Бастауыш сынып оқушыларына арналған оқу тапсырмалар жиынтығы Әдістемелік көмекші құрал



Pdf көрінісі
бет10/18
Дата07.02.2023
өлшемі0,63 Mb.
#65889
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Байланысты:
бастауыш

бастауыш 
сынып 
оқушыларын 
оқытуда 
коммуникативтік тапсырмалардың ролі баланың тұлғалық дамуының ішкі 
қайнар көзі ретінде қызмет етеді, сондай ақ, оқу әрекеті барысында 
тұлғааралық қарым-қатынасы мен өзара әрекеттеріндегі оның қажеттілігін 
қанағаттандырады.
Бастауыш білім беру деңгейінде коммуникативтік тапсырмалардың 
орны – сыныптық-сабақ жүйесінде, ойында, проблемалық оқытуда, 
коммуникативтік әрекетті ұйымдастыруда және жобалау әдістемесінде
тестілеуде және диагностикалауда; дәстүрлі емес сабақтарда; сыныптан тыс 
әрекеттерде көрінеді.
Коммуникативтік тапсырмалардың пәнін әдеттегі және әдеттен тыс 
жағдаяттардағы қарым-қатынас тәсілдері мен білімді жетілдіру сапасы ретінде 
түсінеміз.
В.А.Кан-Каликтің ескертуі бойынша, коммуникативтік тапсырма 
педагогикалық тапсырмаға қарағанда дайынды алып жүретін, соңғысынан 
келіп шығатын және сонымен анықталады. Ғалымның коммуникативтік 
тапсырмаларды шешу үдерісіндегі тұғырын былайша жіктеуге болады. Бұл 
үдеріс өзіне келесідей кезеңдерді қамтиды:
І. Коммуникативті тапсырмларды түсіну. 
ІІ. Тапсырманың бастапқы мәліметіне талдау жасау.
ІІІ. Ғылыми болжамын ұсыну.
ІV. Коммуникативтік өзара әрекеттесу тәсілдерінің жүйесін анықтау. 
V. Тапсыманы өзі шешу.
Бірінші кезеңде педагогикалық міндетті жүзеге асырудың қажетті 
мүмкіндігі ретінде коммуникативті тасырманы түсіну жүзеге асырылады.
Бастапқы мәліметтерге жүргізілген талдаулар, жағдаяттық мүмкіндіктерді, 
балалардың жас ерекшелігін, өзіндік мүмкіндіктерін есепке алу қажеттігін
ескереді. 
Педагогикалық 
өзара 
әрекеттестікке 
бар 
бара 
келетін 
коммуникативтік болжамды ұсына білу біліктілігі маңызды мәнге ие. Ол үшін 
педагог кемелді ойлау мен болжам жасай білу қабілетіне ие болу керек. 
Коммуникативтік өзара әрекеттестік әдістер жүйесін анықтау, педагогикалық 


22 
жағдаятқа 
бағдар 
жасай 
алу, 
балалардың 
жеке 
ерекшеліктерін, 
коммуникативтік технологияларды меңгеру деңгейімен тікелей байланысты. 
Тапсырмаларды шешу тікелей таңдап алынған коммуникатвтік өзара 
әрекеттестіктікте қарым-қатынаста вербалды және бейвербалды құралдарды 
қолдануға негізделіп, оқу-тәрбие үдерісіне қатысушылармен кері байланыстың 
түрлі жолдарын орнатуға бағытталады.
А.В.Фоминаның зерттеуінде оқытудың тәрбиелік мақсатын жүзеге 
асыруға мүмкіндік беретін коммуникативтік педагогикалық тапсырмаларды 
бөліп көрсеткен:
1) эмоционалдық көңіл күй орнату және оны ұстап тұру;
2) қарым-қатынастың жалпы мәдени дағдыларының болуы;
3) оқушылардың мотивациялық ортасын ынталандыру;
4) олардың өзіндік әрекеттерінің нәтижесін үнемі бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет