4-сабақ. Тақырып. Дара, күрделі сын есімдер.
Үй жұмысын мұғалім былай тексереді. Ол аралап жүріп, оқушылардың шығарманы қалай жазғанын көріп шығады, шығармалрды үйге алып тексереді. Оқушыларды ауызекі сөзге төселдіру үшін, екі-үшеуіне әңгімені айтқызады. Әңгіменің мына үлгіге жуық болғаны жөн.
4.Сын есімнің мағыналық түрлері.
Сабақтың мақсаты: Білімділік. Сын есімдердің мағыналық ерекшелігін таныту, жасау жолдары ажыратуды білуді меңгерту.
Тәрбиелік: Сөздің мағынасына мән беруге тәрбиелеу.білім алуға, оқуға деген құштарлық сезімінің артуына ықпал ету.
Дамытушылық: Оқушылардың ой қабілетіне әсер ету арқылы өздігінен жұмыс әрекеттерін дамыту. Тақырып, ізденімпаздық, алған білімдері пайдалана білу қасиеттерін арттыру.
Сабақтың түрі: білім, іскерлік дағдыны жетілдіру сабағы.
Әдісі: түсіну, тану, қолдау, ой қозғау, ізденіспен жұмыс істеу.
Көрнекілігі: сабақ эпиграфына алынған сөз, тірек-сызба плакат, үлестірмелі қағаздар, тірек-сызба кестелер.
Достарыңызбен бөлісу: |