Жиналыс мақсаты: ата-аналарды болашақ 5-сыныптықтардың бейімделу кезеңіндегі қиыншылықтармен таныстыру.
Жиналыс міндеті: Ата-аналарға баланың отбасындағы мәртебесінің өзгеруіне дайындалуына және баланың оқу қызметіндегі жаңа жағдайға көшуінің мәнін түсінулеріне көмектесу.
Ата-аналарды сынып жетекшісінің сыныптағы қызметінің негізгі бағыттарымен таныстыру.
Өтпелі кезеңде оқытудың оң уәждемесін жасауға көмектесу.
Жиналысқа дайындық жұмыстары: Жиналысқа дайындық жұмысы оның басталуынана біраз күн бұрын жүргізуді қажет етеді. Болашақ бесінші сыныптықтардың болашақ сынып жетекшісімен танысуынана басталады.
Мектеп әкімшілігі болашақ 5-сынып жетекшісін алдан-ала белгілеп қоюы қажет. Ол 4- сынып оқушыларымен және мұғалімімен бірге әртүрлі шаралар, сынып сағаттарын өткізеді. Өз пәні бойынша 4- сыныпта бірнеше рет сабақ өткізуі керек. Біртіндеп ата-аналармыне таныса бастайды.
Жиналыс басталғанаға дейін болашақ бесінші сыныптықтар барлық пән мұғалімдерімен танысып үлгерген, мұғалімдер де әрбір балаға тиісінше мінездеме бере алатын жағдайда болу қажет. Сондықтан мұғалімдерге алдын-ала сауалнама таратылып, оның жауаптары тақырып бойынша жиналысқа дайындықты жоспарлауға көмектеседі.
Сіз оқытатын пән бойынша оқушының қиналыс танытуының себебеі нелкітен деп ойлайсыз?
Сіз оқытатын пәнді игерудегі қиындықтарды жеңу үшін оқушылардың ата-аналарына қандай ұсыныс айтар едіңіз?
Оқушыларға жедел көмек көрсетудің қандай түрігт ұсынар едіңіз?
Сауалнама болашақ 5- сыныптықтардың оқу әрекетінің уәждемесін жоғалтуына байланысты жағымсыз тенденцияларды дер кезінде жеңе білуге көмектеседі.
Оқу барысындағы қиын сәттер сынып жетекшісі мен пән мұғалімдерніе бірден байқала қоймайтындықтан, жиналыс болардан 2-3 күн бұрын ата-аналарға сауалнама жүргізіледі. Сұрақтарға қайтарлыған жауаптар балалардың оқуға тезірек бейімделуіне көмектеседі:
Қандай оқу пәндері сіздің балңызға оңай түседі?
Сіздің балаңыз қандай оқу пәндерінене үй тапсырмасын орындаған кезде қиналады?