Бастауыш сынып пен орта буын арасындаѓы



бет1/13
Дата19.09.2023
өлшемі1,99 Mb.
#108409
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
d181d18bd0bdd18bd0bf-d0bfd0b5d0bd-d0bed180d182d0b0-d0b1d183d18bd0bd-d0b0d180d0b0d181d18bd0bdd0b4d0b0 d18b (1)





Шығыс Қазақстан облысы
Үржар ауданының білім бөлімінің әдіскері
Құмашева Гүлнұр Жұмашқызы


Педагогикалық ғылым мен тәжірибедегі сабақтастық байланыс мәселесі

АННОТАЦИЯ


Ғылыми мақалада жалпы орта білім беретін мектептердегі бастауыш сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі, бастауыш сынып пен орта буын арасындағы сабақтастық мәселелері педагогикалық-психологиялық тұрғыда қарастырылған. Ғылыми мақала бастауыш сынып мұғалімдеріне, сынып жетекшілері мен психологтарға арналған әдістемелік көмекші құрал болып табылады.

АННОТАЦИЯ


В данной научной статье рассмотрены проблемы преемственности при переходе учащихся из начальной школы в среднее звено. Проанализированы характерные особенности школьников при адаптационном периоде, использование принципа преемственности в процессе такого периода различных методов сопоставительного анализа. Выявлена и обоснована необходимость совместного использования методов сравнительного анализа в процессе принципа преемственности. На основе проведенного ислледования автором предлагается выделить теоретический и экспериментальный способ принципа преемственности, дается его определение, формилируются основные характеристики школьников в данный период.



Сабақтастық байланыс мәселесі педагогикалық ғылым мен тәжірибеде өз шешімін толық таба алмай, зерттеу мен ізденуді талап етіп отырған көкейтесті мәселе. Өйткені, қоғамның даму деңгейінен туындаған талаптарға сәйкес білім беруді жаңғыртудың кез-келген мезетінде оқытудағы сабақтастық өзіндік мазмұнға ие болып, әр түрлі деңгейде шешіліп келе жатыр. Дегенмен, бүгінгі таңда теориялық және тәжірибелік тұрғыдан алғанда сабақтастықтың көптеген қорлары қажетті деңгейде ескерілуде деген ағаттық болар.
Бастауыш және жоғарғы буынның алғашқы сыныптары арасында пәнді оқыту ғана емес, тұлғаны тәрбиелеп қалыптастырудағы сабақтастық мәселесін жүзеге асыруда елеулі кемшіліктер орын алуда. Жалпы алғанда, оқытудағы сабақтастық ұғымы педагогикалық әдебиеттерде жүйелілік үрдісінің тармағы ретінде қарастырылады. Әдіснамалық тұрғыдан алғанда, сабақтастық оқу-тәрбие үрдісіндегі өзіндік көріністі сипаттайды, яғни ескінің жаңамен алмасуын, жаңаның құрамында ескінің қолданыс табуын және оның жақсы жақтарын сақтай отырып үйлесімді дамуын, ілісе жалғасуын білдіреді. Сондықтан да оқытудағы сабақтастық оқыту процесінің құрамаларының бәріне тән, атап айтқанда, оқытудың мақсаттары мен міндеттерінің, мазмұны мен әдістерінің , құралдары мен ұйымдастыру формаларының арасындағы қажетті байланыстарды білдіреді. Сонымен бірге сабақтастық түрлері де ажыратылады. Олардың қатарында: бастауыш және орта буындағы пәндерді оқытудағы сабақтастық байланыстары, пәнішілік және пәнаралық сабақтастық байланыстары, тақырып немесе тарату материалдарының арасындағы байланыстары және т.б.
Сабақтастық байланыс екі жақты құбылыс, яғни, бұл мәселені төменнен жоғары бағытта қарастырса, ілгері жылжуды, дамуды және алдағы мақсат пен міндеттерге бағдарлануды, ал жоғарыдан төменгі бағыттан қарастырса, оқушылардың игерген тәжірибесін әр алуан іс-әрекеттерде тиімді және орынды қолдануды сипаттайды.
Келесі бір ескертетін жай пәнді оқытудағы сабақтастық байланыстар мемлекеттік білім стандарттарында, оқу бағдарламаларында, оқу және әдістемелік құралдарда шешімін табуы тиіс. Бұл оқу әдістемелік кешенді әзірлейтін авторлар тобының құзырында.
Өкінішке орай, бастауыш және орта буын сыныптарына нақты пән бойынша дүниеге келген оқу-әдістемелік кешендерде анықталған сабақтастық байланыстардың оңтайлы жүзеге асырылуы, мұғалімдердің теориялық және әдістемелік дайындық деңгейіне, сондай-ақ, шығармашылық ізденісіне және кәсіби шеберлігіне тәуелді.
Бастауыш және орта буын арасындағы сабақтастықты әр пәнді оқытуға байланысты саралай, тиімді пікір айту-мамандардың міндеті. Оқытудағы сабақтастықты іске асыруда екі бағыттағы тұжырымға тоқталайық: біріншісінде, оқу-әдістемелік кешенмен жан-жақты танысуға, ал, екіншісінде, пәнді оқыту тәжірибесін байқау және бақылау барысында жинақталған нәтижелерге сүйенеміз.
Оқудағы сабақтастықты жүзеге асырудың бастауы нормативті-құқықтық және ресми құжаттарда ( білім стандарты және оқу бағдарламалары), оқыту құралдарында (оқулықтар, дидактикалық материалдар, оқу-әдістемелік құралдар) жоспарланған байланыстар жобасынан алады. Сонда тәжірибеде іске асырылатын қажетті және тиісті сабақтастық байланыстардың объективті алғы шарттары түзіледі. Осы тұрғыдан алғанда бастауыш мектепте оқытудың жалпы және нақты мақсаттары мен міндеттері анықталып, білімдік, тәрбиелік және дамытушылық пен практикалық (қолданбалы) бағыттар бойынша тиянақты тұжырымдалған, ал орта буынға қатысты осылар жайында ештеңе айтылмаған. Осының өзі бастауыш және орта буын мұғалімдерінің ара-қатынасының түсінісуіне ұласуға кедергі келтіруде.
Оқытудағы сабақтастықты жүзеге асыруда орын алып отырған кемшіліктер субъективті көзқарастан немесе түсініспеушіліктен туындап отыр. Сондықтан, осы мәселе бойынша мектеп басшыларының, бастауыш және орта буын мұғалімдерінің, әдістемелік бірлестіктер жұмысын жандандырып және жаңғыртып, қажетті ұйымдастыру шараларын жүзеге асыру нәтижесінде осы мәселенің тәжірибесін қойып жандандыруға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет