып сөздерін іс-қимылмен байланыстыра білуге үйретеді. Балалар шыршаны әшекейлеп, торт пісіреді. Бұл тұрмыстағы этюдтерді әртүрлі сабақтарда пайдаланамыз.
Ойын - әңгіме. Бұнда бала жанды немесе жансыз затқа айналады. Осы образда әртүрлі мәселе жағдайларды шешіп, кеңес беріп, айналадағы орта туралы сұрайды. Ойын арқылы еске сақтау қабілеттері диалогтік сөйлеу және ойлау қабілеттері дамып, мұқият болуға үйретеді. Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнына, танымдық іс-әрекет сипатына, ойын құрылымына сәйкес жіктемелері бар.
Танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері:
1. Балалардың орындаушылық әрекетін талап ететін ойындар.
2. Қайта жаңғырту іс-әрекетін орындауға бағытталған ойындар.
2. Бастапқы дыбыстары біркелкі бірдей дыбыстардан басталған жұмбақтар немесе жаңылтпаштар жазыңдар.
Мысалы: Ти десем тимейді,
Тиме десем тиеді. (ерін)
(Жұмбақтың шешуіне фонетикалық талдау жаса)
«Сөзтізбе» ойыны.
Шарты: әр сөздің соңғы дыбысынан басталатын сөздер тізбегін жасаңдар.
Мысалы: Көйлек – кеме – ерін – наурыз – заман - ................
(бұл ойынды кімде- кім белгілі бір уақыт ішінде (5 минут) 20 сөз жазып шықса, сол жеңімпаз болып саналады).
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланатын ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойын-есептер, ұлттық ойындар, т.б. Бұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.
.
3. Оқушылардың іс-әрекетін бақылауға бағыттаған ойындар.
4. Ізденіс іс-әрекетіне бағытталған ойындар.
1. А әрпінен басталатын қалалардың аттарын жазыңдар.
Мысалы: Алматы, Астана, Ақтау, ... (Ол қалалардың қай жерде орналасқанын картадан көрсетіп, қала туралы не білетінін сұрау).
2. Тек қана а, е, ы, і дауысты дыбысы бар сөздер ойлап жазыңдар.
Мысалы: (а) Шағала, Тамара, Тамаша, ...
(ы) Ыдыс, Ыдырыс, Ыстық, ...
(і) Ілгіш, Ірімшік, Тіршілік, ...
(е) Береке, Текемет, Ертең, ...
3. Қай жағынан оқыса да мағынасы өзгермейтін сөздер ойлап жазыңдар.
Мысалы: қазақ, нан, керек
«Кім жылдам?» ойыны
.
Дыбыстарды тиісінше тіркестіріп сөз жазыңдар.
1. Р, о, б 4. а, ш, а, ғ
2. т, р, е, м, е 5. қ, ы, а, з,қ
3. а, л, а, д 6. і, м, б, л, і
Тақтаға заттардың, жануарлардың суреттері ілінеді. Суретке байланысты айтылған мақал- мәтелдерді кім біледі?
(Көп айтқан оқушы жеңімпаз болады).
.
Ішінде антоним сөздер бар мақал-мәтелдер тауып жазыңдар.
1 . Үйдің .............- .............қыс түскенде білерсің .
Кімнің ..........- .............іс түскенде білерсің.
2. Ашу- .........., ақыл- .............
(Оқушыларға антоним сөздердің мақал – мәтелдердегі орны туралы айттырамын).
«Адасқан әріптер» ойыны


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет