25
Коммуникативтік тапсырмаларды қолданудағы оқыту мақсаты – баланың
оқу іс әрекеттерін, пәндік білімдер мен біліктерін және коммуникативті
біліктіліктерді меңгерумен бірлікте қарауды қамтамасыз етеді.
Жоғарыда айтылған пікірлерді негізге ала отырып, келесідей қорытынды
жасауға болады:
– коммуникативтік тапсырма кең ауқымды қасиет тасымалына ие
болғандықтан, әмбебап ұғым ретінде қарастырылып, оқыту үдерісінде
барлық пәндік материалдары негізінде тұлғаарлық өзара әрекетте
педагогикалық құрал;
– коммуникативтік тапсырма бастауыш білім беру сатысында бастауыш
сынып оқушыларының коммуникативтік біліктілігін қалыптастыру мен
дамыту құралы болып табылады.
Бастауыш сынып оқушысының тұлғалық дамуына біртұтастықта қарау,
бастауыш білім беру кезеңіндегі басты мақсаттардың бірі ретінде
коммуникативтік тапсырмаларды шешу барысында кммуникативтік
біліктіліктердің қалыптастыратын келесідей маңызды компоненттерді атауға
мүмкіндік береді:
– мотивациялық аймақта – қарым-қатынастың артуы, табыстылыққа жетуге
деген ұмтылыс, өзін-өзі жүзеге асыруға деген ықылас;
– интеллектуалдық аймақта – шығармашылық қарым-қатынасқа деген
талпыныс, өнертапқыштық, эрудициялы (жан жақты мағлұматы бар);
– эмоционалдық аймақта – сезімді, эмоцияны, қатынасты (қатыстылықты)
дұрыс жеткізе білу;
– ерікті аймақта – қарым-қатынаста қажырлылық пен табандылықты,
жинақылықты, бастамашылықты (ынталылықты) дамыту;
– өзіндік реттеушілік аймақта – өзіндік ретттеу тәсілдерін меңгеру,
коммуникациялық өзара әрекетте басқалармен өзінің әрекеті мен қалауын бір
пікірге келтіре білу іскерлігі;
– эксизтенциалдық аймақта – жеке тұлға ретінде өзін өзі таный білуін
дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: