Мақсаты:
Оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін жетілдіре отырып, тіл байлықтарын, өз ойларын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білу дағдыларын дамыту. Басқалармен тең құқылы білім алуға мүмкіндік жасау. Өзіне сенімді, мәдениетті тұлға тәрбиелеу. Сонымен қатар, оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту. Олардың білімге деген құштарлығын, еңбек сүйгіштігін, орындалатын жұмысқа деген жауапкершілігін арттыру, қиындықтарды жеңе білуге баулу.
Міндеттері:
табысты білім алуға және белсенді қызметке ынталандыру;
балалардың бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасай білуге және табысқа жетуге үйрету;
байланыстырып сөйлеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету;
үлкендерді құрметтеп, олардан өнеге алуға жетелеу.
жаңа сөздердің, сөз тіркестерінің, мақалдардың сөздігін жасау.