Пәнаралық байланыс: әдебиет, әдеп, бүгінгі өмір.
Сабақ барысы
1 Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу
Сабақты әдеттегідей бір оқушы өлең жолдарымен бастайды.
Қазақ тілі ата-анаң,
Қуат алар Отан да одан.
Дүниеде ешбір асыл,
Тең келмейді қатар оған.
Дұшпаның да бас иетін,
Тілің ұлттық қасиетін.
Мұғалімің кіріспе сөзі.
Досымыз түгіл, дұшпанымыз да бас иетін, ұлттық қасиетімізден саналатын тіліміз туралы сыр шертер тағы бір қазақ тілі сабағын бастаймыз.
2.Үй тапсырмасы сұрау.
Өтілген тақырыпты еске түсіру.
Сын есімнің жасалу жолы туралы сұралады. Үйге берілген жаттығу, қосымша талдау жұмыстар тексеріледі.
3.Жаңа сабақ
Сабақтың мақсаты түсіндіріледі.
Сабақтың эпиграфына алынған сөзбен жұмыс.
«Көкірегі сезімді, көңілі ойлыға, бәрі де анық тұрмай ма ойлағанда».(Абай)
Сөздерден сын есімді тап.
Адамның қандай қасиеттері көрсетілген?
Оқушы жауабы тыңдалады.
Сезімді, блімді, талапты адамның түсінетіні де, көретіні де мол болатындығын сөз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |