Бастауыш сыныпта сын есімді оќыту


-сабақ. Тақырып: Қарсы мәндес сын есімдер



бет23/43
Дата31.12.2021
өлшемі433 Kb.
#22657
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   43
Байланысты:
Дип.-Бастауыш-сыныпта-сын-есімді-оқыту

2-сабақ. Тақырып: Қарсы мәндес сын есімдер.

Оқушылар кезекпен сөйлемдерді оқып, тапсырма бойынша істеген жұмыстарын айтады. Мысалы, Жол ортасына келдік деген сөйлемді оқып, оқушы мұнда сын есім сөз жоқ деп айтады. Осы ретте сөйлемнің мағынасын анықтағын жөн. Бұл сөйлемде жол ортасы деп отырғаны жолаушы шыққан жер мен жетер жердің ортасы екені түсіндіріледі.

Аспанда қою бұлт тұлшалап, төңірек түнерді деген сөйлем оқылып, оқушы: «Қою - сын есім, қандай? деген сұрақ қойылады. Бұл сөз бұлт деген сөзбен байланысып тұр, соның сынын білдіріп тұр»,-деп түсінік береді. Мұғалім оқушылардан тұлшалап, түнерді деген сөздердің мағынасын анықтайды: тұлшалап - еш саңылау қалдырмай жабу, бүркеу дегенді білдіреді; түнерді – күн қатты бұлттанып, қараңғы тартқанды немесе кісі қатты аушланғанды білдіру үшін жұмсалады: Атам түнерді.

Осы жаттығуға байланысты тағы бір ескертетін жағадай: түнерді, қақ жарып сияқты сөздерді, сөз тіркестерін оқушылар орфоэпия нормасына сай оқуды ұмытпауы керек (айтылуы түнерді, қақжарып).

Мұғалім «Қарсы мәндес сын есімдер» деген тақырып оқылатынын ескертеді де, қарсы мәндес сын есімдер туралы ережені оқуды, 327-жаттығудың бірінші тапсырмасын орындауды ұсынады.

Тапсырманы орындап болған соң, оқушылар сөздерді жұп-жұбымен оқып, олардың мағыналық қатынсын айтады.

Мұғалім: Бұл сөздер мағына жағынан қандай сөздер?

Оқушы: Бұл сөздердің мағыналары біріне-бірі қарсы.

Мұғалім оқушыларға ережені айтқызады, соңынан: «Қарсы мәндес сөздерді ретімен жазған дұрыс, алдымен ұнамды мағыналы, артық сапаны атайтын сөзді жазу керек»,-деп ескертіп, оны жаттығу арқылы дәлелдеп көрсетеді.

Оқушылр 328-жаттығудың екінші жартысын орындайды, жазғандарын оқйды. Мұғалімнің қарсы мәндес сөздердің аталған ретпен жазылған-жазылмағанын ескереді.

Бұл тақырып сөздердің мағына қатынасын таныту үшін, тілдегі осы заңдылықтарды білдіру үшін өтіледі. Сонымен бірге тақырыпты оқыту оқушылардың сөздік қорын байытуға, ойын ұштауға көмектесді. Мұғалім осыны ескеріп отыруға тиіс.

3-сабақ. Тақырып: Қарсы мәндес сын есімдер.

Үйде орындаған жаттығуды оқушылар жұп-жұбымен оқиды. Әр топты оқығанда, мұғалім қарсы мәндес сөздердің дұрыс жұпталуын, олардың айтылу ретінің дұрыс болуын қадағалайды.

Ең жақсы құрылған сөйлемдерді атап, оларды оқытады, сын есімнің қай сөзбен байланысып тұрғанын айтқызады. Оқушылар ережені айтады.

Тақырыпты пысықтау үшін, 329-жаттығу орындалады.

Келесі орындалатын - 331- жаттығу. Тапсырманы оқытып, мұғалім сөздерді ретімен көшірудің мәнін анықтайды. «Мына сөздер малды жасына қарай атап тұр. Көшіргенде, қай ретпен жазамыз, үлкенінен бастаған дұрыс па, жоқ кішісінен бастап жазған дұрыс па? Әр сөздің мағынасы анықталады.

Оқушылар сөздерді жазған ретімен оқиды, қажет болса, түзетіледі.

Үйге 332-жаттығудағы сурет бойынша әңгімен құрап, оны жазып келу тапсырылады. Мұғалім оқушыларға еменді суреттеп жазғанда, оның бейнесін суреттен алған әрерлеріне сай айтып жазу керек екенін ескереді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет